Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: Тарихи фонетика
Тапсырма: Дауысты дыбыстар төмендегі принциптер бойынша жіктелуімен танысыңыз:
1.Дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.Ашық (а, е, о, ө). Қысаң (ұ, ү, ы, і).
2.Жуан және жіңішке айтылу принципі бойынша дауыстылар бір – біріне жұп екі топқа бөлінеді:А, о, ұ, ю, ы, я – жуан; е (ә), ө, у, і – жіңішке фонемалар. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында осы принцип түшел сақталмайды. Бірсыпыра тілдерде жуан дауысты а – ға екі түрлі жіңішке дауысты – е, ә сай келеді. Бұл ерекшелік қазіргі қазақ, әзербайжантілдеріне ғана тән.
3.Дауыстылар еріндік және езулік болып бөлінеді. Еріндік дауыстылар түркі тілдерінің барлығында кездескенімен, көбінде, сөз ішінде бірінші, екінші буындарда аспайды.
Әдістемелік нұсқау:
1. Тарихи фонетиканың зерттеу объектісіне тоқталыңыз?
2. Фонеманың мәні мен тарихи жіктелуін айтыңыз?
3. Дауыстылар жүйесі дамуының ерекшеліктерін түсіндіріңіз?
4. Жеке дауыстылардың дамуын айтыңыз?
Әдебиеттер:
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, Ғылым, 1988.
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 2002.
Тектіғұл Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 2012.
Практикалық сабақ №4
Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Тапсырма:
1. Дауыссыздар жүйесі дамуының негізгі ерекшеліктерін айтыңыз?
2. Жеке дауыссыз дыбыстардың тарихи өзгерістеріне тоқталыңыз?
3. Протеза, эпентеза, элизия құбылыстарына анықтама беріңіз?
Әдістемелік нұсқау: Жалпы түркілік консонантизм мынадай принциптер бойынша әр түрлі топтарға жіктелінеді:
Жасалу орнына қарай: (еріндік, тіс, тіс-ерін, тіл арты, тіл алды, көмей, тіл ортасы).
Дауыстың қатысына қарай: (шұғыл, ызың).
Түркі тілдерінің тарихи фонетикасын зерттеушілердің біразы сөз басында ұяң дауыссыздардың қолданылуын жалпы түркілік масштабта түркі негіз тілінің ыдырау дәуірінде орныққан құбылыс деп есептейді. Ал сөздің абсалют басындағы қатаң дыбыстардың айтылуы түркі тілдерінің тарихында өте ескі ежелгі құбылыс болса керек.С. Е. Малов жіктеуінде қатаң дауыссыздардың қолданылуы тіл құрамындағы ежелгі заңдылықтың, сипаттың сақталуының белгісі деп қаралғандығы мәлім.
С.Маловтың тұжырымдамасымен танысыңыз.
Әдебиеттер:
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, Ғылым, 1988.
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 2002.
Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-словарь, 1998.
Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. - М., Наука, 1972.
Шипова Е.Н. Словарь тюркизмов в русском языке. –Алма-Ата, Наука, 1976.
Тіл білімі сөздігі. – Алматы, Ғылым, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |