Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет107/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ

Сабақтың ортасы
20 минут


(Ж, ЖЖ, Ф) «Кегльдерді құлату». Оқушылар жұптарға бөлінеді. Ойын екі кезеңде өтеді. Бірінші этап: -оқушылар, еденде отырып (гимнастикалық матта), аяқтары екі жаққа, қолында допты ұстайды. Еденде домалату арқылы кегльдерді құлатуы керек. Екінші кезең: -оқушылар түрегеп тұрып, доты еденмен домалатып кеглбдерді құлату керек.
(ЖЖ, Т, Ф) Оқушылар командаларға бөлінеді. Олар сөре сызығының сыртына тізбекке тұрады. Сөре сызығынан 4-6 м қашықтықта әр команданың қарама-қарсы жағында шеңбердің ішіне кегльдер қойылады. Әр командаға теннис доптары беріледі. Белгі бойынша бірінші оқушылар допты кегльдерге тигізуге тырысып лақтырады. Бұдан кейін олар доптың соңынан тез жүгіріп, оны екінші ойыншыға қайтарады. Құлаған кегльдерді шеңберге қояды. Екінші ойыншы біріншінің іс- әрекетін қайталайды. Құлаған кегль үшін команда бір ұпай алады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған және барынша көп кегль құлатқан, яғни көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. СЕРГІТУ СӘТІ.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Мұғалімге ысқырық, гимнастикалық маттар, фишкалар, нығыздалған доптар, кегльдер.


Үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге ысқырық, фишкалар, теннис доптары, кегльдер.

Ысқырық


Доп





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет