Хамзин Нұржан Әлімжанұлы Жангелдин орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Аралбай ауылы 1916 ж. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс 9 сынып Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихи мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.
Дамытушылық: ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күреске талдау жасап, топтамалар арқылы ой-өрісін дамытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге, оқушылардың бойына ұлтжандылық, отаншылдық тәрбие бере отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.