Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет54/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

Машықтық жұмыстар

1 тапсырма.

Ситуациялық есептер шығару

1- есеп.

32 жастағы ер кісі дәрігерге 4 жыл бұрын пайда болған жұтынудың бұзылысына шағымданып келді. Қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 с соң төс сүйегі артындағы қысу сезімін байқайды. Алғашында бұл сезімдер сирек болған, соңғы жылы әрдайым және әрбір тамақ ішкен сайын пайда болады. сұрағанда жылдан астам кеудесінде «толқындау» және оянғаннан кейін жөтел мазасын алатындығы анықталды. Бұл сезімдер су ішкеннен соң азаяды. Науқас тамақ ішу кезінде тұншығу немесе шаршағыштық сезім, мұрыннан, ауыздан тағамның кері қайтуы, жұтқыншақтағы ауыру сезімі, қыжылдау, дене массасының азайғандығы, асқазан-ішек жолдарынан қан кететіндігі – осылардың барлығының болмайтындығын айтады. Науқастың бұлшық еттері ауырмайды, қыжылдау болмайды, өзінде де, туыстарында да жүйелі коллагеноз болмаған. Қарап тексергенде және лабораториялық тексерулер – қанның жалпы анализі, ЭТЖ, қант, креатинин және бауыр мен қан ферменттерін тексергенде, барлығы қалыпты жағдайда.



    1. Жұтынудың бұзылыстары немен байланысты: өңештің бе немесе жұтқыншақтың ба?

    2. Әрі қарай қандай тексерулер жүргізу қажет?

    3. Рентгенограмма нені анықтайды? (оқытушыдан мәліметтерді сұраңыз)

    4. Науқаста жұтыну бұзылысының патогенезі қандай?

2 –есеп. А. және Б. науқастарының кестеде берілген көрсеткіштеріне сәйкес асқазан сөлін патофизиологиялық сараптау.







Қалыпты жағдай

Көлемі мл

Жалпы қышқылдық

Бос НСl

Байланысқан НCl

Пепсин мг%

Титрациялық бірліктер




Ашқарында (Н)

50- ден көп емес

40-қа дейін

20-ға дейін

-

0 -21

Негізгі секреция (ТС)

50 -100

40 -60

20 - 40

10 -15

20 -40

Түрткілік секреция (КС)

50 -100

40 -60

20 - 40

10 -15

21 -45

Науқас А

Н

10

30

-

10

10

НС

-

-

-

-

-

ТС

20

35

10

10

5

Науқас Б



Н

100

60

30

20

15

НС

120

80

60

10

30

ТС

140

100

50

30

50




НС

120

60

30

15

-




ТС

10

10

-

5

-

1. А және Б науқастарында асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылысының қай

түріне жатады?

2.Берілген науқастарда асқазанның эвакуациялық қызметі қалай өзгереді?

3.Берілген науқастарда анықталған асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары ішектегі

асқорытуға қалай әсер етеді?
3 есеп. 35 жастағы науқас төс асты аймағында мезгіл-мезгіл тағам ішкеннен соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды. Науқас ашушаң, мазасыз, шылымды көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.



  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

  2. Науқаста қандай зақымдану жайттар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?

  3. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

  4. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

4 – есеп.

Науқас М., 20 жаста, клиникаға әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентік, аяқ-қолдағы жалған сезім шағымдармен түсті. Сыртартқыдан, оның, ашішегінің бөлігі, ішек тесілгендіктен, алынып тасталғаны белгілі болды (ішектің бейнақты ойық жара - Крона ауруының асқынуы). Қан талдамасы: гемоглобин мөлшері 100 г/л, қан жағындысында диаметрі 12 мкм эритроциттер, анизоцитоз, пойкилоцитоз, алып көп бөлшектенген нейтрофилдер анықталады. Осы науқаста қандай анемия дамуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.


  1. Бета-таласемия

  2. Фолий тапшылықты анемия

  3. В12 тапшылықты анемия

  4. Темір тапшылықты анемия

  5. Орақ тәрізді жасушалы анемия

5 есеп. 56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға, қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ тарихынан белгілісі мынау: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылып, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстанбайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыр аздап үлкейген, шеті тегіс. Талақ қол ұшымен білінбейді. Желішектік тексеруде дерт анықталмады. Жасырын қан сынамасы теріс.

Зерттеуханалық зерттеулер деректері:

Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 800 ХБ/л, АЛТ – 600 ХБ/л (қалыпты жағдайда 400 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109

Науқас тәулігіне 100 г май қабылдаған кезде 600 г нәжіс шығарады, онда 15 г май бар (қалыпты жағдайда май 7% аз бөлінеді).

Іш қуысының рентгенограммасында ұйқыбезде кальцификаттар анықталмайды. Бауырды УДЗ кезінде жаңғырықтық жайылмалы өзгерген, бұл майлық дистрофияның дамуын дәлелдей алады. Кері бағыттық холецистопанкреатография кезінде обыр және тас болуы анықталмады. Ұйқы бездің өзектері өзгерген: кеңею және тарылудың кезектесуі байқалды («моншақ әйгіленімі»)



  1. Науқаста қандай ауру бар екенін ойлауға болады?

  2. Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  3. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

  4. Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет