Пәнаралық байланыстар
|
Ұлпалардың құрамында кездесетін заттарды қарастыру арқылы химия пәнімен байланысады.
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрамбөліктерін анықтай алады. «Жасуша», «ұлпа», «мүше», «ағза» ұғымдарын, ксилема мен флоэма туралы 7 -сынып бағдарламасынан біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақ қезіндегі іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
І. Ой шақыру
0-2 мин
|
Ой толғау: Ағзалар зат алмасу, өсу, көбею сияқты тіршілік процесстерін жүзеге асыруға қалай бейімделген?
сұрағы талқыланады.
Оқушылар сұрақ туралы жеке ойланып, жұпта/топта талдап, сыныппен бөліседі.
Оқушылар ағзаның құрылымдық деңгейлерге бөлінуі олардың түрлі процесстерді атқаруға деген бейімделушілігі деген қорытындыға келуі тиіс.
Талқылау соңында оқушылардан қандай құрылым деңгейлері болады сұрағын талқылай отырып, жасушалар тобын ұлпа деп атайтынына тоқталады. Осы ұғымның анықтамасын беру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. Мұғалім ұлпаның өздеріне таныс (ксилема, флоэма) түрлерін атай отырып басқа түрлерімен танысатындығына тоқталады.
|
1-2 слайд
|
8 мин
|
Мұғалімнің түсіндірмесі. Таныстырылымдағы ақпаратты оқушыларға сұрақтар қоя отырып түсіндіреді. Мысалы, ұлпаның қандай түрлерін біледі, ксилема мен флоэма қайда орналасқан, олардың атқаратын қызметтері қандай? т.б.
Мұғалім оқушыларға әртүрлі станцияларды аралай жүріп өсімдік жануар ұлпаларының ерекшеліктерін зерттеуді ұсынады. Бұл әрекет барысында оқушылар жұмыс парағының көмегімен зертханалық жұмысты орындайды.
Зертханалық жұмысты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды техникалық қауіпсіздік ержелерімен таныстырады.
Микроскоппен жұмыс кезінде ылғи да ең кіші ұлғайту обьективімен жұмысты бастау ескертіледі. Басқа ұлғайтуға көшкен сайын заттық үстелді төмен түсіру қажет екендігі айтылады.
Станциялар:
паренхима
колленихима
склеренхима
эпидермис
флоэма
ксилема
жануар ұлпалары.
Әр станцияда ұлпа түрі туралы ақпарат, суреті, микропрепараты немесе тірі үлгісі қойылған.
Осы ресурстардың көмегімен оқушылар өсімдік жануар ұлпаларының түрлерімен танысып, зертханалық жұмысты орындайды. Тірі үлгі, сурет, сызбалардан ұлпа түрінің ерекшеліктерін анықтап, суретін салып, қысқаша сипаттамалар береді.
Кейбір ұлпалардың суреттері, тірі үлгісі немесе микропрепараты болмаса оқушыларға видеоматериалдарды қолдану ұсынылады. Видеолардың көмегімен зертханалық жұмыстың кейбір бөлігін орындауға болады.
|
|
|
7 мин
|
Ұлпа түрлерін, олардың орналасуын, атқаратын қызметін түсінгендігін анықтау үшін қорытынды тапсырманы орындау ұсынылады. Тапсырманы орындағаннан соң оқушылар өзара бағалау жүргізеді.
|
5-қосымша
|
Сабақтың соңы
|
3 мин
|
Кері байланыс
Сабақта болған үш әрекетті талқылау
І. Біз бүгін оқыдық...
ІІ. Бізде жақсы іске асты...
ІІІ. Бізге қиын болды...
Кері байланыс сабақ барысындағы іс-әрекеттер емес тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі.
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |