Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп



бет35/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:№174


Күні:17.10.2017 Мұғалімнің аты-жөні:Рахманбердиев Қ.
Сабақ №20
Сынып: 3 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Командалық ойындардағы көшбасшылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2. Мақсатқа қол жеткізу үшін командалы қ жұмыстағы көшбасшылық дағдылар

Сабақ мақсаттары

3.2.2.1 командалық жұмыстағы көшбасшылық дағдыларды қолдану.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету

Тілдік мақсаттар

Қозғалу ойындарының қозғалу дағдыларын қалай дамытатынын түсінуді сипаттау және көрсету

Құндылықтарды дарыту

Өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда, ересектерден білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де іс-әрекеттерді орындау кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыруды

Пәнаралық байланыстар

Ана тілі, математика

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, проектор



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


15 минут



Бой сергіту жаттығулары.
Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы


20 минут



(Б, Т, Ф) Оқушылар «Тез жүретін бұғылар» ойынын ойнайды. Мұғалім бастап жүретін төртеуді сайлайды – бұлар «қасқырлар», қалған қатысушылар «тез жүретін бұғылар». «Қасқырлар» екі топқа бөлінеді: екі «қасқыр» «қуалаушылар», қалған екеуі «торуылда» отырады. Мұғалімнің дабылы бойынша «бұғылар» «қасқырлардан» алаңның келесі жағына қашады. «Қуалаушы» қасқырлар алаңның барлық жерінен «бұғыларды» ұстайды, ал «торуылдаушы қасқырлар» – тек залдың орта сызығында отырады. Әрбір жүгіріп өткеннен кейін ұсталған «бұғылардың» саны есептелінеді, одан кейін олар қайтадан алаңдағы орынға келіп, ойынды қайта жалғастыруы мүмкін.
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы әрбір қызмет үшін. ысқырық, секундомер.


Ысқырық


Доп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет