Сабақтың тақырыбы : Сын ecім. Мен Отанның азаматымын. Астана. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/2
Дата11.01.2017
өлшемі302,39 Kb.
#6750
түріСабақ
  1   2
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Щучье қаласы, педагогикалық колледжі» МКҚК

ГККП «Педагогический колледж, г. Щучинск»

при управлении образования Акмолинской области

Әдістемелік әзірлеме

«Сын ecім. Астана»

қазақ тілі пәнінен ашық сабағы

Құрастырған: қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Жусупова Айсулу Гайсановна

2014 ж/г


Сабақтың тақырыбы: Сын ecім. Мен Отанның азаматымын. Астана.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөз табынан зат есім тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау, зат есімнің жалғауларын қайталау, турлі тапсырмалар арқылы білімдері мен біліктерін толықтыру. Сын eciм туралы түciнiк беру, баска сөз таптарынан ажырата білу, сын есімнің өзіне тән ерекшелітері мен сұрақтарын меңгеру, Астана мәтінімен танысып, жаңа сөздерді меңгеру.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, туған жерінe, еліне деген сүйіспеншілігін білдіруге, еліміздің мемлекеттік тілін, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту, мәтіндер арқылы сын eciм туралы оқушылардың өздepiнe ой қорытындысын жасату, сұрақ-жауап, әңгіме, монолог арқылы өз ойын, түсінгенін айта білу, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын молайтып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттырып, өздігінен білім алуға баулу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ, білім тексеру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, баяндау, оқу, тыңдау.
Сабақтың көрнекілігі:

«Менің Астанам» - модульді электронды оқулығы, слайд материалдары, «Астана - XXI ғасыр қаласы» - слайд шоу, буклет, үлестірмелі карточкалар.


Сабактын барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, топты сабаққа бейімдеу, қазақ тілінің әнұранын айту. Оқушылармен ауызекі сөйлесу:



  1. Бүгін сабақта кім кезекші?

  2. Бүгін сабақта кім жоқ?

  3. Бүгін нешесі?

  4. Бүгін аптаның қай күні?

  5. Қазір қандай жыл мезгілі?

  6. Қыс жыл мезгілінің айларын кім атайды?

7 Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

Студенттер екі топқа бөлінеді. Әр топ өзінін атын, ұранын айтады Өткен тақырып «Зат есім» сөз табы бойынша. Әр топқа жеке-жеке сұрақтар және тапсымалар беріледі.


1 слайд

Зат eciм деген қандай сөз табы?



Зат eciмнін жалғауларын атаңдар?


2 слайд

Зат есімнің көптік жалғауларын атаңыздар




3 слайд

Жіктік жалғау туралы кім айтады?

Жекеше Көпше

(единственное число) (множественное число)



4 Слайд


Ал тәуелдік жалғау туралы не деуге болады?

Дауыстыдан кейін (после гласных) Дауыссыздан кейін (после согласных)



5 Слайд



Септік жалғаулар қандай қызмет атқарады?
Септік жалғау (Падежное окончание)

Атау (И) кім?

Ілік) кімнің? ненің? - ның /- нің, - дың / - дің, - тың / - тің

Барыс (Д) кімге? неге? -ға /- ге, - қа / - ке

Табыс (В) кімді? нені? - ны /- ні, - ды /- дi, - ты / - тi

Жатыс (Местный) кімде? неде? - да / - де, - та/ - те

Шығыс (Исходный) кімнен? неден? қайдан? қашан? -дан / -ден, -тан /-тен

Көмектес (Т) кіммен? немен? қалай? -мен, -бен, -пен
Үлгі: адам, адамның, адамға, адамды, адамда, адамнан, адаммен.

6 слайд


Қандай зат есім тудырушы жұрнақтар білесіңдер?

Жұрнақ (суфиксы)

Туынды зат есімдер (производные существительные)

- шы/ - ші

жазу-шы (писатель), етік-ші (сапожник),балық-щы (рыбак)

-қар/- кер,

-гар/- гер



заң-гер (юрист), іс-кер (бизнесмен), дәрі-гер (врач)

-лық/- лік,

-дық/- дік,

-тық/- тік


оқу-лық (учебник), дос-тық (дружба), батыр-лық (геройство)

-лас/- лес,

-дас/- дес,

-тас/- тес


жер-лес (земляк), курс-тас (однокурсник), ат-тас (тезка)

-қыш/- ғыш,

-кіш/- гіш



тап-қыш (находчивый человек), ұш-қыш (летчик)

өшір-гіш (резина)



- хана

ас-хана (столовая), дәрі-хана (аптека)

- ым/- ім

өн-ім (продукция), біл-ім (знание)

-па/- пе,

-ба/- бе


-ма/- ме

кес-пе (лапша), ескерт-пе (памятка)

- ыс/- іс

тіг-іс (шов), өндір-іс (производство)

- қы/- кі

күл-кі (смех), түрт-кі (толчок)

- ың/- ін

тіг-ін (шитье), ег-ін (посев)

- паз

білім-паз (знаток), өнер-паз (искусник)

Слайд материалдары көрсетіледі.

Мұғалім: Ал енді әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет