Ньютонның үшінші заңы: бір дененің екінші денеге әсері - өзара әсер сипатында болады, денелердің өзара әсер күштері модульдері бойынша тең және бағыттары бойынша қарама-қарсы болады, яғни
. (1.4)
Бұл күштер әртүрлі денелерге әсер етеді, сондықтан денелер қозғалысқа келеді. Күштің әсер ету нүктесін дәл анықтау, оның физикалық шама ретінде ерекшелігін көрсетеді.
1.2. Үйкеліс күші
Үйкеліс сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Екі жанасатын дененің салыстырмалы орын ауыстыру кезіндегі туындайтын үйкелісті сыртқы үйкеліс деп атайды. Егер жанасатын денелер бір-біріне қатысты тыныштықта болса, онда тыныштық үйкелісі жайлы айтуға болады. Егер денелер бір-біріне байланысты орын ауыстырса, онда сырғанау үйкелісі және дөңгелеу үйкелісі пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |