Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет57/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

2 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару

1 есеп. 31 жастағы науқас К. «Жедел жәрдем» машинасымен клиникаға әкелінді. Ауруханаға түскен кезде: енжар, есі тежелген, қимылсыз, сұрақтарға кідіріп мәнсіз жауап береді. Тісі жабынмен қапталған. Дене қызымы 36,5 °С. Тері жабындары және шырышты қабықтары сарғыштанған, денесінің жоғары бөлігінде телеангиэктазиялар, алақандарында эритема байқалады. Іші шемендік сқйықтың әсерінен ұлғайғандықтан бауырды сипалауға қиындық туды. Аяқтары ісінген. Жүректің сол қарыншасының шекаралары аздап үлкейген. АҚ 160/95 мм с.б., ЖСЖ 90, тамыр соғысы ырғақты..


Қанның зертханалық тексерістердің нәтижелері:

Қанның жалпы талданымы:

Нb 108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л, лейкоциттер 4,8´1012/л; ЭШЖ 35 мм сағатына



Қанның биохимиялық талданымы:

Жалпы билирубин 7,1 мг%; глюкоза 80 мг%;

КД (кетон денелері) қалыптыдан жоғарылаған;

Зәрнәсіл мөлшері төмендеген; протромбиндік индекс төмен;

Холинэстеразаның белсендігі төмендеген;

Австралиялық антиген анықталмады


1. Науқастың тері тамырларының көрсетілген өзгерістерінің және алақандарының тұрақты эритемасының даму тетіктері қандай? Тағы қандай симптомдары кездеседі?
2. Қақпалық гипертензия мен іш шемені патогенезінің тағы қандай нұсқалары бар? Организм қызметтерінің салдарлық бұзылыстарында іш шеменінің қандай маңызы бар?
3. Бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар ма? Бар болса, олардың даму тетіктері қандай?
4. Клиникалық және зертханалық мәліметтерге сүйеніп не туралы ойлауға болады: қантты диабет пе, бауырдың қауырт қабынулық зақымдануы ма, бауыр беріштенуі ме? Не себепті?
5. Соңғы сұрақтарға тура жауап беру үшін тағы қандай қосымша мәліметтер керек?

2 есеп. Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. АҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 1012/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ- 0,4 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,31 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,36 мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.


3 есеп. Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,8 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
4 есеп. Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы, қышыну әсерінен қасыну іздері анықталды. Қан плазмасында жалпы билирубин – 39 мкмоль/л, тура билирубин 17 мкмоль/л, жалпы белок – 56 г/л, альбуминдер – 25 г/л, глобулиндер – 31 г/л, протромбиндік индекс – 68%, холестерин – 3 ммоль/л, фосфолипидтер – 1,1 ммоль/л, қант – 3,1 ммоль/л, қалдық азот – 30 ммоль/л, аммиак – 55 мкмоль/л, зәрнәсіл - 2,5 ммоль/л, АСТ-0,52 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,68 ммоль/ сағ˙л, сілтілік фосфатаза – 0,2 мкмоль/л. зәрі қоңыр, әлсіз боялған. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет