Пәні, сыныбы: Информатика, 8 сынып
|
Күні:
|
Сабақ №24
|
Сабақтың тақырыбы
|
Практикалық жұмыс
|
Жалпы мақсаты
|
Мәтіндік редакторды іске қоса алады; мәтіндік процессор туралы түсінік қалыптасады; құжаттарды құра және сақтай алады.
|
Оқу нәтижелері
|
Білімділік: Оқушылардың ЕХСЕІ кестелік процессоры, негізгі түсініктер мен амалдар, Excel мүмкіндіктері, жұмыс кестесінің элементтері, жаңа құжатты сақтау, құру, ашу, берілгендерді енгізу және оларды редакциялау туралы білімдерін практикада қалыптастыру.
Тәрбиелік: Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың көре және ести отырып, есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту, ойындар арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
|
Сабақ түрі:
|
Жаңа білімді меңгерту.
|
Сабақтың әдісі:
|
ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме
СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау
ОҮБ: (формативті, сумативті)
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік
тапсырмалар
|
Көрнекілігі
|
ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.
|
Түйінді идеялар
|
Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
|
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Уақыты: 5 мин
|
Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Тренинг: «Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Оқушылар үстелдін үстінде жатқан жасырын парақтарды тандау арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.
|
Тұсаукесер
Уақыты: 5 мин
|
Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап түрінде тексеру.
Кесте дегеніміз не?
Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі.
Жол дегеніміз не?
Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі
Баған дегеніміз не?
Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі
Ұяшық дегеніміз не?
Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.
Сұрақтарға жауап ала отырып, жаңа сабақ мақсатмен таныстырып оқушы зейіні жаңа саббаққа бағыттау
|
Негізгі бөлім
Уақыты:25 мин
|
Мағынаны тану.
1-топ: Процессор.
2-топ: Монитор.
3-топ: Пернетақта.
Формативті бағалау ( қол белгісі бойынша )
Деңгейлік тапсырмалар:
Топтастыру: (топты таныстырады)
Процессор.
Лидер, яғни жұмыстың басы. Бір тақырыпты түсіндірмес бұрын, өмірдегі қарапайым мысалдардан бастағанды ұнатады. Компьютердің миы болғандықтан, барлық жұмыс осыдан басталады.
Негізгі қасиеттері: шыдамдылық, сыпайы және барлығына басшы бола алады.
Монитор.
Бұл негізгі жұмыстың бет бейнесі. Ол алдына нақты мақсат қойып, соған барлық қабілетін шоғырландырады. Ол өзінің және қарамағындағылардың жұмысын басшылыққа көрсете біледі. ең басты қасиеті өзіне сенімділік.
Пернетақта.
Барлық құрылғылардың ішінде ең жақсы қарым қатынасқа түсуші және тыңдаушы. Оған тән қасиеттердің бірі жоғары эмпатиясының дамығандығы мен сезімталдық. басқалардың қуанышы мен қайғысы өзінің басынан кешкендей сезінеді. Басты қасиеті адамдарға қолынан келгенше әрдайым көмек береді.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға үйге жаңа тақырыпты өздігімен оқып, түсіндіру берілген. Сол бойынша оқушылар, яғни топтар жеке-жеке жаңа тақырыпты түсіндіреді.Тақырып бойынша дайындалған презинтация арқылы түсіндіру.
Сергіту сәті. «Қар жорға» биі.
Бекіту тапсырмасы:
Ал енді оқушылар практикалық жұмысқа өтейік.
1 тапсырма. Excel программасын іске қосу, және оның негізгі ұғымдарымен танысу.
Стандартты және пішімдеу аспаптар тақтасының барлық белгілерінің қызметін көріңіз.
Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.
2 парақты (Лист 2 парағын) шертіп, 2-параққа ауысыңыз, 3-параққа ауысыңыз, 1-параққа қайта оралыңыз.
2 тапсырма. Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.
Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.
(әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі)
"Шығармашыл оқушы" (8 минут уақыт)
1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.
2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.
3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.
4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.
5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.
6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.
7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.
8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.
9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.
10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.
11-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.
А1 ұяшығына кестенің тақырыбын енгізіңіз.
Тақырыпты енгізу үшін алдын ала А1: Е1 аумағын белгілеңіз, содан кейін мына команданы орындаңыз: Пішім (Формат) —Ұяшық (Ячейка) —Қосымша (Вкладка) —Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки)
В3:Д6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз
Кестені сақтаңыз.
|
Қорытынды
Уақыты: 6 мин
|
Ой толғаныс .
Сабақты бекіту.
(оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, топ басшысы қорытындылайды)
Электрондық кестелер қайда қолданылады?
Excel программасын қалай іске қосамыз?
Excel мен Word процессорынан айырмашылығы атаңыздар?
Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіңдер?
Рефлексия
Не үйрендім?
|
Не үйренгім келеді?
|
|
|
|
Үй тапсырмасы
Уақыты: 2 мин
|
Үйге: тақырыпты оқу және интернеттен қосымша мәліметтер алу.
§26, §27 тақырыптары бойынша бақылау сұрақтарына дайындалу.
|
Бағалау
Уақыты: 2 мин
|
Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады.
|
Дерекккөздер
|
Н.Ермеков, Н.Стифутина «Информатика-7» оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012, 7-сыныпқа арналған электрондық оқулық, «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары
|
1 топ. Процессор.
Балалық шақта біз, қоршаған ортаны зерттеу кезінде, ең алғаш сандармен қақтығысамыз. Қарапайым тапсырмаларды шеше бастаймыз: мысалға, сенде мынанша кәмпит бар, сен оның мынаншамасын досыңа бердің, сонда сенде қанша кәмпит қалды дегендей.
Өсе келе біз одан да қиын тапсырмаларды шеше бастаймыз. Егер әр өткізген күнімізге қарасақ, олардың біреуіде математикалық есептеулерсіз өтпеген. Мысалы, дүкенде ақша санаймыз, қоңырауға қанша уақыт қалғанын, және сол сияқты есептеулерді біз мида есептейміз.
Егер сіздер қаржыгер, бухгалтер немесе менеджер болсаңыздар?
Ол кезде онша қиын емес есептеулерді шығарғанда калькуляторды пайдаланасыздар, ал одан да қиын есептеулерге кездескенде, электрондық кестелерге жүгінесіздер.
Сонымен, электрондық кестелер, бізге әртүрлі математикалық операцияларды тез шығаруға және оларды басқаруға мүмкіндік береді.
Ал енді біз бүгін кестелік процессор EXCEL туралы айтамыз.
1985 жылдың мамыр айында Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң-ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.
MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады (1 сурет). Бас мәзірде негізінен, басқа да MS Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. (1 сурет)
111
Оның Word мәзірінен өзгешелігі,
Достарыңызбен бөлісу: |