Сабақ № 18
Циклдің алғашқы шарты
|
Мектеп «М.Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Күні:
|
Мұғалім есімі Тоқмурзаева М.Б.
|
Сынып 8
|
Қатысқандар саны
|
қатыспағандар саны
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Циклдің алғашқы шартын меңгерте отырып, алгоритм құру арқылы білімдерін қалыптастыру, топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
|
Оқу нәтижелері
Циклдің алғашқы шарты туралы біледі. Циклдің алғы шартына блок-схема сызады. Орындалу жолдарын талқылап, тиімді жолдарын жинақтайды. Алгоритм құруда циклдің алғашқы шартының алатын орны жөнінде өз ойларын айта алады.
|
Барлық оқушылар
Циклдің алғашқы шарты туралы мағлұмат алады
|
Оқушылардың басым бөлігі
Циклдің алғашқы шартына алгоритм құра алады
|
Кейбір оқушылар
Құрылған алгоритмге блок-сызба құрады.
|
Алдыңғы оқу
|
«Түлкі мен тауық» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады. Түлкі тауыққа өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Тауық сұраққа жауап бере алмаса, түлкі тауықтың бір балапанын жеп отырады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
|
Ой қозғау
|
1.Оқушылармен амандасу, сабаққа сәттілік тілеу.
2. Сыныпты «Түлкі мен тауық» ойыны арқылы сынып екі жаққа теңелгенде 2 топқа отырғызу.
3.Жұмыс істеуге жағымды ахуал тудырту үшін екі топқа құпия жазылған сөздер беремін «Смайлктар, кітаптың ашылуы, музыкалық аспаптар, үй, өрмекші торы, жүрек». Сол сөздерді топ болып ақылдасып, мимикамен көрсетеді. Екінші топ қарсы тобының не көрсеткенін табу керек.
4.Әр топқа ішінара рөлдер бөлініп беріледі. Соның ішінде А, В, С деңгейдегі оқушыларды ерекшелеу үшін (жасыл, қызыл, сары) ленталарды рөлдері бойынша беремін.
А-Көшбасшы, В-Спикер, С-Таймер
6. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, күтілетін нәтижелерін айтып өту.
|
АКТ, құпия сөздер, «Түлкі мен тауық» ойыны, төс белгілер, бағалау парақтары, ленталар, бас бармақ
|
Мағынаны тану
|
«Ортаға тастау» әдісі
1.Жаңа тақырыптарын оқуға уақыт беремін.
2.Оқушыларға топтарымен тақырыпты талқылату.
3.Әр топқа тақырып бойынша постер жасатып, қорғату.
І-топ: тақырыпқа байланысты постер жасайды.
ІІ-топ: тақырыпқа байланысты жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың жауабына алгоритм құрып, блок-сызбасын сызу арқылы постер жасайды. Жұмбақ:
Әлсін-әлсін шыр-шыр еткен бөпесін,
Бір қолымен көтереді көкешім (Телефон)
«Крестик-нөлдік» ойыны
1.Жаңа сабақты жинақтауға сұрақ қоя отырып тақырыпты меңгергендігін тексеру. Әр топ өз таңбаларын қою арқылы сұраққа қаншалықты жауап бергендерін байқауға болады.
1.Барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей орындалса, онда ол қандай алгоритм түріне жатады? (сызықтық)
2.Шартты тексеру блогының блок-сызбасы қандай фигурамен таңбаланады? (ромбы)
3.Алгоритмді жүзеге асырушыны не деп атайды? (орындаушы)
4.Циклдік алгоритмнің түрлері? (параметрлі цикл-үшін, кейінгі шартты-дейін, алғы шартты цикл-әзірше)
5.Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандайда бір шартқа тәуелді өзгеретін болса, онда мұндай алгоритм не деп аталады? (тармақталған)
6.Алғы шартты цикл операторының түйінді сөзі? (While-әзір)
7.Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгісіз болса, онда қандай цикл қолданылады? (алдыңғы шартты)
8.Программаны жүктеп, оның қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін пернетақтадан қандай батырманы басу арқылы тексеріледі? (F7)
9.While операторы қандай бөліктерден тұрады? (цикл тақырыбынан және циклдің денесінен)
|
АКТ, оқулық, А-3, түрлі-түсті қалам, «Джигсо», «Крестик-нөлдік» ойыны, бас бармақ
|
Ой толғаныс
|
1. Алгоритм құруда циклдің алғашқы шартының алатын орны қандай?-деген сұрақ қоямын.
2. Берілген критерийлер бойынша өзін бағалау, қол шапалақтау арқылы формативтік бағалау, мұғалімнің бағалауы, топтық бағалау.
3.Бүгінгі сабақтың қызықты өтілуі, ұнауы, қиындығы, түсінбегені жөнінде кері байланыс жазуға стикер ұсынамын.
4.Үйге: тұрмыстық өмірмен байланыстырып циклдік алғы шартына алгоритм құрып, блок-сызбасын сызу
|
АКТ, стикер, топ бағалаушының бағалауы
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы
|
Интерактивті тақтадан үлгі ретінде көрсету арқылы
|
Бағалау жүргізу арқылы
|
АКТ, ағылшын тілі, математика
|
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
1.
|