Сабақ 21 Жасөспірім жаста дене гигиенасы және оның ерекшеліктері Мақсаты


Менструация кезінде гигиена ерекшеліктері



бет7/11
Дата14.12.2021
өлшемі30,15 Kb.
#127358
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
21 Дене гигиенасы

Менструация кезінде гигиена ерекшеліктері.

Менструация кезінде дене және сыртқы жыныстық органдар тазалығын сақтау қажет. Жинақталған қан теріні ластап, микробтар дамуына жақсы қорек ортасы болады. Қынап және жатырға түсіп, олар ауру процесін тудыртады.

Етекір кезінде бойжеткен күніне 2-3 рет кем емес алдын ала қолын жуып, сабынды жылы сумен мұқият жуынуы қажет.

Менструация күндерінде ваннаны қабылдау және өзен немесе теңізде түсуге болмайды. Душта жуыну ұсынылады. Іш киімді жиі ауыстыру. Дәріханада

гигиеналық төсеніштер алу, оларды бөлініс мөлшеріне қарай 3—6 с.сайын ауыстыру.

Етеккір кезінде бойжеткендер аса күш салу және шаршауды болдырмай, күнделікті өмір салтын жүргізеді. Алайда кейде шектеулер қажет. Сонымен, мүмкіндігіне қарай, менструация кезінде ауыр затты көтеру және қозғалтумен байланысты ауыр, ұзақ дене жұмысын орындау қажет емес. Зор күштерді талап ететін спортпен айналысуға бұл күндері тыйым салынады (жүзу, жылқы спорты, гимнастика, коньки тебу, волейбол, теннис ойындары).

Менструация кезінде әсіресе аяқтарын жылы ұстау қажет, себебі бұл күшеюін туындатып, менструация жүруіне әсер етуі мүмкін.

Осы кезеңде ащы тамақ, сірке суын, бұрыш, қыша, сондай-ақ, ішімдік сусындарын қабылдауға болмайды, себебі олар жыныстық органдарына қан құюлуын арттырады, осының салдарынан менструалды қан құйылуы күшеюі мүмкін. Қуық және ішек аса толуын болдырмау ұсынылады, себебі бұл жағымсыз белгілерге келтіруі мүмкін (ауыруы, менструалді қан бөлінуі кідіруі және т.б.).


Жыныстық өмірі басталуымен алғашқы жыныстық байланыстан кейін 2-3 күн ішінде қыздық үзілісі сауығу үшін қайталама дене жақындығынан ұстануы қажет. Жыныстық байланыстан өрлеме инфекция және қан кету қауіптілігімен байланысты етеккір кезінде ұстану қажет.

Төсенішті пайдалағаннан кейін жағуға немесе, газетпен орап, қоқыс шелегіне лақтыруға болады. Оны ұқыптылап жасау қажет. Ашыналық заттар басқа адамдардың көзіне түсу жақсы көрініске жатпайды.


Іш киім сапасы туралы қамқорлық ету, менструация кезінде капрон немесе нейлон іш киімді кимеу, бұл әсіресе суық ылғалды ауа райында аса зиянды. Мақта мата, тоқыма іш киім кию қажет.

Бойжеткенге менструалді күнтізбе жүргізу қажет, онда менструациялар белгілерінің мерзімі туралы, олардың ұзақтығы және қан кету шығыны туралы (көп, көп емес) деректер енгізу қажет. Сонымен бірге менструация аурушаңдығын, олардың интенсивтілігін белгілеп жазу қажет.

Менструация аяқталғаннан кейін бойжеткен жыныстық органдарға күтім ережелерін сақтауы тиіс, күніне 2 реттен кем емес жыныстық органдарын қолды алдын ала жуып, сабынды жылы сумен жуу қажет. Іш киім ауыстыруды күнделікті жүргізу.
Әр бойжеткен дұрыс жүргізуі тиіс маңызды процедура ретінде сүт бездерін зерттеу болып табылады.

Сүт бездерін өз бетімен зерттеу – бұл сүт бездері өзгеруін ашу үшін өткізілетін оларды күнделікті қарау және ұстап тексеру.

Дербес зерттеудің негізгі мақсаты – бұл сүт бездерінің қатерлі-қатерсіз ісіктерін уақытымен айқындау.

Сүт безі ісігі әйелдер жыныстық органдарының жиі қатерлі ісігі болып табылады және әйелдерде қатерлі ісіктен қайтыс болу себебі ретінде бірінші орын алады. Сүт

безі ісігін уақытымен айқындау өмір сүруді елеулі арттыруға және емдеу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет