Ашық сұрақтар
Топтарға сұрақтар беру арқылы диалогқа түседі.
1.Қайнау дегеніміз не?
2. Меншікті булану жылуын қалай түсіндің?
3.Қайнау температурасы дегеніміз не?
4. Су қайнар алдында қандай дыбыс естіледі?
«Сиқырлы сөздер»
Бірнеше сөздер беріледі. Сол сөздердің арасынан бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөзді тауып айтыңыздар.
1) паремутрате 2)шеніктім 3)шәбі
4)лунуба 5) нақайу 6)квалатов
7)бейкаліклұы
Жауабы: температура; меншікті; Әбіш; булану; қайнау; автоклав; Кекілбайұлы.
Сонымен балалар бүгінгі тақырыпқа қатысы жоқ сөз Әбіш кекілбайұлы -75 жаста. Ол көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы. Маңғыстау олбысы Маңғыстау ауданы, Онда ауылында 1939 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келді. 2002 жылы ҚР Парламент Сенатының депутаты болды. 2009 жылы «Сыр- десте» ой-толғаулары 5 томдық жинағы жарыққа шықты. 1986 жылы Қаз ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында. Осы жазушыға арнап жергілікті тілшіміз Рза Оңғарбайдың жазған өлеңі:
Жүрген жоқсыз әрдайым қасымызда,
Алматы асып кеттіңіз жасыңызда.
Адамзаттың білімі сыйған білем.
Мына сіздің алтындай басыңызға.
Болғаннан соң теңерім, телегейім,
Дарияға қалайша теңемеймін.
Ғылымменен білімнің мұхитына,
Жүзіп кете бересіз кемедейін.
Талай тантық талқыға түсіп көрді,
Қаппақ болды, күпінді, ісіп көрді.
Бұл қазақ көзі көрмей сенбес еді,
Ағамыз алыптармен теңдес еді.
Ортаймайды сіз барда көңіліміз,
Ұзақ болсын Әбеке өміріңіз.
Тірі әулие деп елің тіркеп қойған,
363- ші нөміріңіз.- деп сабағымызды қорытындылаймыз.
|