Пәні: Ақпараттық мәдениет негiздерi. 3-сынып. Сабақ №2
Мұғалімі: Иманқұлова Т.И. Мерзімі:7-12.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат,түрлері. Ақпаратты қабылдау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ақпарат сөзі туралы түсінік беру;
Ақпараттармен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
Оқушыларды адамгершілікке, өзін және өзгені сыйлауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: сөзбен-көрнекі түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интеракт.тақта, компьютер, кітап
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ (түсіндіру)
ІV. Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытынды
VІ. Үй тапсырмасы
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгелдеу
Б) Сынып жағдайын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардан ҚТЕ туралы түсінік сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ (түсіндіру)
Мұғалімге арналған мазмұндық бөлiм:
Ақпараттарды түрлi таңбалар көмегiмен бейнелеуге болады. Олар цифр, әрiп, сан, сөз болуы мүмкiн. Ақпараттарды пиктограмма түрiнде бейнелеуге болады. Өте ерте заманда адамдардың қалай тұрғаны жөнiнде ақпарат сақталған. Бұл ақпарат бiзге жарға салынған суреттер арқылы жеттi. Адамдар дыбыстық ақпараттарды ноталар түрiнде түрлендiрудi үйрендi. Жүргiзушiлер мен жолаушылар жолдағы қозғалыс ережелерi туралы ақпаратты жол белгiлерi арқылы алады.
Теориялық бөлiм:
Информатика (Computer science, informatics) — компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым.
Ақпарат — қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалары мен сигналдар түрінде беретің мағұлымат.
Ақпарат түрлері:
Көз – көру арнасы, «Көру ақпараты»
Құлақ – есту арнасы, «Дыбыстық ақпарат»
Мұрын – иіс сезі арнасы, «Иіс сезу ақпараты»
Тіл – дәм сезу арнасы, «Дәм сезу ақпараты»
Тері – «Сипап сезу ақпараты» немесе «Тактильдік ақпарат»
Қызықты мағлұмат:
Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы,10%-ын – есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу арқылы аламыз.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Тапсырмалар. (27)
Қажетті түспен қоршап сыз.
Пиктограмма ненi бiлдiредi? Қуаныш, қайғы, тыныштық.
Кестені толтыр:
Таңба
|
Нені білдіреді?
|
+
|
Жедел жәрдем
|
|
Өтектеуге болмайды
|
|
Жаяу өтетін жол.
|
|
Тұрақ
|
|
Балалар
|
|
Нота
|
+ - : х
|
Математикалық амал таңбалары
|
∆
|
Үшбұрыш
|
Кестені толтыр:
Сигнал
|
Нені білдіреді
|
Желдiң соғуы
|
Жаңбыр болады
|
Әйнектің дыбысы шықса
|
Ыдыс сынады
|
Қардың шықырлауы
|
Аяз
|
Сабақ қоңырауы
|
Сабақтың аяқталуы
|
Түтiн иiсi
|
Өрттiң болуы
|
Автомобиль сигналы
|
Сақтандыру
|
Бағдаршамның қызылы
|
Көшеден өтуге болмайды.
|
Атауларына сәйкес таңбаларды тiлсызықтар арқылы қос:
Қазақ әріптерi
|
Ә, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө
|
Орыс әріптерi
|
А, Б, В, Г, Д, Е
|
Латын әріптері
|
A, B , C, D, E, F, G
|
Арифметикалық амалдар таңбалары
|
+ - : ·
|
Арнайы белгілер
|
. , ! ? ; * / \ % $ # @
|
Кестені толтыр:
БАҚ – БАҚ
|
Дыбыстық ақпарат
|
Тыңда !
|
Мәтіндік ақпарат
|
123
|
Сандық ақпарат
|
∆
|
Графикалық ақпарат
|
Найзағай
|
Көру ақпараты
|
5
|
Сандық ақпарат
|
Кiтап
|
Мәтіндік ақпарат
|
Арунаны Әлiмге жеткiзетiн жолды таңда. Жауабы: Үшінші жол.
Сергіту сәті
V. Қорытынды
Ақпарат түсінігі бойынша сұрақтар қою
Оқушыларды бағалау
VІ. Үй тапсырмасы
Ережелерді жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |