Сабақ: 26 Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі95,27 Kb.
#38987
түріСабақ
Күні: 22.02.2017

Сынып: 4 «Ә»

Пән: Қазақ тілі

Сабақ: 26

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Сан есім туралы түсініктерін ары қарай толықтыру, сан

есімдердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін түсіндіру,

күрделі сан есімдердің жасалу ерекшеліктерін таныту;

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін

дамыта отырып, шығармашылыққа, алғырлыққа баулу.



Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа,

ұқыптылыққа және сауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, түсіндіру, сұрақ – жауап, ізденіс,талдау, т. б.
Көрнекілігі: сызбалар, суреттер,карта,слайд.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:

1. Сәлемдесу, сыныптың сабаққа қатысын тексеру.
2. Сынып тазалығына көңіл бөлу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал – жабдықтарының барлығын қадағалау.
Қызығушылығын ояту.Сабағымыз жақсы өту үшін өлең шумағымен бастайық.

Қазақ тілім-өз тілім,  ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл, қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жұптасып тексеру» арқылы үй жұмысын тексеру. Үйге берілген 6-жаттығу.



Шаттық шеңбері

Топқа бөлу. Мында автобус және жеңіл көлі ,Астанаға қандай көлік түрімен барғыларын келеді таңдау өздерінде, кімдер автобусты таңдады дара сан есім тобына, кімде жеңіл көлік олар күрделі сан есім тобына бөлініп отырамыз.

1 топ. Дара сан есім (автобус)

2 топ. Күрделі сан есім (жеңіл көлік)

Бағалау критерияларымен таныстыру.Таратып беру.

1

Тапсырмаларды дұрыс орындауы

Иә/жоқ

2

Сұраққа толықтай жауап қайтару

Иә/жоқ

3

Белсенді қатысу

Иә/жоқ

Бірігіп сан есім туралы білгендерін айтқызу.

1.Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
ә) Ал енді, сан есімдер қатысқан мақал – мәтелдерді ортаға салыңдар.

Оқушылардың жауаптары:


1. Білгенім – бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.
2. Жігітке жетпіс өнер де аз.
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4. Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
5. Он үште отау иесі

Сан есім құрылуына қарай екі түрге бөлінеді. Соған байланысты бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дара және күрделі сан есімдер.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Балалар біз бүгін Астана қаласына саяхатқа барамыз. Ол үшін берілген тапсырмаларды дұрыс орындасак, қала ішінде қыдырып қайтамыз.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 880 191 адам тұрады Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Көліктерімізге жайғасып Астанаға баруға даындалайық. Ол үшін ең алдымен Терме диктант жазайық.

Үш-төрт күн қатарынан соққан құм дауылынан асқан тозақ жоқ. Ол өзі отыз бес жыл зауытта слесарь болған адам. Ержан мұның бетіне бірінші рет бұрылып қарады. Батареядан он адам өлді, жиырма кісі жаралы болды. Бұл ел –Тұрар әулетімен жиырма сегізінші жылы қош айтысты.

Сан есімдерді жазып айырмашылығын дәлелдейді.

-Сан есім қалай жазылады?

-Дара және күрделі сан есім екенін қайдан білдіңдер?

-Ережені айтып көріңдер.



1. Тақырып сырын ашу

Дара сан есім

Күрделі сан есім

Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім.

Екі я одан  көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім.

он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу.

екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, үш-төрт, оннан бір, жүз қаралы.

Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады.
Мысалы, қырық – елу, алпыс – жетпіс.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.

Оқулықпен жұмыс.

Дара және күрделі сан есімдерді екі бағанға бөліп жазыңдар.



Топпен жұмыс.

І. Тапсырма. Бәйтерек монументіне жету үшін тапсырманы орындайық.

1 топ. Дара сан есімдерді бірінші  бағанға жазыңдар, Күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңдар.

2 топ. Дара сан есімдерді бірінші  бағанға жазыңдар, Күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңдар.

Отыз, тоқсан, елу, жетпіс жеті, алпыс тоғыз, жүз елу үш, он сегіз, жиырма төрт, мың екі жүз елу сегіз, алты, үш, қырық екі, жиырма жеті, он үш, тоқсан, тоғыз, екі, алпыс, үш, төрт-бес, екіден бір.

Берілген сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жазыңдар.


"Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, "бәй" - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек "Бәйтерек" екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.
 «Сергіту» ойыны.

