Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Музыка
Сынып: 2 Күні 19.01 Сабақ № 18
Сабақтың тақырыбы : Қытайдың дәстүрлі музыкалық театры
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды қытай халқының дәстүрлі
музыкасымен таныстыру
Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу
қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды талғампаздыққа ,ұйымшылдыққа
тәрбиелеу
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Көрнекілігі : Оқулық ,суреттер, үнтаспа
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезең
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақ түсіндіру
Қытай музыкасы:
Қытай музыкасы - Қытай музыкасының тарихы бірнеше мың жылдықтарды құрайды. Оған Орта Азия, Орталық және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияның музыкалық дәстүрлері ықпал етіп, әр түрлі тарихи кезеңдерде Қытай мемлекетінің кұрамына енген халықтардың (ұйғыр, тибет, монғол, маньчжурлар) музыкалық элементтерін бойына сіңірді. Өзі де Корея, Жапония, кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиты алабыхалықтарының музыкаларына үлкен әсер етті. Қытай музыкасы ертеден діни, философиялық-идеологиялық ілім негізінде дамыды. Конфуцийлік трактаттарда музыка табиғатының космологиялық концепциясы зерттелді. Оның мемлекетті баскарудың бір тәсілі, адамдарды тәрбиелеудегі маңызды фактор және әлеуметтік үйлесімділікке жету құралы ретіндегі әлеуметтік-саяси рөлі атап көрсетілді. Даосизмнің түсініктері бойынша, музыка адамның табиғи психоэмоционалдық реакцияларының көрінуіне және оның табиғатпен бірігуіне мүмкіндік жасау керек. Буддистік дүниетаным музыкадағы мистикалық негізді атап көрсетті, ол болмыстың мәнін ұғынуға, адамның рухани жетілу кезіне көмектеседі. Музыкадағы көп дәрежелі символикалық ойлау жеке музыкалық үндердің, музыкалық аспаптардың, музыканың түрлері мен жанрларының әлемнің элементтері мен әлеуметтік-саяси жүйелерімен сәйкес болуын бейнеледі
Әйгілі сазгерлердің ішінде: Ли Хуаньчжи, Лю Чжи, Цюй Си сяньэр, Цюи Вэй,Чжу Цзянь және т. б. бар. Музыка танушылар ішінде: Ян Иньлю, Люи Цзи,Вань Юйхэ; орындаушьщір ітттінде дирижерлер — Ли Дэлунь, Ян Лянкун; әншілер — Чжоу Сяоянь, Вэй Чисянь, Ху Сунхуа; пианистер: Вэй Данвэн, Ли Чжэн; скрипкашылар — Шэн Чжунгр, Ху Хуэн, Сюэ Вэй; халық аспаптарында орындаушылардың ішінде Лю Дэхай (пипа), Чжан Чжэхуа(эрху), У Диньлюэ, У Вэнгуан (цинь) бар. ҚХР-да шамамен 40 музыкалық журналдар шығады, соның ішінде "Жэньмин инью" ("Халық музыкасы"), "Иньяньцзю" ("Музыкалық зерттеу"), "Чжунго иньюэсюэнің" ("Қытай музыкатануы") орны ерекше. Жыл сайын музыкалық фестивальдар өткізіліп тұрады. ҚХР-да (1988) Пекиндегі Орталық мемлекеттік опера театры және Қытай театры, Пекин мен Шанхайда ба лет театры, Пекиндегі симфониялық оркестрлер, Қытай халық аспаптарының орталық оркестрі, Шығыс халықтарының ән-би ансамблі, Орталық ұлттық ән-би ансамблі жәнө бірнеше ансамбльдер бар. Музыканттар одағы, 8 жоғары оку орындары жұмыс істейді
Қорытындылау : Сабақты сұрақтар қою арқылы бекіту
Бағалау: Оқушыларға тиісті бағасын қою
Үйге тапсырма: Тақырыпты үйден оқып келу
Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Музыка
Сынып: 4 Күні 26.01 Сабақ № 20
Тоқсандық тақырыбы: Еуропа театрларына саяхат
Сабақтың тақырыбы: Еуропаның атақты опера театры – Ла-Скала
Сабақтың мақсаты:
Жалпы опера театрлары туралы жан- жақты мағлұматтар беру.
Білімділік мәні : Театр туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.
Тәрбиелік мәні : Театр халық өмірін , тарихи шындықты, табиғат көріністерін баяндайтын, сахнада көрсете білетін мәдени шаңырақ екендігін жеткізе білу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.
Үй тапсырмасы:
1. Опера дегеніміз және опера театрлары деген не?
2. Опера театрларының шығу тарихы туралы не білесің?
Жаңа сабақты түсіндіру: Еуропаның атақты опера театры – Ла-Скала.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Сабақтың барысы:
Опера – театр сахнасында қойылатын музыкалық драмалық шығарма.Театрдағы ең басты адам – режиссер. Суретшілер режиссерге сахнаның декорациясын жасауға көмектеседі.Ал модельер болса сахна әртістерінің киім үлгілерін даярлайды.
Театрдың өзіне тән бірнеше ережесі бар:
Бірінші ереже: Кешікпей келуің керек. Гардеробқа сырт киіміңді шешіп қоясың. Өйткені театрда сырт киіммен жүруге қатаң тыйым салынған.
Екінші ереже: Өте сыпайы болу керек. Егер театрға уақытынан кешігіп қалсаң, орныңды іздеп,көрермендерді мазаламағаның дұрыс болады. Ең дұрысы, бос орындардың біріне немесе балконға жайғасып отырғаның жөн.
Үшінші ереже: Шулауға болмайды. Театрға кіргенде ұялы телефонды сөндіріп қою қажет.Спектакль немесе концерт өтіп жатқанда сусын ішіп, балмұздақ жеуге болмайды. Бұл үлкен әдепсіздік болып саналады.
Төртінші ереже: Әртістер мен музыканттар сахнадан кеткенше күту керек. Көрермендер қол шапалақтап, алғыстарын білдіреді. Содан соң залдан шыққан жөн.
«Ла Скала» - (La Scala) әлемдік опера мәдениетінің дамыған орталығы. Опера театрының ірге тасы 1778 жылы яғни XVI ғасырда қаланған. Бұл театр әлемдегі ең әдемі сәулетті құрылыс болып есептеледі. Театр сахнасы аса үлкен болмаған. Көрермендер доға түрінде биік етіп салынған бес қабаттан тұратын ложаларға жайғасып отыратын болған.
Ложаға 8-10 адамнан артық адам отырмаған. Залдың орталық бөлігін партер деп атайды. Партерде орналасқан орындықтар жиналмалы әрі жылжымалы болған. Өйткені театрда тек қана опера ғана емес, онда түрлі би балдары мен корридалар да өткізіліп отырған.
XIX ғасырдан бастап театр тек музыкаға арналған опералық театр болып қалыптасады. Театрға арнап әлемнің ең дарынды композиторлары өздерінің ғажайып операларын жазады. Ал әлемнің ең танымал опера әншілері мен дирижерлары «Ла Скала» театрының сахнасында болуды өмірлік мақсат еткен Сонымен бірге Еуропа, Америка, Жапонияның бай саяхатшылары «Ла Скала» театрында болғанды өздеріне мәртебе санаған.
Қорытындылау:
1. Опера дегеніміз не?
2. Театрдың өзіне тән ережесі қандай?
3. Театрға барғанда өзіңді қалай ұстауың керек?
4.Ла Скала театры туралы не білдің?.
Үйге тапсырма. Еуропаның атақты опера театры – Ла-Скала. Театрға арналған ережені жаттау.
Бағалау.
Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Музыка сабағы
Сынып: 2 Күні10,17.09 Сабақ № 2-3
Сабақ тақырыбы: Құрманғазының «Бұқтым -бұқтым» күйімен танысу
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Бұқтым- бұқтым күйінің шығу тарихымен таныстыру, дамытушылық: баланың есте сақтау қабілетін, тіл байлықтарын дамыту;
тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ержүректілікке, мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Сабақ типі: дәстүрлі
Сабақ түрі: аралас
Әдіс -тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ жауап, көрнекілік
Көрнекіліктер: күйтабақ, үлестірмелі қағаздар,тақия, слайд, сиқырлы домбыра
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
|
Сабақ мазмұны
|
I.Ұйымдастыру
кезеңі
II. Өткенді қайталау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекіту
V. Сергіту сәті
VI. Қорытындылау
VII. Бағалау
|
-Сәлемет пе балалар?!
- Сәлеметсіз мұғалім!
(домбырамен ойнап)
Бүгінгі сабағымызда Құрманғазының «Бұқтым-бұқтым» деген күйімен танысамыз.
Күймен таныспас бұрын мынандай
сұрақтарға жауап беріп көріңдер.
- Күй дегеніміз не?
- Күй дегеніміз- аспапқа арналып жазылған музыкалық шығарма. ( бірнеше оқушының жауаптары тыңдалады)
Күй қай аспапта орындалады?
- Біз қай компазитордың күйлерімен танысып жатырмыз?
- Біз Құрманғазы атамыздың күйлерімен танысып жатырмыз.
Қазір бір ойын ойнап жіберейік.Ойынның аты «Күйді тап!» деп аталады.
Мен қазір сендерге осы күнге дейін танысқан, Құрманғазы атамыздың бірнеше күйлерінен үзінді тыңдатамын. Ал сендер оны мұқят тыңдап,қай күй екенін ойланып отырып табуларың керек. Алдыларыңдағы үлестірмелі қағаздарыңда күйдің аты жазылған. Жауаптарыңды сол қағазды көтеру арқылы білдіріп отырасыңдар.Ал сендердің жауаптарыңның дұрыстығына мына сиқырлы домбыра жауап береді.Жауаптарың дұрыс болса домбыра сөйлеп қоя береді. Ойынның шарты түсінікті болса ойынды бастайық.
1. «Аман бол, шешем аман бол»
2. « Арба соққан»
3. « Түрмеден қашқан»
4. « Кісен ашқан»
5. « Қызыл қайың»
( жауаптың дұрыстығын сиқырлы домбыра арқылы анықтап, мадақтап отырамын)
-Балалар, сендер барлық күйді жақсы біледі екенсіңдер. Мен сендерге риза болып тұрмын.Ал, қазір Құрманғазы атамыздың тағы бір күйімен танысамыз. Күйдің аты «Бұқтым – бұқтым» деп аталады.
Балалар, бұқтым- бұқтым деген сөзді қалай ұғасыңдар?
Мен сендерге сол күйдің тарихын айтып берейін.Сендер мұқият тыңдаңдар.
Құрманғазы түрмеден қашып үйіне келеді. Үйіне келсе, анасы жалғыз отыр екен. Анасы Құрманғазыға бар болған мән- жайды айтып береді. Әйелі мен баласын құғыншылар алып кеткенін естіген Құрманғазы қарап қалмайды. Оларды құтқарып алуға жолға шығады. Күн жүреді, түн жүреді. Сөйтіп алыстан әйелі мен баласын алып кеткен қуғыншыларды байқап қалады. Олар байқап қоймасын деп Құрманғазы сайға да бұғып, жыраға да бұғып, ақырын басып олардың жанына жақындайды. Қараса қуғыншылар мылтықтарын тасқа сүйеп қойып ұйықтап жатыр екен. Құрманғазы олар оянып кетпесін деп ақырын дыбыстап әйеліне белгі береді. Құрманғазының дыбысын танып қойған әйелі ақырын басып дыбыс шыққан жаққа қарай жүреді. Құрманғазы оларды аттарын қойған жаққа жіберіп, өзі ақырын басып таста сүйеніп тұрған мылтықтың біреуін алып ақырын басып қашып кетеді. Таңертең қуғыншылар оянса Құрманғазының әйелі де баласы да жоқ. Содан олар бастықтарына өтірік айтады. Құрманғазының әйелі мен баласы қашып кеткенде қасқырлар жеп қойды , ал біз қасқырлармен арпалысып жүргенде бір мылтығымызды суға түсіріп алдық дейді. Ал Құрманғазы болса, аман – есен әйелімен баласын алып үйіне оралады. Үйіне келіп, дем алып, барлық болған оқиғаны есіне алып, сол оқиғаға «Бұқтым- бұқтым» деген күйін шығарады.
Қазір барлығымыз осы «Бұқтым – бұқтым» күйін тыңдайық. Күй тыңдағанда қалай отыру керек? Менің әңгімем бойынша күйді тыңдай отырып болған оқиғаны елстете отырыңдар.(күй тыңдайды)
Балалар, көз алдыларыңа не елестеді?
Құрманғазының бұл күйі де сөйлеп тұрған сияқты.Қазір ,балалар күйді тағы бір рет тыңдап, көрейік.бұқтым- бұқтым деген жерлерін естігенде Құрманғазы аталарыңның жүрісін көрсетіп көріңдер.
Өте жақсы балалалар.
Сонымен бұл күй қалай аталады екен?
Түрмеден қашып шыққан Құрманғазы қайда келеді?
Құрманғазы шешесінен қандай хабар естиді?
Әйелі мен баласын кімдер ұстап алып кеткен екен?
Құранғазы не істемекші болады?
Солдаттар патшаға не деп мәлімдеді?
Сендер Құрманғазының орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Адамдар жақын адамдары үшін отқа да суға да түсуге дайын болу керек.
Жақсы балалар, қазір сабақты күй үйренумен жалғастырамыз.
Қазір өзімізді күйшіміз деп елестететіп,. үлкен сахнада өнер көрсетіп отырмыз деп ойлайық. Қазір күйдің әуеніне беріліп домбыра ойнап көрейік.
Өте тамаша!
Сабағымыздың соңында қазақтың ұлттық ойыны «Тақия тастамақ» ойынын ойнайық. Музыка әуенімен тақияны кезек- кезек киіп, музыка тоқтағанда тақия кімде қалса сол бала тақияны басына киіп тұрып, сұрақтарға жауап береді.
Бүгін біз қандай күймен таныстық?
«Бұқтым- бұқтым» күйін кім шығарған?
Құрманғазы атамыздың анасына арнап жазған күйлерін ата.
Құрманғазының баяу ойналатын күйін ата
Біз үйреніп жатқан күй қалай аталады?
-Балалар, сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
Сабаққа белсенді қатысқандарың үшін рахмет! Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!
|
Мектебі «Топқайың орта мектебі»КММ. Өзін-өзі тану
Сынып: 1 Күні 22.01 Сабақ № 19
Тақырыбы: Қамқор болып өсемін.
Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- қамқорлық туралы түсінік беру;
- адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
- қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: бейнетаспа.
Тыныштық сәті
- Сабағымызды ең алдымен тынығудан бастайық.Ол үшін жайғасып отырайық. Ыңғайланып отырыңыздар.
(Табиғат сұлулығы , әуен қою)
Көзіңізді жұмыңыз. Бірнеше рет терең демалып, дем шығарыңызда босаңсыңыз. Өсіп тұрған бір түп роза гүлін көзіңізге елестетіңіз. Бұл түпте гүлдер мен бүршік жармаған қауыздар өте көп. Енді зейініңізді ашылмаған бір қауызға аударыңыз. Ол әлі түкте ашылмаған, айналасында жасыл құрсау секілді жапырақтары бар, алайда ең үстінде қызғылт ұшы көрініп тұр. Осы бейнеге бар назарыңызды бағыттаңыз да санаңызға ұстаңыз. Енді айналасындағы жасыл құрсау жайлап, бірте – бірте ашыла бастады, төменге қарай бұралып, қызғылт гүл жапырақшалары көріне бастады. Сіз толық ашылып келе жатқан раушан гүлін бақылап отырсыз......
Енді гүлдің жапырақшалары да ашыла бастады, оның өзіне ғана тән иісін сезініңіз. Ендігі кезекте раушан гүліне күн сәулесінің келіп тұрақтағанын байқаңыз. Ол гүлге жылулығы мен жарығын сыйлап тұр... Біршама уақыт назарыңызды гүлге шомылған раушан гүліндей ұстаңыз. Гүлдің дәл жүрегіне үңіл. Сіз ол жерден бір дана тіршілік иесінің пайда болғанын сезінесіз. Ол сізге сондай бір сүйіспеншілік пен түсіністікке толы көзбен қарайды. Сіз онымен осы сәттің сіз үшін сондай маңызды екендігі туралы сөйлесіңіз. Ұялмай одан сізді толғантқан сұрақ туралы сұраңыз. Осы сәті сол қиын мәселеңізді шешу үшін пайдаланып қалуға тырысыңыз. Енді өзіңізді раушан гүлімін деп елестетіңіз. Сіз осы гүлге айналып кеттім деп ойлаңыз... Раушан гүлі мен ондағы дана тіршілік иесі сізбен бір екенін түсініңіз, олардың жақсы қасиеттерінің сізге де қонып жатқанын сезініңіз. Символикалық тұрғыдан алғанда сіз осы раушансыз, осы гүлсіз. Осы гүлге нәр беріп, тіршілік беріп тұрған құдірет сізге де сондай нәр беріп, бар мүмкіндіктерің мен ойларыңды дамытатын ой керек.
Балалар көздеріңізге не елестеді?
Қандай әсерде болдыңыздар?
-Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз.
Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Мультфильмі көрсетіледі.
Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.
- Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
- Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:
Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу.
Сергіту сәті «Көлеңке»
Оқушылар көлеңке рөлінде, ал мұғалім ортада жүргізуші болады.
Мұғалім:
-Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құмырсқа қалай жүреді?
Көрсетші менің көлеңкем.
Оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді.
Мұғалім:
-Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Құстар қалай ұшады?
Көрсетші менің көлеңкем.
Оқушылар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді (басқа да жан-жануар, жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |