Сабақ 2 класс Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері



бет1/2
Дата13.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#23312
  1   2
Көлденең – Темір негізгі мектебі

Ашық сабақ

2 класс
Тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Орындаған : Молдашева Алтынгул Асхатовна

2015-2016 оқу жылы


Қазақ тілі пәні

2 класс
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері


Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

Ә) дамытушылық: ойын турлері арқылы ізденімпаздылық қабілеттерін арттыру.

Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршіліккебірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі : түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, ребус

Сабақтың барысы:


  1. Қызығушылықтарын ояту

1. Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп күлімсіреп

Біз сабақты бастайық.


  1. Үй тасырмасын тексеру

- жаттығу

  • Балалар бүгін бізде ашық сабақ болғандықтан сабақ өзгеше болады. Сондықтан сабаққа белсене қатысып отырыңдар. Мен әр дурыс жауапқа мынадай күн берем соған байланысты бағаланатын боласыздар.




  1. Өткенді еске түсіру.

- Зат есім дегеніміз не?

- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?

- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір

- Жалпы есім дегеніміз не? мысал келтір


4) Зат есімнің жекеше көпше түрлерін сурет арқылы айту. слайд

Мысық – мысықтар

Аспаз – аспаздар

Көбелек – көбелектер (Суреттер көрсету арқылы түсіндіру)





  1. Сабақтың мақсатын хабарлау

ІІ.Мағынаны ашу.
1) Дәптерге күннің жадын жазу

  1. Оқулықпен жұмыс


1-Жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырамыз.
2-жаттығу. Берілген суреттегі ребусты шешіп, сөйлем құрау.

«Инеліктер» нелер? Көпше түрде және «Инеліктер» сөзіне сөйлем құрау.


3-жаттығу. Берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздерді тауып жаз. (тақтаға)


4-жаттығу. Шығармашылық тапсырма. (Ауызша)

Мектепте шахматшылар жарысы өтпекші. Бұл туралы хабарландыру жазу 2 класс оқушыларына тапсырылды. Сен қалай жазар едің?



5)Сергіту сәті. Балалар «Жапырақтар» әніне сергіп алайық

5-жаттығу. Артығын тап. (тақтаға)

Жекеше Көпше

6) Рефлексия. Қорытындылау. Тауып көр ойыны.
UpRibbonSharpUpRibbonSharp


UpRibbonSharpUpRibbonSharpUpRibbonSharp

7) Үйге тапсырма. 398 жаттығу. Көптік жалғауларды жалғау. Ережені жаттау



8) Бағала



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет