Сабақ №1 Сынып: 3 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп



бет57/132
Дата10.01.2023
өлшемі447,48 Kb.
#165290
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132
Байланысты:
3 КМЖ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:№174


Күні:17.11.2017 Мұғалімнің аты-жөні:Рахманбердиев Қ.
Сабақ №31
Сынып: 3 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аэробика элементтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2 Қозғалыс әрекетіндегі дене қыздыру және қалыпқа келтіру



Сабақ мақсаттары

3.3.2.1 - қозғалыс әрекетіндегі дене қыздыру және қалыпқа келтіруді көрсету

Бағалау критерийлері

Оқушылардың бойында өзіне, құрбысына деген құрмет, жауапкершіліктің қалыптасуына ықпал ету

Тілдік мақсаттар

Гимнастикалық қозғалыс дағдыларын көрсету

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Ана тілі, математика

АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, проектор

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


15 минут



Бой сергіту жаттығулары.
Біреуден сапқа тұру.
Сапта әдеттегі адыммен, оң және сол бүйірмен қосымша адыммен жүру.
Орташа қарқынмен жүгіру, тізелерді жоғары көтеріп жүгіру.
Жүгіруден кейін тынысты қалыпқа келтіру.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санамақ айтуды ұсынады.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы


20 минут


(Б, Ж, К, Ф) Оқушылар әуенмен «Летка-Енька» кешенін орындайды. 1) Оң аяқты 2 рет жанына сермеу, сол аяқта секіру арқылы;
2) Сол аяқты 2 рет жанына сермеу, оң аяқта секіру арқылы;
3) Екі аяқта секіру алға, артқа, және 3 алға;
4) Екі аяқта секіру оңға-солға (Б, ЖЖ, К, Ф) Оқушылар «Лягушечья ламбада» кешенін әуенімен жұптарда жұмыс істей орындайды.
1) Бір орында «ламбада» адымдары
2) 3 адым оң аяқпен алға, төртінші адым сол аяқпен алға-артқаалға.
3) 3 адым сол аяқпен алға, төртінші адым оң аяқпен алға-артқаалға.
4) 2 қайшыланған адым оңға
5) 2 қайшыланған адым солға
6) Қол белде, оңға-солға қисаю әуенге ілесе.
7) Қол белде, алға еңкею, артқа шалқаю әуенге ілесе.
8) Қолды дененің алдында бүгіп ұстап айналу
«Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,— бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.

Әуенді кешен



Ысқырық
Доп



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет