Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет53/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

26 тақырып. №4 аралық бақылау
Тақырыптар: «Жүйке жүйесі патофизиологиясы», «Эндокрин жүйесі патофизиологиясы», «Тіректік-қимылдық аппаратының және терінің патофизиологиясы», «Сыртқы тыныс патофизиологиясы», «Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы», «Жүрек жеткіліксіздігі», «Артериялық гипертензиялар. Артериялық гипотензиялар».

.

Сабақтың мақсаты:



Бақылау міндеттері:

  • өткен материалдар бойынша тест арқылы білімді нығайту

  • ситуациялық есептер шығару дағдысын бекіту

Тест тапсырмаларын №384-496: 674-691, есептерді №34-49 қараңыз


27 тақырып. АС ҚОРЫТУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ.

Мақсаты

  • асқорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру

  • теориялық материал бойынша білімін есептер шығарғанда қолдану

  • тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру


Оқыту міндеттері:

  • асқорыту жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезін зерттеу

  • ауыз қуысы дерттерінің асқазан мен ішекте асқорытылуы бұзылыстарымен байланысы

  • асқазандық және ішектік диспепсияның этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін қалыптастыру

  • берілген тақырып бойынша есеп шығарып үйрену


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ас қорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.

  2. Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.

  3. Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары. Сиалоаденит, сиалолитиаз туралы түсінік. Шайнау құралы мен ауыз қуысы тіндері дерттерінде сілекей бездері қызметі бұзылыстарының маңызы

  4. Дисфагия синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  5. Асқазанның диспепсиялық синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Асқазанның сөл бөлу және қимылдық қызметінің бұзылыстары, даму тетіктері, салдарлары.

  6. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «озбырлық факторлары» мен «қорғаныстық факторлардың» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.

  7. Қуыстық және қабырғалық ас қорыту, этиологиясы, патогенезі. Біріншілік және екіншілік мәлабсорбция туралы түсінік, патогенезі.

  8. Ауыз қуысының, сілекей бездерінің патологиясының асқазан мен ішектегі ас қорыту үрдістеріне әсері және байланысы


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Оқытушының қатысуымен және бақылауымен ауызша талдау және пікірсайыс жүргізу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, асқорыту бұзылыстарын дамытатын ауыз қуысы аурулары (тіс жегі, тістеудің бұзылысы, сиалоаденит, сиалолитиаз, самай-төменгі жақ буынының қабынуы) бойынша эссе, есептер шығару, тест жүргізу.


Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тапсырмалардың орындалу қорытындыларын тексеру, тест жүргізу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет