2. Жұмыстың барысы.
Нерв-ет препаратын дайындап алады да, оны миографқа бекітеді. Электростимулятормен шонданай нервін тітіркендіреді – бұл жанама тітіркендіру. Содан кейін тоқпен бұлшық еттің өзін тітіркендіреді. Тәжірибе нәтижесін миографқа жазып алады да, тітіркендіру әдісіне байланысты бастапқы күштің (табалдырықтың) өзгеретінін дәлелдейді.
Бұлшық еттің жекеше және сіріспе жиырылуын жазу.
3. Жұмыстың барысы:
Дайындалған нерв-ет препаратын миографка бекітеді.
Еттің дара жиырылуын бақылау үшін – кимографты тез айналатын жылдамдыққа қойып, шонданай нервін секундына 5-6 рет жиілікпен тітіркендіреді. Тісті тетанусты бақылау үшін бұлшық етті секундына 15-20 рет жиілікпен тітіркендіреді, ал тегіс тетанус алу үшін бұлшық етті секундына 25 реттен көп жиілікпен тітіркендіру керек.
Алынған қисық сызықтарға талдау жасап, миограмманың бейнесін түсіріп алады. Тітіркендіру жиілігіне байланысты еттің жиырылу сипатының өзгеру себебін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |