Күні: 15.12.16. Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақ № 29 Берілген сабақ саны: 1 Пән мұғалімі: Махаббат Қ.
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Шығарма мазмұнын толық меңгертіп,Абай мен Біржан арасындағы ортақ қасиетті,рухани байланысты сезіндіру,өнерлі жастар тобын,олардың өнердегі орнын таныту;
Дамытушылық:Оқушының көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру,шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретіне талдау жасатып,мінездеме беруге дағдыландыру,өз бетінше ізденуге жетелеу.
Тәрбиелік:Шығарма тақырыбы арқылы өнер адамдарының ішкі жан дүниесін түсіне,оларға құрметпен қарауға,өнерді бағалауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі:Сабақ бойынша слайдтар,кесте.
Сабақтың түрі:Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,кесте толтыру.
Сабақтың барысы.I.Ұйымдастыру.
1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару.
2.Бұл дәуірде өз тілін,әдебиетін білмеген,қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес.Әр адамның ең жақын досы кітап болғанда,сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады.
Мұхтар Әуезов.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
«Біржан сал-Абай ауылында»әңгімесі не туралы?
Қонақ күткен ауыл туралы не айтар едіңдер?
Абай ауылынан дәл жүрер кезде өз үйінен дәм татқызған кім еді, ол жерден әнші-ақын қандай сый-құрмет көрді?
Біржан сал бастаған өнерпаз жастар ауылдағы соңғы түнді кімнің үйінде өткізді және бұл түндегі жиын несімен ерекшеленеді?
Ауылдағы өнерсүйер жастар мен Біржан салдың қоштасуы несімен қымбат?
III.Жаңа сабақ.
Көрініс.
IV.Оқулықпен және дәптермен жұмыс.
№
|
Өнер иесі
|
Портреті
|
Мінезі
|
Орындаған әні
|
Әннің әсері
|
1
|
Біржан
|
Қызғылт жүзді,кең ақ маңдайлы,
нұрлы жігіт
|
Өткір, тура мінезді,кеудесін ыза,намыс дерті басқан.
|
«Жанбота»
|
«Сай-сүйегің босамай,
алпыс екі тамырың иімей көрші...», «Сен әнді босағадан өрлетіп,төрге шығардың...»
|
2
|
Әмір
|
Ақ сұр жүзді,үні таза,жіңішке,
сәнді
|
Әнші,өнерлі,
ерке,
серілігіде бар.
|
«Жиырма бес»
|
«Жас жиынға жалын тастағандай, тамыр бойлар ән еді»
|
3
|
Керімбала
|
Шошақтау боп біткен үлкен қой көзді,ақ-қызыл жүзді,қалың шашты
|
Саналы қайрат бар,ұстамды,
сырлы салмақ бар
|
«Қарға»
|
«Нәзік жарастықтыңкүйі болды,Біржан мен Абай үлкен ілтипатпен тыңдасып еді»
|
4
|
Оралбай
|
Сұлу пішінді,аққұба жігіт
|
Жігерлі жас
|
«Гаухартас»
|
«Демін,лебін сезіп отырған ыстық жалын білінеді»
|
5
|
Үмітей
|
Ақша маңдайлы,кең сұлу жүзді
|
Өнерде іркілмейді,
ашық жарқын
|
«Баянауыл»
|
«Осынау саз бұрын емес,дәл осы арада ең алғаш айтылғандай,дәл көңілдің өз үні боп шықты»
|
6
|
Әйгерім
|
Аса сыпайы қарайтын ойлы,нұрлы көзінде бөлек бір шұғыла бар.
|
Келінге лайықты сыпайылық,
қысылу байқалады
|
«Ал,бибай,
саған айтам игайымды».
|
«Көп күміс қоңырау сән түзеп,бір үн салама?», «Ән салса,Әйгерім ғана салсын да!»
|
7
|
Абай
|
Ақ-қарасы айқын,таза,
ұзынша көздері қарасынан асып,үлкейіп қарайды.
|
Өнер қадірін білген,
жастардың өнерін бағалаушы,
сыншы.
|
«Құлақтан кіріп бойды алар».
|
«Ойлы көзімен әнші жүзіне әлі аңыра қадалып қарап қалыпты», «Мынасы жаңа әні. Дәл осы арада туған,бізбен қоштасып айтқан әні ғой!Шын шабыттың өзі ғой!».
|
V.Жаңа сабақты бекіту.
VI.Оқушыларды бағалау.
VII.Үйге тапсырма.
1. «Ән мен Абай»тақырыбында ойтолғау.
2.Өнер туралы мақал-мәтел жазу.
Тексерілді _____ 15.12.16
Достарыңызбен бөлісу: |