Сабақ: 2 Мектеп: Ақмырза орта мектебі. Күні: 14. 09. 2017



Дата04.07.2018
өлшемі294 Kb.
#46456
түріСабақ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

САБАҚ: 2

Мектеп: Ақмырза орта мектебі.

Күні: 14.09.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Шавалиева М.Ш.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;

5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу




Сабақ мақсаттары

«Алғашқы қауымдық өнердің» пайда болу тарихын түсіну арқылы ежелгі адамдардың діни наным-сенімдері жайлы білу

Барлық оқушылар:

«Алғашқы қауымдық өнердің» пайда болу тарихын сипаттама бере алады



Оқушылардың басым бөлігі:

Ласко үңгірінің тарихи маңыздылығын айта алады



Кейбір оқушылар:

Ежелгі адамдардың діни түсініктерінің мәнін аша алады





Бағалау критерийлері

  • Ежелгі адамдардың өмірін сипаттайды;

  • Алғашқы қауымдық өнердің ерекшелігін сипаттайды;

  • Тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни түсініктердің айырмашылығын анықтайды

Тілдік мақсат

Тыңдалым-айтылым (№1), көрсетілім-жазылым (№2), айтылым-жазылым (№3)

Құндылықтарға баулу

Алғашқы қауымдық өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіре отырып, ата-бабаларымыздың мәдени-өркениеттікке, дәстүрге, наным-сенімге қосқан үлесін келешек ұрпақтың бойына сіңіру.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері.

Алдыңғы білім

«Ой қозғау» сұрақтары арқылы «өнер», «дін» туралы алдыңғы білімдерін, түсініктерін анықтау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

1 мин


4 мин

А) Оқушылармен амандасу

В) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау



С) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

Мұғалім сөзі: «Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Сыныпта кім жоқ? Ендеше бүгінгі сабаққа дайынбызба? Дайын болсақ, сабағымызды үй тапсырмасын «Серпілген сауал» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беруден бастайық

1.«Серпілген сауал» әдісі арқылы, үй тапсырмасын сұрау

1. Ертедегі адамдар қандай кәсіптермен айналысты? 

(аңшылық, терімшілік)

2. Жиі – жиі қоныс аудару алғашқы адамдар тіршілігіне қандай өзгерістер әкелді?

(жаңа жерлерді игерді. Ой - өрісі жетіле түсті)

3. Ежелгіі адамдар қандай жерлерге қоныстанған? (табиғи үңгір, тау шатқалында)

4.  Адамдар тіршілігінде қандай қиындықтар кездесті? (аяздан тоңды, тамақ жоқ болды, ауру – сырқау көбейді, жабайы аңдар шабуылы)

5. Ежелгі адамдар қандай жетістіктерге жетті?

(еңбек құралдарын жасады: шапқы, қырғыш , шоқпар , киім киді, от жақты, аңды қолға үйретті, топ – топ болып өмір сүрді.

6. Алғашқы адамдардың өмір сүрген жасы? (30 -40 жас)

7. Қазақстан жерінен ежелгі адамдардың сүйектері табылды ма? (Сүйегі табылған жоқ)

8.  Ежелгі тас ғасырын қалай атады?

( палеолит)

9. Ежелгі тас ғасыры нешеге бөлінеді. (2- ге бөлінеді 1- төменгі кезең. 2-  жоғарғы кезең.)

10.  Ежелгі тас ғасыры адамдары немен қоректенді? (дәнді дақылдар, жеміс – жидектер, аңдардың еті)





Ортасы

3 мин


15 мин


Мұғалім сөзі: «Үй тапсырмасын еске түсірдік. Ендігі кезекте жаңа тақырыпқа көшпес бұрын, «Нұрға бөленіп» алайық
2.«Нұрға бөлену»

тренингі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру

- музыка қойылады, Ласко үңгірінің қабырғаларына салынған аңдардың суреттерін сыныптың қабырғаларына жабыстырып қойылады, мұғалім олардың ежелгі Альтамира үңгіріне саяхат жасап жатқандығын айтады. Көздерін ашып, оқушылар көздерін алғаш жаңалық ашушы ретінде сезіну қажеттігін айтады.



«Галлереяға саяхат» әдіс (жеке жұмыс) арқылы суреттерді көріп, дескрипторда берілген сұрақтарға жауап беру арқылы шағын әңгіме құрастыру

1) Осы үңгірге келгенде сіздерді не таңғалдырды?

2) Суретті алғаш көргенде қандай сезімде болдыңыздар?

3) Бұл суреттерді ежелгі адамдар салды деп ойлауға бола ма?

4) Суреттер бізге ежелгі адамдардың өмірі туралы қандай мәлімет береді?

5) Неліктен ежелгі суретшілер үңгірдің адам қолы жетпейтін жерлеріне сурет салған? атты сұрақтарға жауап беру арқылы шағын әңгіме құрастыру





Дескриптор

Бағалау критерий

Тапсырма



Дескриптор

«+», «-»

«Алғашқы қауымдық өнер» атты тақырыпқа әңгіме құрастыру

1


Оқушылар өздерінің бойындағы қалыптасқан алғашқы сезімдерін сипаттай алады
Ойлау қабілеттері мен көзқарастарын білдіре алады
Оқушылар өздерінің танымдық және ойлау деңгейін көрсете алады







5 сынып оқулық

56 бет


5 сынып оқулық

57 бет


Соңы

8мин


4 мин

3 мин
2 мин



Мұғалім сөзі: «Құрметті оқушылар, енді біз жұп бойынша практикалық жұмыс жасап көрейік. Бұл тапсырмада сіздердің қолөнер және танымдық шеберліктерініңізді байқаймыз. «Жарнама» әдісі бойынша жұптық практикалық тапсырма беріледі. Әр жұп мұғалімнің берген ермексазынан аурулар мен аппаттан руды немесе жеке адамды сақтайтын ежелгі рулық қауымдастықтар тотемдерінің тұмарларын жасайды.Жасаған тұмарларын жарнамалап болған соң, «Түртіп алу стратешгиясы бойынша» терминдермен жұмыс жүргізіледі.
- ТОТЕМИЗМ

-ФЕТИШИЗМ

- АНИМИЗМ

- МАГИЯ ұғымдарының мәнін аша алады.


Кері байланыс: «Аяқталмаған ой...»
1.Бүгін мен білдім____________________________

___________________________________________

2.Маған қиындық туғызды____________________

____________________________________________

3.Маған ұнады_______________________________

____________________________________________

4.Мен үйрендім______________________________

___________________________________________

5.Маған маңызды болып көрінді________________

Бағалау:
Үй тапсырмасы:





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет