Мектепова Жайнагул Ермековна
Музыка пәні мұғалімі
№50 орта мектеп
Ақтөбе қаласы
Қазақстан
Музыка сабағы. Күні: 12.03.15. Класы: 4»А»
Сабақтың тақырыбы: Неміс опера театры
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әйгілі Неміс опера театры туралы ақпарат беру.
Білімділік: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка пәніне деген қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылық: Музыка тыңдау арқылы оқушылардың есте сақтау, қиялдау, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту. Ән айту дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Басқа елдің мәдениетіне құрметпен қарауға, әсемдікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, серпілген сауал,
Көрнекіліктері: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, тақырыпқа байланысты слайдтар, фильмдер, плакаттар, үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: технология, дене шынықтыру, орыс тілі
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1.Әндетіп амандасу.
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн болсын !
Күлші кәне достым,
Күлші кәне достым.
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын,
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын.
Әр түрлі стикерлерді алу арқылы топқа бөлу:
1-топ: «Астана опера театры» (Қызыл түс)
2-топ: «Ла –скала.» театры (сәбіз түс)
3-топ: « Метрополитен опера театры». (Сары түс)
4-топ: «Орыстың Үлкен театры.» (Көк түс)
5-топ: «Вена опера театры» (Жасыл түс)
2. «Көңіл көтерейік» тренингі. (оқушылар бір-бірімен көңілді амандасу тренингін жасайды.)
- Жарайсыңдар, балалар! РАХМЕТ!
- Балалар, алдарыңдағы ақ қағаздан ұшатын транспорт жасаймыз.(Оқушылар ұшақ жасайды)
-Ұшақ не үшін керек?
-Балалар, бүгін біз сендермен осы ұшақпен Еуропа елдерінің опералық театрларына саяхат жасаймыз.
- Ол үшін сендер, бүгінгі саяхат-сабағымызда, әр аялдамадан сүрінбей өтулерін керек, сонда ғана, біз сендермен Неміс опера театрының тарихымен таныса аламыз.
- Әр аялдамаға жеткенде сіздерге берілетін тапсырмалар бар, соларды орындау арқылы бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын ашамыз.
- Ең алдымен ұшақтың дыбысын салып көрейік.(дыбысын салу)
- Енді бізге ұшақтағы басқарушы адам керек.
- Кімнің даусы жіңішке? Ол мынадай хабар береді. Құрметті жолаушылар белдіктеріңді тағуларыңызды сұраймыз! Оқушылар бәрі белдік таққандай болады.
- Ендеше, жол болсын! Ұшақтың ұшып бара жатқан видеосы көрсетіледі, дыбысын тыңдайды. Міне біз бірінші аялдамаға келіп жеттік.
І- аялдама: Тапсырмасы «Серпілген сауал» (Өткен тақырыптарға шолу.)
Әр топ ұшақты ұшыру арқылы көрші тобына сұрақтар қояды.
Мысалы: 1-топ: «Астана -Опера театры». Көрші топқа «Астана –Опера театры» туралы сұрақ қояды.
- «Астана –Опера» театры қай жерде орналасқан, және қандай операмен шымылдығы ашылды? Осылайша әр топ бірі-біріне сұрақтар қояды.
- Орыстың Үлкен театры қай қалада орналасқан? Ол туралы не білесіңдер?
- «Ла Скала» театры қай жылы , кімнің операсымен ашылды?
- «Метрополитен» опера театры жайлы айтып беріңдер.
- «Вена опера» театры туралы не білесіңдер?
- Сидней опера театры жайлы айтып бер!
Екінші аялдама: Тапсырмасы «Артығын тап»
І топ: Опера, ария, увертюра, марш, либретто
ІІ топ: Скрипка, виолончель, литавра, контрабас
ІІІ-топ: Сопрано, тенор, бас, оркестр
ІҮ-топ: А.Жубанов, Л.Хамиди, Н.Тілендиев, Л.В. Бетховен
Ү-топ: Домбыра, дауылпаз, даңғыра, Неміс
-Балалар неге неміс сөзі артық ?
- Неміс туралы не білесіңдер?
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Неміс опера» театры.
ІІ. Мағынаны тану.
Үшінші аялдама: Тапсырмасы « Біліп ал!» Жаңа тақырыпты түсіндіру. (Слайд№1)
Неміс опера театры
Берлин мемлекеттік опера театры– Германиядағы ең көне әрі үлкен музыкалық театр.Ол 1742 жылы Пруссия королі ІІ Фридрихтің тапсырысы бойынша Сарай операсы ретінде салынды. Король сарайы операсының ашылуына неміс композиторы Карл Генрих Граунның «Цезарь және Клеопатра» операсы қойылды.
Театр сахнасында дәстүрлі түрде үнемі симфониялық концерт өткізіліп тұрады. Король сарайының операсы 1918 жылдан бастап Берлин мемлекеттік опера театры деп аталады.
Билік басына Гитлер келгеннен кейін фашизмді қолдамаған неміс композиторлары, музыканттары және еврей ұлтының әртістері театрдан қуылып, қамауға алынды. Одан кейін мемлекеттік опера театры жабылып қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде опера ғимараты қирап, үйіндіге айналды. Соғыстан кейінгі жылдары опера ғимараты ұзақ жылдар бойы жөнделіп, қалпына келтірілді. Тек 1955 жылы Берлин опера театры қайтадан ашылды.
Көрермен залында 1300 орын болды. Алғашында неміс композиторы Рихард Вагнердің опералары сахналанды. Содан кейін әлемнің опералық шығармалары театр репертуарына енді. Қазір 2010 – 2015 жылға дейінгі аралықта Берлин мемлекеттік опера театрының ғимараты қайта күрделі жөндеуден өткізілу үшін жабылды. Театр ұжымы сахналық қойылымдарды Шарлоттенбург қаласындағы Шиллер театрында көрсетеді.
Неміс халқы арасынан арнайы музыкалық білімі бар кәсіби композиторлар шықты. И.С. Бах, Л. Бетховен, В.А. Моцарт, Ф. Шуберт, т.б. әлемге танымал дарын иелері болды.
Неміс музыкасы қарапайым және әсем. Кең таралған әндері – «Жастық», «Екі жұлдызша», «Пастушка пригожая», т.б. Қазақстанда халыққа танымал неміс хор ұжымдары, мәдени орталықтары, өнер ордалары бар.
Сұрақ – жауап:
- Балалар, біздің Ақтөбе қаласында немістер бар ма?
- Тағы басқа қандай ұлттар тұрады?
- Олармен біз қандай қарым –қатынастамыз?
- Балалар, биыл 2015жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлап жатырмыз.
- Біздің Ақтөбеде Достық үйінің ғимаратында Ақтөбе облысындағы 18 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды.
Облыстық Достық үйі 2008 жылы құрылып, 2009 жылдың қыркүйек айының 10-ы күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысумен салтанатты түрде ашылды.
Жыл сайын Республикалық халықтар достығы фестивалі аясында «Бейбітшілік мейрамы» облыстық халықтар достығы мерекесі ұйымдастырылады.
Музыка тыңдау: Карл Генрих Граунның «Цезарь және Клеопатра» операсынан үзінді тыңдау. Клеопатра VII Филопатор – Мысырдың соңғы патшайымы, Птолемей әулетінен шыққан. Клеопатра Птолемей ХІІ-нің қызы. 21 жыл елді басқарған. Римнің әскери қолбасшысы Марк Антонийға деген драматикалық махаббатымен аты шығып, көптеген әдебиет шығармаларда және кинода бейнеленген. 52 жасар Цезарь Клеопатраға ғашық болып қалып, Риммен Мысырдың арасында қарым-қатынасы артып, император Тибрдың жағасында Клеопатра үшін вилла соғады.
Музыка тыңдау .Бетховен «Фиделио» операсы. (Операдан үзінді көрсету)
Төртінші аялдама: Тапсырмасы «Ән айтайық!»
Кане, даусымызды жаттықтырып, денемізді шынықтырып ән салайық.
Сергіту сәті. «Шел по лесу музыкант» әнін қимылмен орындау.
Ән орындау. Осындай үлкен неміс опера сахнасында біздің ұлы Абайдың әндері де шырқалған. Олай болса қане Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындаймыз
ІІІ. Ой толғаныс.
1.Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Бесінші аялдама: Тапсырмасы «Әуенді тап» ойыны
М.Төлебаев «Біржан Сара» операсы
Жорж Бизе «Кармен» операсы
П.И.Чайковский “Щелкунчик»
Л.Бетховен «К Элизе»
- Неміс операсы туралы не білдік?
- Кімнің операсымен ашылды?
ІҮ. Бағалау: «Бес бармақ» әдісімен әр топтың басшылары көрші топтарды бағалайды.
Ү. Үйге тапсырма: Неміс опера театры туралы мәлімет әкелу.
- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
- Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |