Бекіту тапсырмасы:
Ал енді оқушылар практикалық жұмысқа өтейік.
1 тапсырма. Excel программасын іске қосу, және оның негізгі ұғымдарымен танысу.
Стандартты және пішімдеу аспаптар тақтасының барлық белгілерінің қызметін көріңіз.
Басы А1 ұяшығы және соңы D5 ұяшығы болатын аумақты белгілеңіз.
2 парақты (Лист 2 парағын) шертіп, 2-параққа ауысыңыз, 3-параққа ауысыңыз, 1-параққа қайта оралыңыз.
2 тапсырма. Берілгенді енгізу, редакциялау және рәсімдеу.
Берілген тақырып бойынша кестені құрыңыз.
(әр оқушыға әр түрлі тақырыптар беріледі)
"Шығармашыл оқушы" (8 минут уақыт)
1-компьютер: Ақын-жазушылардың аттарына байланысты кесте толтыр.
2-компьютер: Күн жүйесіндегі планеталар туралы кесте толтыр.
3-компьютер: Оқушылардың отырған орындарына байланысты кесте толтыр.
4-компьютер: Сыныптағы мүліктің тізімін жасап, кесте толтыр.
5-компьютер: Апта күндері туралы кесте толтыр.
6-компьютер: 8-сынып оқушыларының тізімі туралы кесте толтыр.
7-компьютер: Өзіңнің сыныбыңа арналған сабақ кестесін толтыр.
8-компьютер: 8-сынып оқушыларының пайдаланылатын оқулықтары туралы кесте толтыр.
9-компьютер: Ай аттары туралы кесте толтыр.
10-компьютер:Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің тізімін жазып, кесте толтыр.
11-компьютер: Мектепке қажетті заттар бойынша кесте толтыр.
А1 ұяшығына кестенің тақырыбын енгізіңіз.
Тақырыпты енгізу үшін алдын ала А1: Е1 аумағын белгілеңіз, содан кейін мына команданы орындаңыз: Пішім (Формат) —Ұяшық (Ячейка) —Қосымша (Вкладка) —Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки)
В3:Д6 ұяшықтар аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз
Кестені сақтаңыз.
Не үйрендім?
|
Не үйренгім келеді?
|
|
|
Не үйрендім?
|
Не үйренгім келеді?
|
|
|
Не үйрендім?
|
Не үйренгім келеді?
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |