Қайсібір айда үш жұма жұп күндер болады. Осы айдың 4-і аптаның қай күні болады?
Бүгін жексенбі. 45 күннен кейін аптаның қай күні болады?
Кейбір айда үш бейсенбі жұп күндері болады. Осы айдың 26-шы жұлдызы аптаның қай күні болады.
2012 жылы ақпан айында 29 күн болды. Мұндай құбылыс 4 жылда бір рет болатыны белгілі. 2001 жыл мен 2065 жыл аралығында осындай қанша жыл болады.
Сағат тәулік сайын 3 минутқа қалып қояды. Неше тәулектен кейін сағат дәл уақытты көрсетеді.
Сағат тәулік сайын 6 минутқа қалып қояды. Неше тәулектен кейін сағат дәл уақытты көрсетеді.
Асан,Үсен,Досан жүйелі түрде кинотеатрға барады. Асан кинотеатрға әрбір 3-ші күні,Үсен 7-ші күні,Досан әрбір 5-ші күні барады. Бүгін барлық балалар кинода болды. Енді үшеуі неше күннен кейін қайта кездеседі.
Көлде 7 балықшы балық аулады. Біріншісі –күнде,екіншісі-күн ара,үшіншісі-екі күннен кейін және т.с.с. жетіншісі-алты күннен кейін келеді. Бүгін барлық балықшылар балық аулауда. Жеті балықшы түгел қанша күннен кейін көлде бас қосады.