4-БӨЛІМ:
Бізді қоршаған әлем
|
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ауа райы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Е.Мектепова
|
Сынып: 1а
|
Қатысқан оқушылар саны: 26
|
Қатыспаған оқушылар саны: -
|
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары
|
1.1.1.1. Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау.
1.1.2.1. Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
1.1.2.1. Музыкалық фразалар шығару үшін идеялар ұсыну.
1.3.1.1. Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.
Ырғақ, дыбыс күші туралы музыкалық сауатын ашады.
Топпен жұмыс істеуге бейімделеді.
Curwen қолдың жүйелік белгілерінің кестесін пайдалана алады.
|
Оқушылардың көпшілігі:
Табиғат пен ауа райының алуан түрлі құбылысына бақылау жүргізеді, суреттеп, сипаттай алады.
Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.
Бір-бірінің іс-әрекетін бағалайды.
Шулы аспаппен ырғақты ұрып көрсете алады.
|
Кейбір оқушылар:
Дыбыстар мен символдарды байланыстырады.
Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды.
Топпен қосылып ән айтуға талпынады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар тілді барынша нақты пайдалануға ынталандырамын.
Оқушылар: Салыстырмалы түрде ырғақ,дыбыс күші жайлы толық ақпарат алады.
Пән лексикасы мен терминолоиясы:
Жай және жылдам, асықпай, тез.
Curwen қолдың жүйелік белгілері.
Ырғақты қимыл жасау.
Қатты, ақырын дыбыс.
Музыкалық дыбыс күші.
Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Бұл ырғақты әннің қай бөлігінен естідің?
-Себебін түсіндіре аласың ба?
-...неліктен екендігін айта аласың ба?
- Ән әуеніне қандай ырғақты қимыл жасар едің?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Оқушылар алдыңғы бөлімдерде, сабақта және сабақтан тыс уақытта алған музыкалық бөлімдерін көрсетеді, орындайды, пікір айтады.Өз шығармаларын көрсетеді, белсенділігін арттырады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ сатылары
|
Сабақтағы жоспарланған әрекет
|
Ресурстар
|
0-5 минут
|
(Ө)Оқушылармен үш тілде амандасу.
Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз
Жарқырап шыққан күнге.
Ауа райының аудиожазбасын тыңдатымын және оқушыларға естіген дыбыстарға сәйкес әрекет жасай отырып сынып ішінде орын ауыстыруларын сұраймын. Оларға жазбалардың ауа райымен байланысты екендігін жасырып айтпаймын.
|
Табиғат дыбыстары
nature-melody.ru
|
Сабақтың ортасы
7-11
12-14
15-20
21-35
|
(Ұ,Қ) Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
-Қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
-Оларды естігенде, нені елестетесіңдер?
(Оқушылар жауабы тыңдалады.)
(Ө,ОТ) Пікірталас:
-Бұл дыбыс нені есіңе түсіреді?
-Оны қалай сипаттар едің?
-Осы дыбыстарды табиғат аясында естісең, қандай шешім қабылдар едің?
(МК,Ұ,)Үштілділік: ауа райы-погода-weuther- қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйретіледі.
(ОТ, Қ) Оқулықтағы суреттерге қарай отырып естіген дыбыстарды сипаттап, өмірмен байланыстырып мысал келтіре мазмұндауын ұйымдастыру.
Сергіту сәті: «Нөсер»
(ОТ)Ұйқасын тап:
Жаңбыр бітті, алақай,
Далаға шық, ... (балақай)
Балалардың ой-пікірлері тыңдалады.
(Ұ,Қ) Ән үйрену: «Rain, Rain, Go Away» «Жау, жау, жаңбыр» (ағылшын тілінде)
Ми, соль дыбыстары қолданатын жеңіл ән.
(МК,ҰҚ) Әннің жеңіл ырғағын оқушыларға көрсетемін. Ырғақтарды бірге асатаяқпен сілкіп ойнатамын.
-Бұл ырғақты әннің қай бөлігінде естідіңдер?
(ҰҚ) Қол белгілерін қолдана отырып соль, ми ноталарын әннің қай бөлігінде қолдануға болатынын көрсетемін.
Оқушыларға ксилофон аспабында әннің әуеніндегі соль,ми ноталарының орналасуын көрсетемін Мысал ретінде «Rain, Rain, Go Away» әнінің жағдайында:
соль, ми, соль, ми(G E G G E).
|
Үлгі ретінде ұсынылатын ән
htt //www.youtube.
com/watch?v=
KAYo8a8AHg
Ұрмалы,шулы аспаптар жиынтығы
Audacity http: //audacity.
Sourceforge.net/
«Жаңбыр»(А.Тани,А.Естенов)
Ксилофон аспабы
|
Сабақтың соңы
35-45
|
(МК,Ұ, Қ) Музыкалық аспаптарды, қол шапалақтауды, шертуді және т.б қолдана отырып барлығымыз әнді бірге орындайық. Балаларға өз орындауларын бағалауға мүмкіндік беріледі.
|
Аудиожазба, ұрмалы аспаптар.
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация- көбірек қолдану көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
|
Бағалау-оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыстар
Денсаулық және қауіпсіздік.
Ақт- мен байланыстар
Құндылықтармен байланыстар «тәрбиелік элемент)
|
Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау.
Оқушы жүргізуші бола алады.
Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.
|
Бақылау,тыңдау,оқушыларға
ойлануға берілген сұрақтар:
-Ауа райы мен табиғат құбылыстары дыбыстарының айырмашылығын оқушылар ажырата ала ма?
-Тілді меңгеруде қандай өзгерістер байқалды?
- Curwen қолдың жүйелік белгілерін балалар қалай меңгерді?
|
Көркем еңбек, дүниетану пәндерімен, халық ауыз әдебиетімен байланыс.
Жан-жануарларды, табиғатты қорғау,достарының пікірлерін құрметтеу,бағалай білу, топ мүшелерінің іс-әрекетін бақылауға дағдылану.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаттары\оқу мақсатары шынайы болды ма?
Оқушылар бүгін нені үйренді?
Сабақтағы көңіл күй қандай болды?
Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?
САбақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе?
Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер еңгізуді қалар едім?
|
Бұл бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз.Сол жақ бағанадағы өз сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды баға
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті?(сабақ беру, үйрету туралы ойланыңыз?
1:
2:
Қандай екі нарсе сабақты жақсартатын еді( сабақ беру туралы сондай-ақүйрету туралы ойланыңыз?
1:
2:
Мен сабақ барысында сынып және жекеленген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?
|