Сабақ №1 Тақырыбы: Кіріспе. «Қазақстан құқығы» курсы туралы. Мақсаты: а оқушыларды құқық ұғымымен, құқықтың пайда болу


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеріп өту. Сабақтың жоспары



бет5/5
Дата22.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#58837
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1548008473
Абылай қоғам 25-26

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімдерін тексеріп өту. Сабақтың жоспары:

1.Қылмыс туралы түсінік

2.Қылмыс белгілері, санаты

3.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Ашық сұрақтар:

  • Қылмыс ұығымын қалай түсінесің?

  • Қылмыстық қандай зардаптарын білесіңдер?

  • Жасөспірімдер неліктен қылмысқа барады?


Жаңа сабақ жоспары:

1.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

2.Жаза түрлері

Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық, ал заң тыйым салған әрекетке бару. Қылмыс алуан түрлі болып кездеседі. Бұл күнде кәмелеттік жасқа толмағандар да көптеген қылмыстар жасайды. Олар жекелей де, топ болып та ұйымдасып та жасайды.

Кәмелетке толмаған адам деп қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған адам танылады.

Жасы 16-ға тлған адам қылмыс жасаса жауапқа тартылады, бірақ кейбір жағдайда 14 жастан бастап та жауапқа тартылады.

Қылмыс түрлерімен таныстырып өту.Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын жазалар мынадай:


  • Айып салу

  • Белгілі бір кәсіппен айналысу

  • Қоғамдық жұмыстарға тарту

  • Тәртібін түзету жұмыстары

  • Тұтқындау

  • Еркінен айыру т.б.

Термин сөздермен жұмыс.

Жаза (ағылшын penalty)- қылмыс жасаушыда кінәлі деп танылған адамға сто үкімі арқылы тағайындалатын мәжбүрлеу шарасы

Вандализм – мәдениет мұраларын, зиратты, т.б. қасиетті орындарды қирату.

Қылмыс – Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет
Оқушылардың өзіндік жұмысы
Құқықтық сөз жасырылған мақалдарды орында.
1.Бір қазаға екі ----------------жоқ (жаза)

2.Мен---------қылған күні ай жарық болды (ұрлық)

3.Би екеу болса, --------төртеу (дау)

4.Әр елдің ----- басқа, иттері қара қасқа (заңы)

5. Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,

Жаманға сырыңды айтсаң көпке ----болар (айғақ)

6.Жолға шықсаң сайлан, ------бес байлан (қару)

Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Қылмыс дегенімізді қалай түсінесіңдер?

2.Кәмелетке толмаған жасөспірімдер неше жастан бастап жауапкершілікке тартылады?

3.Қылмыстық жаза түрлері



Үйге тапсырма. Баспасөз беттерінен материалдар жинақтау.

Сабақ № 29.

Тақырыбы: Жастарды қылмысқа баулитын не?

Мақсаты: «Жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін не?» тақырыбында

оқушылардың пікірін білу, қылмыстың алдын алу үшін қандай

шаралар жасау керек деген мәселені ортаға салу, шешу жолын қарастыру.

Сабақ түрі:Пікірталас

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, сызбалар, баспасөз материалдары т.б.

Барысы: Төл Конституцияда ҚР құқықтық мемлекет деп жариялаған. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болу керек. Құқықтық мәдениет дегеніміз - халықтың заң білімін білуінің деңгейі, құқықты сақтауы,құрметтеуі , рухани сана сезімінің жақсаруы.Құқықтық мемлекет құру жастардан басталады.

Қазіргі Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады.16 жастан бастап толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

18 жаста кәмелеттік кезең басталады. Құқықты білмей, әлеуметтік мәнін түсінбей оны құрметтеу мүмкін емес. Әр азамат құқықтық қағидалармен бала кезінен танысуы қажет.

Құқық қағидалары:

1.Әлеуметтік бостандық

2.Адамгершілік

3.Демократизм

4.Теңдік



Сұрақтар:

1.Жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарының себебі неде?

2.Жастар арасында қылмыстың алдын алуда жеткіліксіздік танытып отырған қандай факторлар?

Оқушылардың жауаптары:

1.Біздің ойымызша жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін зиянды әдеттер.

2.Жасөспірімді қылмысқа итермелейтін нәрсе әлеуметтік жағдай немесе қиын тұрмыс.

3.Отбасындағы ата-ана тәрбиесінің жеткіліксіздігі.

4.Жасөспірімдердің теріс қылық жасаушыларын батырлыққа,ерлікке бағалау. Бұған ықпал ететін бұқаралық ақпарат көздері екені баршамызға мәлім.

Қорытындылау.

Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрібір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана –сезімдерін қалыптастыру қажет. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсатының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Сабақ №30

Тақырыбы:Құқықтық тәрбие және құқықтық жігерлік

Мақсаты: А) Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттлігін оқушыларға

түсіндіру

Ә)Алған білімдерін жаңғырта отырып, саяси ой –өрісін дамыту.

Б)Құқықтық тәрбие мен жігердің қоғамда маңызы зор екенін жете

түсіндіріп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Диспут-семинар

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, тірек-сызбалар, т.б.

Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке

бас иген құл болмайды.

Б.Момышұлы.

Сабақтың өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылармен сәлемдесу, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Оқушыларды топқа бөлу.

Өтілу жоспары:

1.Тікелей сұрақтар.

2.Пікір сайыс

3.Мұны әрбір оқушы білуге тиіс.

4.Тапқырлық

І-топ сұрақтары.

1.Конституция сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым-өкілім);

2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы (халық)

3.Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында Конституция қанша рет қабылданнды? (2рет,1993ж,1999ж)

4. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)

5. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991жыл, 16 желтоқсан)

6. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)

7.Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948ж,10желтоқсан)

8.ҚР-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (10 тарау, 53 бап)

9.Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды? (1989ж)



ІІ-топ сұрақтары.

  1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9бөлім,98 баптан)

  3. Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)

  4. Қазақстан Республикасында «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002ж,8 тамыз)

  5. Қазақстан Республикасының теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993ж 15 қараша)

  6. «Жеті жарғыда» бір күннің мөлшері қанша? (мың қой)

  7. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)

Берілген сұраққа әр топ өз ой-тұжырымын білдіреді.

І-топ. – Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

ІІ-топ. Мектеп жасындағы жастардың құқықтық норма бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар? (мысалдармен)

Мұны әрбір оқушы білуге тиіс.

І-топ. Оқушы құқықтары

ІІ-топ. Оқушы міндеттері

«Тапқырлық» құқыққа байланысты мақал-мәтелдер жарысы .

1.Заңның құрығы.......(бәрінен де ұзын)

2.Туған биде...... (иман жоқ)

3.Таста тамыр жоқ..... (биде бауыр жоқ)

4.Жақсы істің арты ..... (игі)

Қорытындылау.

Әр топтың бағасын беріп, марапаттау.

Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлік сана алдымен отбасынан басталады. Әрқайсысымыз өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керек.



Сабақ № 31
Тақырыбы: Озат құқықтанушы.

Мақсаты: А)Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң

алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен

тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу

арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.



Ә)Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау,сөйлеу

қабілеттерін шыңдау.



Б)Конституция т.б. құқықтық нормативтік актілерді

құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке құқықтық

салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс.

Сабақтың түрі:Сайыс,

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді

басылымдар,кітаптар,буклеттер, заңдар жинағы.



Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу.

Мемлекеттік әнұран орындау.

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Әділқазылар алқасын таныстыру.

Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

Барысы:

Халық бұқарасына жаппай құқықтық білім беру мәселелері ҚР қарастырылған. 1995ж 21 маусымда ҚР Президентінің «Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Құқықтық білім алуға барлық жастағы қарапайым жұмысшыдан министрге дейін тартылуы керек. Заң сыйлағыштық мәдениеті бар, заңға мойын ұсынатын азаматтарда , заңды бұзушылар да бала жасынан қалыптасады. Заң алдында жұрттың бәрі тең.



Сайыс жоспары:

1-кезең «Көкпар»

2-кезең «Шынығу»

3-кезең «Тарих тереңіне үңілу»

4-кезең «Құқық қорғаушылар сөйлейді» (Шешендік өнер)
І. «Көкпар» кезеңі.

Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Сұрақтар тест түрінде беріледі. Әрбір дұрыс жауап – 1 ұпаймен есептеледі.

І-топ сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет?

А)Егеменді

Б)Унитарлы

В)Аграрлы

2. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы.

А)16-18жас

Б)16-14жас

В)15-18 жас

3.Қазақстан Республикасы Конституциясына қай жылы, қай айда өзгертулер енгізілді?

А)1995ж.30 тамыз

Б)2005ж.20 мамыр

В)2007ж.21 мамыр

4.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?

А) Президент қол қойғаннан кейін

Б) Парамент тексергеннен кейін

5. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» заң қай жылы қабылданды?

А)1991ж.16 желтоқсан

Б)1992ж.4 маусым

В)1997ж.10 желтоқсан

6. «Сыңдарлы он жыл» кітабының авторы кім?

А)М.Шаханов

Б)Н.Назарбаев

В)Ә.Кекілбаев

7.22 қыркүйекте Қазақстан Республикасында қандай мереке тойланады?

А)Республика күні

Б)Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер күні

В)Нашақорлыққа қарсы күрес күні

8. Ата заң не үшін қызмет етеді?

А) Әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға

Б)Дауыс беру құқығын сақтайды

В)Мемлекеттік тілді қорғауға қызмет етеді

9.Адам және адамзат туралы заңнама Қазақстан Республикасы Конституциясының нешінші бөлімін қамтиды?

А)ІІ бөлім

Б)І бөлім

В)ІІІ бөлім

ІІ-топ сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының Егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты аса маңызды құжаттарды атап көрсетіңіз?

А)Егемендік туралы Декларация, тәуелсіздік туралы Конституицяық заң, Конституция

Б)Егемендік туралы Декларация

В)Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң

2. 17-желтоқсан қандай күн?

А)Демократиялық жаңару күні

Б) Тіл мерекесі

В)Тәуелсіздік күні
3. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?

А)Тәуке хан

Б)Төле би

В)Абылай хан

4.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні қашан қабылданды?

А)2006ж 6-қаңтар

Б) 1995 ж қ25 маусым

В) 1994ж 1 наурыз

5.Балалардың құқықтары туралы Конвенция қашан қабылданды?

А)1990ж


Б)1989ж

В)1992ж


6.Балалар неше жасқа дейін кәмелеттік жасқа толмаған болып есептеледі?

А) 12 жас

Б)14 жас

В)18 жас
7.Құқық қабілеттілік қай кезден басталады?

А)Туғаннан

Б)14 жастан

В)18 жастан

8. Бала неше жастан бастап жұмыс істеуге құқығы бар?

А)18ж

Б)16ж


В)12ж

9.Балаға зекіріп қатаң қарым-қатынас жасауға ….құқығы бар.

А) Ата-анасы

Б)Туыстары

В)Ешкім

ІІ-кезең. «Шынығу» кезеңі.

ДЕКЛАРАЦИЯ –

РЕФЕРЕНДУМ -

ЕГЕМЕНДІК -

ДЕМОКРАТИЯ -

ІІІ-кезең. «Тарих беттерін үңілсек» кезеңі.

Тарихта және құқықта қалған негізгі заңдар ережелердің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу.

1.Тәуке ханның жеті жарғысы

2.Есім ханның ескі жолы

3.Қасым ханның қасқа жолы

4.Шыңғыс ханның жазасы



ІV-кезең. «Құқық қорғаушылар сөйлейді»

Тақырыптар. «Сенің құқығың – менің құқығым»

«Құқықтық сауаттылық – заман талабы»

Қорытынды: Әділқазылар әр топ бағасын береді.

Пайдаланған әдебиеттер
1.Әдептілік қағидалары (Нұрхат Шакузадаұлы, Ж.Ерғалиева) Өнер баспасы 2000ж

2.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы №1том, №2том Алматы 1998ж

3.Әдеп және жантану (Қ.Жарықбаев «Атамұра-Қазақстан» Ә.Табылдиев) Алматы – 1994ж

4.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. С.Әбенов алматы «Дария» 2004ж

5.Адам.Қоғам. Құқық 9-сынып «Мектеп» баспасы 2005ж Қ.Жүкешев. Ғ.Сапарғалиев. Г.Асанбекова Алматы

6.5-11 сынып оқушыларына арналған терминнің түсіндірме сөздігі Алматы 2008ж. Қ.Қ.Қунапина т.ғ.к, әдіскер

7. «Қазақстан тарихы» әдістемелік құрал тігінділері. 2008-2009ж

8.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2008 журнал тігінділері.



Пікір
Құқық – қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға зиянды қатынастарды мектеп тыйым салатын құрал. Оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда осы бағдарламаның көмегі тиеді деген сенім білдіремін. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар, азаматтық белсенділікті қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу, заман талабына сай лайықты құқықтық білім беру, құқықтық сана-сезімін қалыптастыратын тақырыптар қамтылған.

Оқушылардың ойлау қабілеті мен құқықтық дүниетанымын кеңейтуге талпындыратын әдіс-тәсілдер мен дидактикалық материалдар қамтылған.

1.Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу.

2.Сызбалар мен кестелер толтыру

3. Тарихи және құқықтық терминдік сөздермен жұмыс жасау.

4.Өзін-өзі тексеру сұрақтарын орындау.

5.Ауызекі, жазбаша тілдерін дамыту.т.б. сияқты дидактикалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеті ,сөздік қоры, тіл байлығы артады деп сенемін.


Мектеп директоры, тарих пәнінің мұғалімі: Малдыбаев Н.С.

Пікір

Ата Заңымызда – Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады – деп атап көрсетілген.

Құқықтық мемлекет орнықтыруда, Заңның үстемдігін қамтамасыз етуде бұқараның құқықтық мәдениетін көтерудің маңызы ерекше екені түсінікті. Әрине олай болса, бұл бағдарлама еліміздің болашағы бүгінгі жастар бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздеп отыр.

Бағдарлама тақырыптары оқушылардың алғашқы құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалғандықтан, мазмұнды қарапайым, баяндауға, түсінуге жеңіл.

Оқушылардың өздігінен жұмыс жасау мүмкіндіктері қарастырылған.



Бағдарлама бүгінгі күн талабы деңгейінде жасалған деп есептеймін.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі: Дюсбаев Қ.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Б.Момышұлы атындағы орта мектеп



Құрастырған: Шыныбаева И.Ж

Б.Момышұлы атындағы орта

мектебінің тарих,құқық пәнінің

мұғалімі

Реті


Тақырыптардың мазмұны


Сағат саны



мерзімі



Жұмыс формасы

1.

«Қазақстан құқығы» курсының мақсат, міндеттері туралы

1







2.

Құқықтың қоғамдағы жүзеге асыру формалары

1







3.

ҚР – на саяси сипаттама

2







4.

ҚР – ның Конституциясы

2







5.

Біріккен Ұлттар Ұйымы

1







6.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы

1







7.

Балалар құқықтары туралы Конвенция

1







8.

ҚР»Балалар құқықтары туралы» заңы

1







9.

Балалардың құқық нормаларын бұзу факторлары

1







10.

ҚР Құқық Қорғау Органдары

1







11.

Билікті бөлу ұстанымдары

1







12.

Құқықтық нормалар неге керек?

1







13.

Этика деген не?

1







14.

Мораль. Мораль нормалары

2







15.

Моральдің негізгі санаттары

1







16.

Адам – қоғамның ең қымбат қазынасы

1







17.

«Қасым ханның қасқа жолы»

1







18.

«Есім ханның ескі жолы»

1







19.

«Тәуке ханның жеті жарғысы»

2







20.

Отбасы. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

2







21.

Азаматтық мәселесі

2







22.

Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі

1







23.

Мектептің ішкі тәртібі

1







24.

Жастарды қылмысқа баулитын не?

2







25.

«Озат құқықтанушы» сайысы

1







26.

«Курс маған не үйретті?» - есеп

2







27
















Б а р л ы ғ ы :

34 сағат























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет