Сабақ №1 Тақырыбы: Экологиялық туризмнің дамуының мәні мен маңызы Жоспары: 1



Pdf көрінісі
бет6/48
Дата14.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#126583
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Туризм практика

            Ғылыми-зерттеу қызметi 

19.  Мемлекеттiк  қорықтардағы  ғылыми  зерттеулер  экологиялық  жүйенiң  табиғи 

дамуына  ұзақ  уақыт  бақылау  жасау  жолымен  барлық  деңгейдегi  табиғи  кешендердiң 

биологиялық  әртүрлiлiгi  мен  тұтастығын  зерделеу  мен  сақтау  мақсатында,  сондай-ақ 

аумақтағы экологиялық жағдайға болжамды баға беру, табиғатты ұтымды пайдалану жөнiнде 

ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүзеге асырылады. 

20. Қорықтардағы ғылыми жұмыс өзiне зерттеулердiң мынадай мiндеттi бағыттарын: 

қорық аумағының барлық табиғи болмысын қартаға түсiру негiзiнде түгендеу; 

қорықтың  үлгiлi  экологиялық  жүйесiн  және  аумақ  маңынан  соған  ұқсас  тиiстi 

түрлерiн айқындау; 

табиғи өзгерiстердi  қадағалау, "Табиғат шежiресiн"  жазып жүру, экологиялық жүйе 

мен оның құраластарының табиғи және антропогендiк динамикасын зерделеу; 

экологиялық  жүйенiң,  организмдердiң  жекелеген  топтарының,  құрылымының 

заңдылығы мен iс-әрекетiн, оларға орта факторларының, экологиялық жүйе құраластарының 

өзара байланысының әсерiн зерделеу; 

қорық пен оның маңындағы аумақтың экологиялық жүйесiн және гендiк қорын сақтау 

мен қалпына келтiруге бағытталған ғылыми ұсыныстарды әзiрлеу бағыттарын қамтиды. 

21. Мемлекеттiк қорықтардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын штаттағы қызметкерлер 

мен  ғылыми-зерттеу  мекемелерiнiң  және  тиiстi  бейiмдiктегi  жоғары  оқу  орындарының 

мамандары қорықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары бойынша да, сондай-ақ 

белгiленген  тәртiппен  келiсiлген  қорықтың  жалпы  бағдарламалары  бойынша  шарттық 

негiзде де жүргiзедi. 

22.  Қорық  жанынан  ғылыми-техникалық  кеңес  құрылып,  ол  директордың 

бұйрығымен бекiтiледi. Кеңес туралы ереже және оның құрамы қорық қызметiн басқарушы 




мемлекеттiк  органмен  келiсiледi.  Ғылыми-техникалық  кеңестiң  құрамына  штаттағы 

қызметкерлермен бiрге, негiзгi  тақырыптардың ғылыми жетекшiлерiн қосқанда ғылымның 

тиiстi салаларының, бөгде ұйымдардың мамандары кiре алады. 

23. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен тақырыптарын бекiту мен 

орындалуын  одан  әрi  үйлестiрудi,  олар  қорықтың  ғылыми-техникалық  кеңесi  мен  тиiстi 

академиялық институттың ғылыми кеңесiнде қаралған соң, қорықтың қызметiн басқаратын 

мемлекеттiк  орган  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  ғылым  академиясымен  бiрлесе 

отырып жүзеге асырады. 

24.  Қорықтардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  жоспарлары  бойынша  жабайы 

аңдарды аулау, санитарлық мақсатпен ату және ен салу, өсiмдiктер мен коллекциялар жинау 

табиғи  ресурстарды  қорғау  мен  пайдалану  жөнiндегi  мемлекеттiк  бақылау  органдарының 

рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 

25.  Мемлекеттiк  қорықтарда  ғылыми  деректер  жиынтығы,  қорлар  және  олардың 

қызметкерлерiнiң  ғылыми  еңбектерi  мен  ғалымдардың  қорық  аумағында  жинаған 

материалдары бойынша атқарған жұмыстарының архивi жасақталады. 

26. Қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша қорытынды есептерi және 

"Табиғат шежiресi" бойынша бесжылдық есептер Қазақстан Республикасының Ғылым және 

жаңа технологиялар министрлiгiне қарасты Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат 

институтында  тiркелуге  жатады,  далада  бақылау  жүргiзудiң  бастапқы  материалдары 

қорықтың архивiне тапсырылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет