Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет121/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ

Пәнаралық байланыстар

Ана тілі, математика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


15 минут



1. Сапқа тұрғызу
Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру.
- аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
- қол желкеде, өкшемен жүру
- отырып жүру
4. Жүгіру.
- баяу жүгіріс
- сол жақ иықтан секіре жүгіру
- оң жақ иықтан секіре жүгіру
- қиылысты жүгіріс, жылан жүгіріс
5. Жалпы дамыту жаттығулары.
Б. қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басты 1 – 2 алға артқа, 3 – 4 оңға солға бұру
Б. қ. негізгі тұрыс, қолды алға созып айқастыру, 1 – 2 оңға, 3 – 4 солға
Б. қ. жұдырық түйюлі қолды 1 – 2 жоғары, 3 – 4 төмен

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы
20 минут

(Б, Э) «Секіру». Шеңбер сызылады. Жүргізуші шеңбер ішінде ал қалған ойыншылар шеңбер сыртында орналасады. Мұғалім белгісі бойынша олар шеңберге секіріп кіріп, секіріп қайта орнына орналасады. Жүргізуші тек шеңбер ішіндегі ойыншыларды ғана қолмен тигізе алады. Ойын кезінде жүргізуші қолын тигізетін болса ол жүргізушінің қызметін атқарады. Ойын осылайша 5-6 рет қайталанады.
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік. Мұғалімге ысқырық, бор.

Ысқырық


Доп





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет