Көлденең – Темір негізгі мектебі
Ашық сабақ
2 класс
Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Орындаған : Молдашева Алтынгул Асхатовна
2015-2016 оқу жылы
Қазақ тілі пәні
2 класс
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын турлері арқылы ізденімпаздылық қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршіліккебірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі : түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, ребус
Сабақтың барысы:
Қызығушылықтарын ояту
1. Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық
Сәттілік тілеп күлімсіреп
Біз сабақты бастайық.
Үй тасырмасын тексеру
- жаттығу
Балалар бүгін бізде ашық сабақ болғандықтан сабақ өзгеше болады. Сондықтан сабаққа белсене қатысып отырыңдар. Мен әр дурыс жауапқа мынадай күн берем соған байланысты бағаланатын боласыздар.
Өткенді еске түсіру.
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір
- Жалпы есім дегеніміз не? мысал келтір
4) Зат есімнің жекеше көпше түрлерін сурет арқылы айту. слайд
Мысық – мысықтар
Аспаз – аспаздар
Көбелек – көбелектер (Суреттер көрсету арқылы түсіндіру)
Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ.Мағынаны ашу.
1) Дәптерге күннің жадын жазу
Оқулықпен жұмыс
1-Жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырамыз.
2-жаттығу. Берілген суреттегі ребусты шешіп, сөйлем құрау.
«Инеліктер» нелер? Көпше түрде және «Инеліктер» сөзіне сөйлем құрау.
3-жаттығу. Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздерді тауып жаз. (тақтаға)
4-жаттығу. Шығармашылық тапсырма. (Ауызша)
Мектепте шахматшылар жарысы өтпекші. Бұл туралы хабарландыру жазу 2 класс оқушыларына тапсырылды. Сен қалай жазар едің?
5)Сергіту сәті. Балалар «Жапырақтар» әніне сергіп алайық
5-жаттығу. Артығын тап. (тақтаға)
Жекеше Көпше
6) Рефлексия. Қорытындылау. Тауып көр ойыны.
7) Үйге тапсырма. 398 жаттығу. Көптік жалғауларды жалғау. Ережені жаттау
8) Бағала
Достарыңызбен бөлісу: |