Пәні:математика,5 «А» - сынып.Күні 11.02.2015ж
|
Тақырыбы:
|
Қайталау есептері.
|
Мақсаты
|
1.Білімділік: Қайталау есептерін шығару арқылы машықтандыру.
2.Дамытушылық: Түсініксіз болған тақырыптарды қайталау арқылы толық үйренеді.
3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Қайталауға есептер шығаруды орындай біледі.
|
Ресурстар
|
Электрондық оқулық, кішітіректер.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
«Таңғажайып дорба» әдісі, «Көрші көрші» әдісі.
|
Пәнаралық байланыс:
|
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Оқушылармен амандасу,түгендеу. «Менің сүйікті жануарым» әдісі бойынша, оқушылар қандай жануарды,не үшін жақсы көретіндіктерін сағат тілі бағытымен айтып,психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
I.Қызығушылықты ояту.14 минут
|
Өткен тақырыптарды пысықтау мақсатында «Таңғажайып дорба» әдісі қолданылады:
1)Бөлігі бойынша санды қалай табуға болады?
2)Теңдеу құру арқылы бөлігі бойынша санды қалай табуға болатынын түсіндіріңдер.
3)Санның бөлігі қалай табылады?
4)Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан кіші болады?
5)Қандай жағдайда санның бөлігі сол саннан үлкен болады?
6)Бөлу амалын көбейтумен алмасиырып есептеу үшін қандай түрлендіру пайдаланамыз?
7)Көбейту амалына кері амал қалай аталады?
8)Натурал санды қалай бөлшекке бөле аламыз?
9)Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін тұжырымдаңыз.
|
Қала атауларына байланысты үш топқа бөлінеді:
«Қарағанды», «Жезқазған», «Павлодар».
«Таңғажайып дорба» әдісі бойынша әр топ дорба ішіндегі қала атуларымен берілген сұрақтарға жауап беріп,өз сыйлықтарын иеленеді.
|
|