Дара сан есімдерді атағанда оң қолдарыңды көтересіңдер, күрделі сан есімдерді атағанда екі қолдарыңды бірдей көтересіңдер.


Екінші, қырық – елу, тоғыз жүз бір, жетеу, жүздеген, үш – үштен, бесеу, он бүтін жүзден елу бір, тоқсан, жүз шақты.

ІІ. Тапсырма. Хан шатыр сауда ойын –сауық орталығына жету үшін мына тапсырманы орындайық.

1 топ. Сөйлемдерді оқы. Дара және күрделі сан есімдерді теріп екі бағанда жаз.

2 топ. Сан есімдерді тап, оны санмен жаз. Дара және күрделі сан есімдерді ажырат.

«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.
ІІІ. Тапсырма. Думан океанариум орталығына бару үшін мына тапсырмаларды орындайық.
1 топ.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, оларды көшіріп жаз.

... жұрттың тілін біл

... түрлі білім біл.

Аласа ғана бойы бар

... қабат тоны бар

... көрші қатар тұрса да,



Бірін-бірі көрмейді.

2 топ.Құрамында сан есім бар жұмбақ, жаңылтпаш , не сөйлем құрастырып айтыңдар.
ІҮ. Тапсырма.  Мега сауда ойын сауық орталығына барайық.
1 топ. Оқушылар сан есімдерді дара және күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жазыңдар. 9, 28, 645, 2, 60, 2004, 100 1996.
Тоғыз, екі, алпыс, жүз.
Жиырма сегіз, алты жүз қырық бес, екі мың төрт, мың тоғыз жүз тоқсан алты. 
2 топ. Осы сандар қандай оқиғалармен байланысты. Сөйлем құрастырып айт.
8, 2017, 9, 22
8 наурыз, 2017 экспо, 9 мамыр, 22 наурыз,
Ү.Тапсырма. Бейбітшілік және келісім сарайына жету үшін мына тапсырманы орындайық.
“Этномәдени сұрақтар” – ауызша жұмыс түрі
Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7, 9)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)

Сергіту сәті. «Қыдырып қайтайық» видео слайд.

Тапсырма. Әдебиетпен байланыс. Ақ орда президент сарайына барайық.
Халық ауыз әдебиетінде және жекелеген авторлар шығармаларында көптеп кездесетін шығарманың бір түрі – санамақтар. Қазір кеспе карточкаларды таратамын. Карточкаларда санамақтың бір – бір жолынан жазылған. Мен белгі берген кезде сан реті бойынша оқып шығасыңдар.
Бір дегенім – білім алу.
Екі дегенім – елін сүю.
Үш дегенім – үлгілі болу.
Төрт дегенім – төзімді болу.
Бес дегенім – бірлікте болу.
Алты дегенім – ақылды болу.
Жеті дегенім – жетістікке жету.
Сегіз дегенім – сезіне білу.
Тоғыз дегенім – толғану.
Он дегенім – осының бәрін ойға алу.
Қорытынды ой толғау.

ІҮ. Сабақты бекіту:

«Иә, жоқ» ойыны.
Мұғалім тапсырманы түсіндіреді. Әр тапсырманың тұсына иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер. Оқушылар орындайды. Тақтада тексереді
1. Сан есім заттың санын білдіреді. Иә жоқ
2. «30»- дара сан есім. Иә, жоқ
3. Күрделі сан есім бір сөзден жасалады. иә, жоқ
4. Күрделі сан есімнің құрамындағы сөздер бөлек жазылады. Иә, жоқ
5. Дара сан есім бір сөзден құралады. Иә, жоқ
6. «264»- күрделі сан есім. Иә, жоқ
7. «600» - дара сан есім. Иә, жоқ
Ү. Сабақты қорыту..
– Сонымен, сан есім дегеніміз қандай сөз табы?
– Қандай сұрақтарға жауап береді?
– Дара сан есімдер дегеніміз не?
– Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

ҮІ. Үйге тапсырма.
Міндетті деңгей: Дара және күрделі сан есім туралы түсінік ережелерін жаттау.
Мүмкіндік деңгейі: 6 – жаттығу.

ҮІІ. Бағалау. Бағалау парағын жинап алу.

Кері байланыс. Осы көлігімізбен үйімізге қайтайық. Ол үшін оны бояп аяқтандар. Егер сабақ толықтай ұнаса қызғылт түстікөлікті,егер түсінбесендер сары түсті таңдаңдар. (оқушылар рефлексиясы)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет