Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың қамқорлық жайлы түсініктерін тереңдету мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді. Сосын балалар өздері оқып шығады. Мазмұнын түсінген соң балалар сұрақтарға жауап береді.
Балапан мен мысық
Д. Мамырова
Наурыз айы келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар мәз болып әсем әуенге басты.
- Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?
Шығармашылық жұмыс
Сабақта шығармашылық жұмыс бойынша оқулықта берілген суреттерге қарап, оларға қандай қамқорлық жасау керектігін айту тапсырылады. Оқушылар бұл жумысты жекелей немесе топпен орындауларына болады. Балалар жұмыс нәтижесін сынып алдында жария етеді.
Жаңа ақпарат
Мұғалім оқушыларды оқу ақпаратымен таныстырады. Оқу ақпаратында «Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді» деп айтылған. Оқушылар ақпаратпен танысып, мұғалімнің басшылығымен өз ойларын қосып түйіндейді.
Ойын
Балалардың белсенділіктерін арттыру үшін «Ұядағы балапандар» ойыны өткізіледі.
Оқушылар «балапан», «қарақұс», «ұя» сөздерін айта отырып үш топқа бөлінеді. «Ұя» тобы шеңбер жасап дөңгелене тұрады. Шеңбер ортасына «Балапан» тобы жайғасады. «Қарақұс» тобы қапысын тауып ортадағы балапандарды шеңберден шығарып алуға тырысады. Оларды «ұя» тобы қорғайды. Егер «қарақұс» тобынан бір бала шеңбер ішінде қалып қойса, онда ол «балапан» тобының бір оқушысын шеңбер ішінен шығарып алса, ол оқушы «қарақұс» тобына қосылады. Осылайша ойын жалғаса береді. Саны көбейген топ ойынның жеңімпазы аталады.
Қорытындылау
Мұғалім сабақты қорытындылайды:
-Қамқорлық-адамның адамға, адамның табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы. Біз бүгінгі сабақта қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім: «Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тоты құс, қоян, лақ, қозы, т.б.) суретін салыңдар» –деген тапсырма ұсынады.
Соңғы тыныштық сәті
- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!
Мектеп: «Топқайың орта мектебі»КММ Өзін-өзі тану
Сынып: 8-сынып Күні Сабақ №12-13
Оқушылар саны:
Тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан»
Құндылықтар: Адамгершілік.
Қасиеттер: адамдарға тілеулес, ізгі ниетті болу, қоршаған ортаға құрмет, ешбір жан мен затқа ойымен, әрекетімен де жамандық жасамау.
Көрнекіліктер: бейнематериалдар, музыка әуендер, слайдтар.
Құрал жабдықтар: персоналды компьютер, флэшка.
Сабақ типі:Дәстүрлі
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, танымдық ойындар, шығармашылық жұмыс.
Қажетті құралдар: оқулық, плакат, гүл, үнтаспа, желім, қайшы, суреттер. Тақтада: «Достық әлемі» сөзі.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезені. Тыныштық сәт:
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Қандай әсер алдыңдар?
Көз алдында не елестеді?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Достық деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
2.Достың көп болуы мүмкін бе?
3.Нағыз дос қандай болу керек деп ойлайсың?
Ендеше бүгін, біз достық туралы әңгімелесеміз. Өткен сабақты еске түсірейікші. Біз қандай баламыз?
Иә бақытты балаға көп дос керек екен.
1.Сендерге достар керек пе?
— Ал, кезекпен айта қойыңдар. (ән ойналып тұрады) Оқушылар кезекпен өз досы туралы әңгімелейді.
2. — Балалар сүйікті достарың бар ма?
— Кімдермен дос болуға болады?
— Олай болса, біз қазір достарымызға жүрекжарды тілектерімізді жазайық— Ол үшін өздерің қалаған түрлі — түсті дөңгелек қағаздарды ала қойыңдаршы (атап ашу)
— Неге бұл түсті таңдап алдыңдар? (оқушылардың жауабы)
— Сары түстер — сүйкімді балапанға
— Көк түстер — ашық аспан астына
— Жасыл түстер — жасыл табиғатымызға
Мәтінмен жұмыс «Екі дос» әңгімелеп беру
Мұғалім сөзі:
— Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар достық қажет пе? (мақал)
— Адаммен адам ғана дос бола ма? (балалардың жауабы)
Дәйексөз
«Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады».
Цицерон
Дәйексөзді талдау .
Жағдаяттарды талдау
Арманның айбекке деген қандайниетін аңғардыңдар?
Оқиғаның соңы қалай болады деп ойлайсыңдар?
Досың қиналғанда қол ұшын берген сәтің болды ма?
V. Қорытынды:
Ал, сендер достарыңмен әрқашан бірге болу үшін, мен сендерге бір аңыз айтып берейін. Сендер оның кейіпкері боласыңдар.
— Ертеде бір ата болыпты. Бір күні балаларын шақырып:
— Міне, сендерге бір — бір таяқшадан беремін. Оны сындырып көріңдерші. (балалар сындырады)
— Қалай сынды енді, біріккен таяқшаны сындырыңдаршы. Бір — бірлеп жүрсеңдер сендер де тез сынасыңдар, бәрің бірге жүрсеңдер ешкім сендерді сындырмайды. Тату — тәтті болу керек. Бірлік бар жерде тірлік бар.
— Сендердің достарыңа қуанып, біздің әсем гүліміз одан сайын жайқала түсіпті.
Соңғы тыныштық сәті
— Қол ұстасып, дөңгеленіп тұра қалайық та достығымызды бір — бірімізге жеткізейікші. Мысалы: (атын атау), мен сенімен достасқаныма қуаныштымын. .....сенімен дос болғым келеді.
— Ендеше, әрқашан досымызбен бірге болып, келесі сабағымызға барайық. (ән әуенімен оқушылар сыныптан шығады).
ІІ сабақ
Сұрақ:
Достардың үнемі бір көзқараста болуы мүмкін бе?
Досыңның қателігіне, кемшіліктеріне көз жұма қарайсың ба?
Жағдаяттарды талдау.
1 жағдаят бойынша сұрақ:
Сарман дұрыс істеді деп ойлайсың ба? Оның істегені нағыз достыққа жата ма?
Оның орнында сен болсаң не істер едің?
2 жағдаят бойынша сұрақ:
Айша не себепті бармады деп ойлайсың?
Сендерде сондай жағдай болса не істер едіңдер?
Дәйексөз.
Жақсымен дос болсаң – жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң – қаларсың ұятқа.
Мақал
Соңғы тыныштық сәті
- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |