Бой сергіту жаттығулары. Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.
Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.
Сабақтың ортасы
20 минут
(Ж, Т, Ф) «Төмпешіктердегі аңшылық». Сынып екі топқа бөлінеді. Залдың ортасы құрал-жабдықтардан босатылған және шартты түрде «батпақ» болып аталады. Оның «жағалаулары» алаңды шектейтін ұзын жіппен сызықтар сызылады. Олардан кейін үрленетін доптармен «аңшылар» тұрады. Қалған ойыншылардың жартысы «бақалар» (6-10 адам) «батпақтың» ішінде «төмпешіктерде» орналасады. «Төмпешіктер» - гимнастикалық шеңберлермен (әр «бақаға» бір-бірден) немесе гимнастикалық маттар (екі «бақаға» біреу). Белгі бойынша «аңшылар» «бақаларға» допты тигізу үшін, допты лақтыра бастайды. «Бақалар» доп тимеу үшін өздерінің «төмпешіктерінде» түрлі әрекеттер жасайды(екі жаққа қисаңдайды, отырып қалады, секіреді). Доп тиген ойыншы алаңнан кетпейді, бірақ «аңшыларға» бір ұпай жазылады. Ойын 3 минутқа созылады. Уақыт өткен соң, қарсыластар орындарымен ауысады. Жеңімпаз жиналған ұпай санымен анықталады.
(Ж, Б, Ф) «Тепе-теңдікті жоғалтып алма».Бұл ойында оқушылар командаларға бөлінбей, бір-бірімен жарысады. Гимнастикалық аттың(гимнастикалық жәшіктің) биіктігінен кезекпен секірулер орындалады. Ойыншы төменге секіргеннен кейін келесі ережелерді орындау керек: орында қалу, гимнастикалық матқа қолын тигізбеу. Ойын барысында секіруді орындаудың бірізділігі орнатылады. Секірудің түрлері біртіндеп күрделене түседі. (мысалы, жиналуда, шалқайып, аяқ екі жаққа, шалқая 180° бұрылу және т.б.). Алдын ала белгіленген секірудің күрделік шыңына жеткеннен кейін, ойыншылар оларды орындалу ретін керісінше орындайды(күрделіден қарапайымға). 2 нұсқасы. Ойыншы қолына теннис добын ұстап, төмен секіреді. Түсіп бар жатқан кезде допты секіру орындалып жатқан жерден 5-7 м қашықтықтағы нысанаға лақтыру керек. Келесі жағдайда әріптесі белгі бойынша немесе жүргізуші допты лақтырады, ал секіріп түсуші, секіріп, түсіп бара жатқанда допты қағып алып, орнына тепе-теңдікті сақтай отыра түсу керек.
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.
Гимнастикалық ағаш ат, гимнастикалық мат, теннис добы. Қозғалмалы ойындары