Сабақ №27 Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: бәрін жақсы көру, мейірімділік, достық



Дата10.03.2017
өлшемі79,7 Kb.
#11248
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі Мерзімі:07.04.16

Мұғалім: Кажрахимова Роза Калеловна

Сынып: 1 Оқушылар саны: 13

Тақырып: Табиғатқа құштармын Сабақ №27

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: бәрін жақсы көру, мейірімділік, достық


Сабақтың мақсаты: Табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру. 

Сабақтың міндеттері: 1.Оқушыларға табиғат туралы түсініктерін тереңдету, мейірімділік, қамқорлық қасиеттері ұғындыру.
2. Оқушылардың бойына қоршаған ортаға деген мейірімділік, жанашырлық сезімдерін дамыту. 
3. Оқушыларды бәрін жақсы көруге ,табиғатты аялауға тәрбиелеу. 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.



«Орманға саяхат» баяу музыка ойнайды

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, біз сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныбымызға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.



Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар.Олай болса балалар, осы нұрды жүрегімізге сақтап қалайық. 

Ресурстар: Күнделік,дәптер, пенал, бейджик,қалам ,түсті қарындаштар,гүлдер,себет, АКТ-ның мүмкіндігі. 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

97-беттегі В. Сухомлинскийдің «Мен адаммын ғой» мәтіні бойынша пікір алмасу. 
Мазмұны бойынша сұрақтар қойылады:
1.Сонымен, балалар қарттың «Мен адаммын» деген сөзін қалай түсіндіңдер?

2. Сен табиғатқа қандай қамқорлық жасар едің?

3. Сонымен балалар табиғат  деген не?




3.Дәйексөз

«Таза болса табиғат,аман болар адамзат»    Ф.Оңғарсынова

3.1. Дәйексөзді балалар хормен оқиды. 
3.2. Дәйексөздің мағынасын ашып беріңіздер? 

-Табиғатсыз өмір сүру мүмкін бе?

-Егер адамдар ағаштарды кесіп,гүлдерді жұлып,ауаны,суды,жерді ластаса не болады?

-Қалай ойлайсыңдар?

-Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті  түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы болады. Табиғатты аялап, оған еш қиянат жасамай,сүйіп,оған қамқоршы болуымыз керек. Сонда ғана  бәріміз де аман боламыз,бақытты өмір сүре аламыз.Адам үшін табиғат – кең сарай,мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!


3.3. Дәйексөзді дәптерге көшіріп жазады. 






4.Әңгімелеу. Табиғат деген не? авторы: Ә.Ысқақов

Табиғат деген не-? авторы Ә.Ысқақовтың әңгімесін аудиозапись арқылы тыңдалды.


- Табиғат деген не? - деп сұрады кішікентай шабақ.
- Табиғат дегеніміз -?-телегей теңіз су,- деді бака.

-Табиғат дегеніміз не?-деп сұрады аюдың қонжығы.

-Мен талай жерде болғанмын,иен де білемін,ол-орман,деді енесі.

-Табиғат дегеніміз не?-деп сұрады бота енесінен.

-Ол көп құм,тікенек шөп. Талай жерде болғанмын,мен де білемін.

-Табиғат деген не ?-деп сұрады тоқылдақ қарлығаштан.

-Әрине,таза ауа,ашық аспан,дәнді дақылдар.
Ұсақ жәндіктер де бір-бірімен «Табиғат дегеніміз не?» деп сұрап, таласып үлгерді.
- Жер-жер! деп жар салды бөкен.
Әрине, бәріміздің асыраушымыз, анамыз-Жер-Ана.
«Табиғат-Ана» десті барлығы бір дауыспен.
Мәтін бойынша сұрақтар қойылады:

4.1.Неліктен табиғатты Анаға теңейміз


4.2.Табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалай түсінесіңдер?

4.3. Сендер Табиғат - ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер? /Балалардың жауаптары тыңдалады./





5. Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс

Балаларды топқа бөлінеді:

Мұғалім: - Балалар, мына себетте табиғаттың сыйлығы бар, өздеріңе ұнайтын гүлдерден ала қойыңдар.


(Гүлдер бойынша топқа бөлінеді.)
«Қызыл гүлдер», «Сары гүлдер», «Алқызыл гүлдер» 3 топқа бөлу, шартын түсіндіру, уақытты жариялау.

Тапсырманы орындау алдында баяу классикалық музыканы жіберіледі:
1-топ: « Сары гүлдер» тобына тақырыбы: « Қурап қалған ағашқа жан беру» суреттін аяқтау жұмысы беріледі:

/жапырақ,құстарды бейнелеу/


2-топ: «Қызыл гүлдер» тобына тақырыбы: «Гүл бақшасын жасау» аппликациясына дайындық жұмысы беріледі:


3-топ: «Көк гүлдер» тобына ассоцация құру жұмысы беріледі.Тақырыбы:«Біздің сүйікті жануарларымыз» жазу. 

Дәптердегі 35-беттегі тапсырманы орындайды

Өздеріңе ұнаған табиғат көріністерінің суретін салыңдар.




6. Топпен ән айтады:

Ертегілер әлемі (Айгерім Қалаубаева)
Ғажайып түс көрдім, 
Таң ата мен бүгін, 
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 
Нұрына шомылдым бүгін. 
Жұлдыз, айы көркем, 
Әдемі еді неткен, 
Құстары сөйлейді, 
Бұлттары тербейді, 
Мен оянып кеттім, әттең! 

Қ/сы: 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 

Гүл тердім бұлттардан, 
Әр гүлде бір арман, 
Таусылмайтын тәтті, 
Сыя келіп жатты 
Жан біткеннің бәрі маған. 




7. Үй тапсырмасы беріледі:

7.1. «Табиғатпен біргеміз» тақырыбына

дәстүрден тыс сурет салып әкеліңдер(саусақпен,алақанмен,жапырақпен,жіппен)

7.2.сабақ № 28. Тақырыбы: «Табиғатқа құштармын»; Оқулықтың 105-бетіндегі М.Әбдірашеваның «Орманшының баласы» мәтінін оқып келеді. 



8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.баяу музыка ойнатылады

Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы әсер алдық? Сабағымызға сүйене отырып, көз алдарыңа табиғатқа деген сүйіспеншілігін, білімге деген балалардың талпынысын, қоршаған ортаға деген мейірімділік, жанашырлық қасиеттерін жүрегімізде сақтайық. Іштей өздеріне, мұғалімге, барлық әлемге тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіріңдер/



Сабаққа қатысқандарыңа рахмет!



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет