Сабақ №1 Тақырыбы: Кіріспе. «Қазақстан құқығы» курсы туралы. Мақсаты: а оқушыларды құқық ұғымымен, құқықтың пайда болу


Оқушылар төмендегі сұлбаны толтырады



бет3/5
Дата22.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#58837
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1548008473
Абылай қоғам 25-26

Оқушылар төмендегі сұлбаны толтырады.
Ұқсастық және даралық
Әкімшілік полицияның Ұқсас міндеттері Криминалдық

міндеттері полицияның міндеттері


Әскери органның міндеттері



Адвокат – міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен (ҚР 13 б) реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегімен көрсететін ҚР-ның азаматы.

Адвокатқа қойылатын талаптар




-жоғары заң білімі бар -қасақана қылмысы үшін сотталған

-заңгер мамандығы бойынша - әрекет қабілеттілігі шектеулі

2ж кем емес стажы бар азамат -адвокаттар алқасынан шақырылған

-арнайы лицензиясы бар азамат -жағымсыз әрекеті үшін

босатылған күннен бастап 1 жыл

бойы құқық органында

жұмыс істеген адам



Венн диаграммасын құру


Адвокаттың өкілеттілігі

Ортақ белгісі

Адвокаттың

қызметі

Лицензиясы,

құқықтары,

Міндеттері,

кәсіби мінез-құлқы формалары,

құпиясы


Заңдылықты сақтау, адам құқықтарын қорғау,

заң көмегін беру



Алқасы,

жарғысы


Органы,

төрағасы


Заң консультациясы,

адвокат кеңесі




«Маған адвокат қызметі керек» ойыны.
Шарты: ойынға 2 оқушы қатысады, 1 –адвокат,2-заңды көмек алуға келген азамат. Адвокат 3-4 мин ішінде өзінің іскерлік қабілетін білдіріп, заң баптарын пайдаланып, кеңес беру қажет.

«Тосын жағдайларды» талдау.


Қорытындылау.

Прокуратура, ішкі істер органдары , тергеу органдары жинақталып келгенде – құқық қорғау органдарының күш құрылымы болып табылады. Ол кімдердің тарапынан болса да,мейлі өз еліміздегі азаматтардың, шетелдік азаматтардың тарапынан болсын заңдардың бұлжымастығын қорғау сақшылары болып табылады.


Үйге тапсырма: Жағдаяттарды баспасөз беттерінен алып дайындап келу.


Сабақ №14

Тақырыбы: Билік бөлісу ұстанымы

Мақсаты:А) Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып,

Қазақстандағы саяси биліктің тармақтары туралы мағлұмат

беру.

Ә) Саяси белсенділігін арттырып, өмірлік көзқарас



қалыптастыру.

Сабақтың типі: аралас



Сабақтың әдісі: Пікіралысу, проблемалық сұрақтар, т.б.

Көрнекілігі: Қосымша материалдар, кестелер, карточкалар т,б,

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа зейінін аудару.

Өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

Жаңа сабақ жоспары:



  1. Білікті болу ұстанымдары

  2. Халық билігінің қайнары

  3. Саяси жүйе дегеніміз не?

Саясат дегеніміз – адамның бұқарамен, қоғамдық бірлестіктермен жеке адамдермен мемлекет және бтлікке қатысты мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі.

Мемлекеттік билікке қатысты бар мәселе саясаттағы ең мәнді мәселе болып табылады.

Саяси жүйе дегеніміз – қоғамдағы билікті жүзеге асыруға тура қатынасы бар, мемлекеттік саяси, және қоғамдық органдар мен мекемелердің жиынтығы.

Қазақстан Республикасында саяси билікті жүзеге асырушы үкімет, сот органдары жатады.

Билік деп – адамдар арасындағы еріктен қатынастардың формасын айтамыз. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік


Қазақстан Республикасының Президенті

Атқарушы билік

Сот билігі

Заң шығарушы билік


Парламент (сенат,мәжіліс)



Үкімет

Сот және соттар төрелігі


Өзіндік жұмыс. Кестені толтыру.

Қазақстан Республикасының Президенті


Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Саяси жүйе дегеніміз не?

2.ҚР-да биліктің неше тармағы бар?

3.Демократия ұғымына түсініктеме бер

4.БАҚ-ты төртінші билік деп те атайды, оның себебі неде?

Қорытындылау

Үйге тапсырма:

Сабақ № 15
Тақырыбы: Құқықтық нормалар неге керек?

Мақсаты:а)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып қоғамдағы

адам тәртіптерін реттеуші нормалар,құқық түрлері туралы

мағлұмат беру.

Ә)Құқықтық сана мен жігерлікті дамыту.

Б)Адамгершілік, инабаттылық қасиетке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас

Сабақ әдісі:Баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Қосымша материалдар, мультимедия, үлестірмелі

карточкалар т.б.



Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, қатынасын алу,

психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау.

2. Оқушылар білімдерін тексеріп өту.

3.Жаңа сабақ жоспары:

1.Құқықтық нормалар

2.Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі
1.Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелігі - оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында.Құқықтың алғашқы элементі, адамның өмірлік қызметі үрдісіндегі өздерін ұстау ережелерінің үлгісі, құқық нормасы деп аталды.
Норма (грек socitas – қоғам,лат. Norma – ереже ,үлгі).Ол әрбір жеке адамға ғана емес, тұтас адамдар топтарына да қатысты. Құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып , адамдар мен олардың ұйымдары сол нормаларды бұзбауға тиіс.
2.Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық қоғам өмірінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қатынастарда реттілік орнатуға бағытталады.Құқық қоғамының саяси өмірінде және әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады.

Құқық азаматтардың өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда мемлекеттік органдар тарапынан нормалардың талаптарын бұзғандарға шара қолданылғанда ғана нақты іс жүзіне асқан болып табылады.


Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Құқықтық норма ұғымының мағынасын түсіндіріңдер?

2.Құқықтық нормалар неге қажет?

3.Құқықтың қоғам өміріндегі рөлі қандай?

Үйге тапсырма: Қосымша материалдар жинақтау.

Сабақ № 17

Тақырыбы: Этика деген не?

Мақсаты: А) Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, адам

бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді , халқымыздың

рухани байлығын сіңірте оытрып, әдеп әліппесі бойынша

ықпал жасау.

Ә)Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге,

адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыру.

Б)Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас



Сабқтың әдісі:әңгіме-сұхбат

Көрнекілігі:қосымша материалдар, суреттер, мультимедиа

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылар қатынасын алу.

2.Оқушыларды жаңа сабақ жоспарымен таныстыру.

1. Әдеп сөзіне түсінік

2.Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны.

3.Әдептіліктің қоғам өміріндегі маңызы

4. Әдептіліктің өркениеттілікке әсері

5.Әдептіліктің рухани өмірге тигізетін әсері.

Сұрақ: - Әдеп дегенді қалай түсінесіңдер?

-Әдептілік қайдан басталады?

1. Әдеп сөзі – қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жинынтық атауы Әдеп дегеніміз – адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық шегінен шықпау. «Әдеп» термині б.з.б. IV ғасырда ежелгі грек пәлсапасында (философиясында) қолданыла бастаған. Ол жеке ғылым саласы ретінде Аристотель еңбектерінде, кейіннен Әл-Фараби шығармаларында әр қырынан баяндалған. Жалпы адамзатқа тән мінез-құлық ережелерін белгілі бір ортақ нормаларға топтастыруға болады. Бұл әдептік нормаларды ешкімнің жарлығымен немесе өкімет шешімімен реттестіруге болмайды, ол әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, т.б. этностық таптаурындар түрінде дамып отырады.

Белгілі бір қоғамда жүйелі тәртіп сақталмайынша, алға жылжу мүмкін емес.Әдеп сөзінің мағыналық ауқымы өте кең.




Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуын әсер еткен факторлар

Аналық рудың пайда болуы



Тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу

Қариялар мен балаларға қамқорлық ету (альтруизм)

2.Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз – кісінің өзі қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, қандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-құлық тәртібіне сай ұстауымен қатар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны қанағаттандыра алуы.

3.Қандай да болмасын қоғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы - әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де «Адам әдепті болуғы тиіс» деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқтырады. Өйткені тәртіп - әдептің бір түрі.

4. Өркениеттілікке жету үшін ең бірінші кезекте, әдептілік, имандылық, инабаттылық, ибалыққа қолл жеткізу керек, бұл жолда күрестен тайынбау қажет. Иә, табаны берік, тұғыры биік мемлекет деңгейіне көтерілу, өркениетті елдермен иық теңестіру дәрежесіне жету үшін шалқар материалдық байлықпен бірге зор рухани байлық, асқақ рух керек. Сезімі биік, рухы берік ел ғана өркениетке жете алады.


5. Әдептілік – адам өмірінің рухани ұйытқысы. Мұның өзі әдеп-инабаттылықтың қаншалықты қажеттігін, оның адам болмысымен біте қайнасып жататынын және оның мәнісі әдептілік сананы қалыптастыру, оның жоғарғы көрінісі- ар-ұжданға, яғни, әдеп-инабаттылық өлшемдерінен бас тартқызбайтын ар-ұжданға ие болу дегенді ұқтырады.
Оқушының өзіндік жұмысы.

«Жалғастыр» ойыны


  1. Үлкен кісіні - ...... (сыйлау керек)

  2. ӘДепті бала - ...... бал (арлы)

  3. Жақсы сөз - ..... ырыс (жарым)

  4. Жақсыдан үйрен – жаманнан ...... (жирен)

  5. Ұлттық тәрбие - ... үлгі (ұрпаққа)


Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: Мысалдар келтіріп, сұрақтар дайындап келу.

Сабақ №18

Тақырыбы:Мораль.Мораль нормалары.

Мақсаты: а)Оқушыларға мораль ұғымының мәнін ашып, түсінік беру.

ә)Тақырып бойынша түсінік бере отырып, моральдық сананы

дамыту.

Б)Оқушылардың моралі жоғары және адамгершілік қасиеттері мол



болып өсуіне ықпал ету.

Сабақ типі: Аралас

Сабақтың әдісі: әңгіме-сұхбат,өздік жұмыс,тб.



Көрнекілігі: Оқулықтар, баспасөз материалдары, тірек-сызбалар т.б.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

Мұғалім шеберлігіне байланысты әртүрлі формада оқушылардан үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақтың жоспары.

1.Мораль дегеніміз не?

2.Моральдың қоғамдағы функциялары.

3.Мораль және құқық.

Мораль (лат.moralis - әдет-ғұрып) дегеніміз – адамдардың бір-бірімен, қоғаммен қарым-қатынастарын анықтайтын адамдардың өздерін ұстау нормаларының жиынтығы.

Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптаса бастады.

Мораль нормалары қоғамдық пікірмен реттеледі.

Мораль

ғұрып

Дәстүр


Жора

Мораль функциялары

Реттеушілік



Танымдық

Тәрбиелік

Мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, құқық мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесі арқылы жүзеге асады. Мораль мен құқық бірін-бірі толықтырады. Құқықтық нормалардың бәрінің моральдық негізі бар.




Оқушылардың өзіндік жұмысы.
1.Төмендегі ұғымдардың пайда болу ретімен орналастыр.

Құқық – мемлекет – қоғам

2.Мына жағдаяттарда қандай нормалар (моральдық па, құқықтық па?)

1.Оқушы автобуста кәрі кісіге орын бермеді.

2.Медет тауық ұрлап, оны сатты.

3.Жүргізуші жол ережесін бұзды.




Венн диаграмасы







Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Мораль ұғымын қалай түсінесің?

2.Мораль мен құқықтың қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?

3.Мораль бұрын пайда болды ма, әлде құқық па?


Қорытындылау.

Құқық моральдың дәйектілігін ,ал мораль құқықтың тиімділігін арттырады.


Үйге тапсырма.

Жағдаяттар ойластырып жазып келу.



Сабақ №19
Тақырыбы: Моральдың негізгі санаттары.

Мақсаты: а)Морлаьдың негізгі санаттарының мәнімен таныстыру.

ә)Оқушының білімдерін дамыту, құқықтың мәдениетін

жетілдіру.

Б)Оқушыларды жоғары моральдық қасиеттерді құрметтеуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас, пікір алысу, пікір талас

Сабақ әдісі:Баяндау, оқушылармен жұмыс, пікір алысу, пікір талас.

Көрнекілігі:Таратпа материалдар, кестелерт.б.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық



жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2.Оқушылар білімін тексеру.

1.Морал дегеніміз не?

2.Моральды қоғамдық сана деп есептеуімзіге бола ма?

3.Мораль мен құқық нормасының ара қатынасы?
Жаңа сабақтың жоспары:

1.Моральды бағалау түсініктері

2.Мораль санаттары

3.Моральдық мұрат
Адамның өзін ұстауына жетекшілік етуге қатысты мораль санаттары деп аталатын бағалаушы ұғымдар қолданады.










Эгоизм (латын.ego. - мен) - өзімшілдік, жеке басының мүддесін басқа адамдардың мүддесінен, қоғамдық мүддеден артық санайтын қағида.

Альтруизм (франц. altruisme , латын. аlter – басқа, бөтен) – қара басының қамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын адамгершілікті қағида. Альтруизм – мағынасы жағынан өзімшілдікке қарама-қарсы санат.

Моральдық мұрат.Әр адамның көңілінде өзі нысана еткен, ардақ тұтатын бейне болады. әсіресе жастар жағы ондай мұраттарға көбірек бой алдырады. Моральдық мұрат адамның өзі өмірде көріп, кездесіп жүрген қадірлі адамдардың бейнесінде, кейде көркем шығармалардың кейіпкері, өнер шеберлері кейпінде болуы мүмкін.

Пікірталас сұрақтары:

  • Қазіргі өмірде альтруизм адамдар көп пе?

  • Эгоизмдік қазіргі өмірде басым ба? әлде?

Мысалдар келтіріңдер.

  • Қандай жаман қасиеттерді көбірек кездестіреміз?


Оқушылардың өзіндік жұмысы.

«Тұрғыда тұр»


Мораль нормаларының бәрі қатаң сақталуы тиіс.

Мораль нормаларының тиімділігіне қарай сақтау керек.

Мораль нормаларын сақтау міндет емес.









Бекіту сұрақтары:

1.Моральдың негізгі санаттарын атаңдар?

2. Моральдық санаттарға сипаттама беріңіздер.

3. Моральдық жауапкершілік деген не?
Үйге тапсырма: Жағдаяттар ойластырып жазып келу.

Сабақ № 20

Тақырыбы: Адам – қоғамның қымбат қазынасы.

Мақсаты: А)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, адам

деген ұғымның мәнін ашу, адамның жалпы сипатымен таныстыру.

Ә) Құқықтық көзқарастарын жетілдіріп,ойлау, сөйлеу, қабілетін

дамыту


Б)Қоғамдық өмірге белсенді араласу қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ әдісі:Баяндау, сұрақ-жауап, пікір

Сабақтың типі:Аралас

Көрнекілігі:Сызбалар, кестелер

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексреу.

2.Өтілген тақырыптар бойынша оқушылар түсінігін тексеру.

1.Мораль дегеніміз не?

2.Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар.

3.Альтруист, эгоист , мұрат ұғымдарының мағынасы қандай?

4.Мораль мен құқық нормаларының ұқсастығын айырмашылығын атаңдар

3.Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Адам мәселесі

2.Адамның басты нышандары

3.Адам-қоғамның қымбат қазынасы


Сонау алыс ракеталарды бетке алып,

Талай-талай ракеталар кетті ағып,

Сенсің, Адам,-менің жарық жұлдызым

Саған ғана жетсем болды, тек барып!

Расул Гамзатов.

Адам –жерде мекен ететін тірі организмнің жоғары сатыда дамыған түрі, қоғамдық-тарихи қызмет мен мәдениет субьектісі, биоәлеуметтік мәнділік

Адам – абсолют құндылық, барлық танымның өлшемі. Бізідң мемлекетімізді ең жоғарғы құндылығы – адам, оның өмірі,құқығы және бостандығы.




Биологиялық

Психологиялық


Әлеуметтік


Адам мәселесі

Адамның қазіргі күйі



Адам мәні

Адам өмірі

Адамның рухани дүниесі

Адамның болашағы

Адамның тәні


Адамның жаны

Адамның шығу тегі

Адам жаңалық атаулының жасаушы, мәдени құндылықтардың иесі.

Қоғамды Ақыл иесі Шығармашылыққа ұмтылушы

дамытушы
Мораль және бостандық иесі


Сана иесі

Табиғаттың бір бөлігі

Мәдени


құндылықтар иесі Дүниені жаңартушы Адамгершілік иесі
Мемлекетіміздің «ҚР-сы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтар» деген қастерлі сөздерді Ата Заңымыздың І бабына кіргізген.

Барлық адам баласы тең болып жаратылғаны, оларға жаратушы белгілі бір ғұмыр, бостандық және бақытты өмірді аңсаушылық сияқты қасиеттер бергені айдан анық. Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез келген мемлекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге басты назар аударады.



Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Адамды неліктен биопсихоәлеуметтік тұлға ретінде қарастырады?

2.Адамның өзге тірі организмдерден айырмашылғы неде?

Сабақ №21

Тақырыбы: «Қасым ханның қасқа жолы» атты құқықтық нормалар жинағы.

Мақсаты:а)Оқушыларға тақырып бойынша түсінік бере отырып, ХVIғ.

хандық еткен қазақ ханы Қасымның құқықтық нормалар

жинағымен оқушыларды жан-жақты таныстыру.

ә)Оқушылардың құқықтық көзқарастарын жетілдіріп, еркін

пікірлеуге үйрету.

б) Жаңа сабақтың мазмұнына оқушылар назарын аударып, елін,

туған жерін құрметтеуге , құқықтық сананы қалыптастыруға

тәрбиелеу.



Сабақ типі:Аралас

Сабақ әдісі:Баяндау,сұрақ-жауап, пікір алысу,өзіндік жұмыстар орындату.

Көрнекілігі: Энциклопедия, суреттер, сызбалар,т.б.

Сабақтың өтілу барысы: : 1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушы

қатынасын алу, оқушыларды психологиялық

жағынан жаңа сабаққа дайындау.

2. Оқушылар білімін мұғалім өз қалауынша әдіс-тәсілдерді пайдалана

отырып сұрау.



3.Жаңа тақырытың жоспары:

1. Қазақ қоғамындағы құқық түрлері.

2. Қазақ билерінің міндеттері

3.Қасым ханның құқықтық жүйесі


Құқық түрлері.






2. Билер – ру және тайпа басшыларының, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер. Ең ықпалды ру басылары хан жанындағы билер кеңесіне кірген. Билер 4 міндетті ұштастырып отырған.










3.Қасым хан тұсында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді.Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық ғұрыптарды негізге ала отырып, қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалған.Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған.

«Қасым ханның қасқа» жолы 5 бөлімнен тұрды.


    • Малға,мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады.

    • Түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар.

    • Әскери қызмет атқару ережелеріне, әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар

    • Елшілік қатынастарды реттейтін нормалар, елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшлігін қабылдау, келіссөз жүргізу рәсімдері.

    • Әруақтарға арнап ас беру, түрлі той думан, дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет