Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет22/222
Дата27.02.2023
өлшемі45,28 Mb.
#170336
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   222
Байланысты:
00121a88-02216692
Ауырлық күшіне есептер шығару (7 класс)
ну
Т алдау


«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Қорытынды: Шығармашылық тапсырма.
І«Сан сұраққа саяхат» деп аталады. Әр түрлі жағдайяттардан шешім таба білу.
(аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)
Аналарға арналған:

  1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?

  2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармаганыңызды қалай түсіндіресіз?

  3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?

4.Тәрбие ісінде отбасының ролі қандай деп ойлайсыз? (Отбасы ролі өте-мөте күшті. Өйткені отбасы кішігірім мемлекет болып саналады. Егер отбасыда жағдай жақсы болмаса, ешбір қоғамдық ұйым, мектеп, ұстаздар оның орнын баса алмайды.Тек қана жайлы, дұрыс ортадан тәрбиесі дұрыс бала шығады).
5. Ең алдымен қандай тәрбиеге көңіл бөлер едіңіз?(Еңбек тәрбиесіне. Оны балаға жастайынан берген жөн. Себебі «жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», балаға тез қонады. Баланы еңбексүйгіш етіп тәрбиелесек, болашағы үшін уайымдамаса да болады деп ойлаймын).
6. Сіз мерекелерде қызыңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолынан жасаған (кішкентай болса да мейлі) бір затын сыйлағанын жөн көресіз бе? Неліктен? (Әрине, өз қолынан жасағанды. Өйткені мұндай талпыныс оны кішкентай кезінен-ақ іс-әрекетке, қимылға, еңбек етуге тәрбиелейді).
7. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата-аналарға не айтар едіңіз?(Бұл дұрыс емес дер едім. «Бала тәрбиесі — бесіктен» дейді дана халқымыз. Баланы жасынан іске үйретпеу, еңбекке баулымау – ол ата-ананың балаға жасаған жақсылығы емес, керісінше оның болашағына жасалған үлкен қылмыс, қиянат деп білемін.)
Кешкі ас ішіліп болған соң, ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды, Өйткені теледидардан бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткен соң қызыңыз сізге: «шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?(Қашанда бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма. Ертеңгі күннің жұмысы атар таңмен келеді. Жүр, мен саған көмектесіп жіберемін дер едім. Бұл әрекет баланың бойын еріншектіктен сақтандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет