1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
Автордың апасына берілген мінездемесі.
Қандай?
Автордың балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінін оқимыз.
Жаңа сабаққа көшу.
І. Қызығушылықты ояту.
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
Оқушылар жауабы:
Топтастыру
ІІ. Мағынаны тану.
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс.
Білемін
Білмеймін
Мен үшін жаңа
Сөздікпен жұмыс.
Топпен жұмыс.
Сұрақ-жауап оқулықтағы.
Енді балалар, ана туралы мақал-мәтелдер айтайық.
Әр топтан 3-4 оқушыдан айтқызу.
Ойымызды толықтыра түсейік.
ІІІ. Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
ІV. Шығармашылық тапсырма.
«Ана» тақырыбына эссе жазу.
Тірек сөздер: Жақын жан, жұмсақ алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны.
Оқушылардың жазған эсселері мен өлеңдерін оқыту.
V. Өзіндік жұмыс.
Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.
Рөлім – оқушы
Аудитория – депутат
Формасы – ұсыныс хат
Тақырып – Аялайық ананы
VІ. Анаға тілек тренингі.
Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту.
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: Мәтінді жаттау. Өлең құрастыру.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |