Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет30/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


15 минут



Бой сергіту жаттығулары.
Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы


20 минут



(Б, Т, Ф) «Өрмелеумен және қайта өрмелеумен эстафета». Оқушының дабылы бойынша әр команданың бірінші ойыншылары бөренеге жақындайды, гимнастикалық қабырғаға жүгіріп шығады, одан түседі, қолдарымен 2-2,3 м биіктікте ілінген жалауды ұстайды, төмен түседі және қайта келіп, бөрене арқылы қайтадан өрмелейді. Бұдан соң ойынға жаңа ойыншылар кіріседі, ал қайтқандары өзінің бағанының соңына тұрады және т.б. Эстафетаны ерте аяқтаған және ережені аз бұзған команда жеңіп шығады.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Зал ортасына арқан тастау арқылы залды екіге бөледі. Командалардың арқайсысы өз алаңына орналасады. «Жүгір!» деген білгі бойынша балалар өз алаңымен тым-тырақай жүгіре жөнеледі. «Ауысыңдар!» деген белгі бойынша командалар орын алмасады. Қарсы жаққа толық құрамда бірінші жүгіріп өткен команда жеңімпаз болады «Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Үлкен бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. Гимнастикалық орындық, швед қабырғасы, жалаушалар, гимнастикалық төсеніштер.


Бор
Арқан


Ысқырық


Доп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет