Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11-сынып сабақ жоспары
I тоқсан Мектеп: А.Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия
Мұғалім: Садырова М.Қ.
Күні: 16.09.2021 Сынып: 11 В
Сабақ: 11-12
Сабақтың тақырыбы: Пәтер жалдасаң
Мақсаты: О.11.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру;
А.11.2.5.1 көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу;
Белсенді сөздік: қиын- қыстау — трудность; тяжёлые обстоятельства; панасыз — бесприютный; не имеющий крова или убежища; жанталас — переполох; кутерьма; суматоха; жоқтық — отсутствие; неимение; бедность; нищета
1-тапсырма. 28-бет.Тізімнен пәтер берушілердің пәтер жалдаушыларға қоюы мүмкін талаптарын анықтап, жаз. Қалған талаптарды таңдамауыңның себебін түсіндір.
Дескриптор: - пәтер берушілердің талаптарын анықтайды;
- талаптарды таңдамауыңның себебін түсіндіреді;
-өз пікірін білдіреді.
2-тапсырма. 28-бет. Мәтінді оқы, Стилін анықта. Халықты пәтермен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде өз пікіріңді
білдіруге ұсыныс түссе, не айтар едің?
Дескриптор: -мәтіннің стилін анықтайды;
-мәтінде көтерілген мәселесі бойынша өз пікіріңді білдіреді;
- сұраққа толық жауап береді;
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы және Күнделік. кz. электронды журналына жүктеу арқылы жібереді.