3.Есту өткірлігін анықтау.
Есту өткірлігі шамасы есту табалдырығына байланысты. Есту табалдырығы неғұрлым төмен болса, есту өткірлігі соғұрлым жоғары болады.Есту табалдырығы дегеніміз құлақ қабылдайтын дыбыустың ең аз күші. Есту өткірлігі шамасын зерттелушінің сыбырды еститін аса ұзақ ара қашықтық бойынша анықтауға болады. 5 м қашықтыта сыбырлаған сөзді жақсы естісе есту өткірлігі қалыпты деп есептеледі.
Зерттелуші барынша кең және бөгде шудан біраз оқшауланған бөлменің керегесіне қараған құлағын алақанымен жауып керегеге қырынан тұрады. Зерттелушіден 5м қашықтықтағы адам демін сыртқа шығарып, демін шығарысыменекі таңбалы санды сыбырлап,блірақ ретсіз айтады.Зерттелуші әрбір санды дауыстап қайталайды. Егер ол қателессе жақынырақ барып сол санды қайталайды. Зерттелушінің сандарды дұрыс қайталайтын ең қашық аралық құлақтың есту өткірлігі болып есептеледі.Зерттелушіні басқаша тұрғызып, екінші құлағын алақанымен жаптыцрып тәжірибені қайталайды. Екі құлақтың есту өткірлігін салыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |