Сабақ №14 Сабақ тақырыбы: Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсекелестік



бет2/2
Дата18.02.2017
өлшемі235,62 Kb.
#9918
түріСабақ
1   2

4.Жаңа сабақты бекіту

1. Берілген әріптерден 2 топтың топ басшысы жаңа ұғымдарға байланысты сөз құрап (монополия және олигополия ) оларға анықтама береді.



2.Берілген тор көздерді толтыру керек

3.Қажетті сөзді тап.

1.Минералды тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі -бидайдың ұсынысын ......

көбейтеді

2.Жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі – жүгеріні ұсынуды ......

азайтады


3. Университеттерге дотацияларды азайту – жоғары білімді мамандарды ұсынуды .. азайтады
4.Қой еті мен шошқа етіне бағаның төмендеуі – сиыр етіне сұранысты ......

көбейтеді

5. Болашақта мұнайға бағаның төмендеуінің күтілуі, мұнай компанияларының ағымдағы ұсынысын ......

көбейтеді



5.Сабақты қортындылау

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативтік – құқықтық актілерге негізделген: Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар»,«Теріс пиғылды бәсеке туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» Заңдары.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы «Теріс пиғылды бәсеке туралы» заңы теріс пиғылды бәсекелестікті мойындайтын әрекеттерді белгілейді, теріс пиғылды бәсекені және оның зардаптарын болдырмау және жою механизмін белгілейді. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы теріс пиғылды бәсекенің келесі түрлері бөлінеді:


  • Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану – бұл тұтынушыда өндіруші тауарлы теріс пікір тудыруы мүмкін.

  • Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізуі.

  • Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.

  • Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.

  • Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықтық қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылу және т.б.

Антимонополиялық заңдар 1880жылы АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылау.

Қазақстанда 1996 жылы «Бәсеке және сауда нарығындағы монополиялық қызметті шектеу» туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекттік комитет құрылды. Қазақстан Республикасында монополияға қарсы және теріс пиғылды бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық туралы көптеген келісімдер жасалды. Мысалы, Өзбекстан Республикасымен (1997 ж. 14 наурызда), Қырғыстан Республикасымен (1999 ж. 15 қазан), ТМД мемлекеттерімен (1993 ж. 12 наурыз) «Монополияға қарсы саясат саласындағы келісім туралы» келісімшарттар бекітілді.

Жаңа ұғымдар:


  • Сұраныc

  • Ұсыныс

  • Нарық тепе-теңдігі

  • Бәсеке

  • Монополия

  • Олигополия

  • Бағалық бәсеке

  • Жетілген бәсеке

5. Оқушылардың жауабын бағалау.



6.Үйге тапсырма.

Г.Жолдасова «Экономика негіздері» 84-101 бет



Я.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» 119-139 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет