Сабақ: №29 сабақ Пән: Ежелгі дәуір әдебиеті Топ: К2б күні



бет3/4
Дата21.12.2023
өлшемі25,07 Kb.
#198245
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
5102395245018 06.05.20 4

Хұсрау бейнесі.
Дастандағы ең күрделі образ - Хұсрау бейнесі. Хұсрау шығармада екі түрлі қырынан көрінеді. Бірі - махаббатқа опасыз, ойын –сауыққа құмар, жеңіл мінезді, залым Хұсрау. Екіншісі - елге қайырымды, әділ патша Хұсрау.
Дастанда осы екі Хұсрау арасында ұзақ уақыт күрес болады. Біресе Хұсраудың жағымды мінез - құлқы жеңіп, ал келесі жолы ұнамсыз жақтары басым түсіп жатады. Ол көңіл көтеру қамын ойлап, ойын –сауыққа берілген кездерінде мемлекетті басқару істерін ұмытып кетеді.
Хұсрау бойындағы сүйіспеншілік сезімі алғаш тұрақсыздау болып келеді. Сол кезде ол Мариямға, кейінірек Шекерге үйленеді. Ол шынайы сезімнің өзін өткінші нәрсе деп біледі. Бірақ Хұсрау бұл күйінде қалмайды. Шырынның ақыл –парасаты арқасында өзгереді. Өз сүйгені жолында ажалдан да тайсалмайтын қаһарманға айналады.
Хұсрау енді патша ретінде де ұнамды істерімен жұрттың алғысына бөлене бастайды. Елді жақсы басқарып көптеген игілікті істер тындырады. Ол басқарған мемлекет қайта гүлденеді. Хұсрау халыққа көп қамқорлық көрсетеді. Бүкіл елде әділдік, тыныпггық, бақытты өмір орнайды.
Сөйтіп, ақын азғындық жолына түсіп кеткен зұлым әкімдерді Хұсрау бейнесінен үлгі-өнеге алуға шақырады. Өйткені автор ел билеген әкімдерге ақыл-кеңес айту арқылы қоғамның қайшылықтарын жоюға болады деп ойлаған.
Низамидің басты мақсаты — Хұсраудың қайта тәрбиеленіп, жақсы адам, әділ патша болуын сипаттап көрсету еді. Қүтб автордың осы түпкі ойын дүрыс тусініп, Хұсраудың психологиялық түрғыдан қыпшақ даласына лайықты образын сөз зергерлеріне ғана тән ғажайып ше- берлікпен жасап шыққан.
Дастандағы Фархад бейнесі ерекше назар аударады. Фархад – еңбекқор адам, ғалым, данышпан. Дастанда Фархад арқылы нағыз ғашық адамның бейнесі жасалған. Оның Шырынға деген шынайы сүйіспеншілігі жігіттің жігеріне – жігер, күшіне – күш қосып оны ерлік істерге шабыттандырып жібереді.
Фархадтың өлімі оның жеңілгені емес, жеке басының қасіреті болып табылады. Ал, Хұсраудың жеңісі - оның дәрменсіздігі мен рухани жеңіліске үшырағанының белгісі еді.
Патша тағы мен тәжі үшін, мансап пен алтын үшін өз әкесін өлтірген шаһзадалар тарихта көп болған. Мүндай жиіркенішті, қанды оқиғалар Алтын Орданы билеген Жошы хан үрпақтары арасында да кезінде етек алған еді. Адамдық қасиеттен жүрдай болған осындай жауыздардың типтік бейнесі дастанда Шеруя бейнесі арқылы көрінеді.
Ол әкесін өлтіріп, патша тағына отырады. Бірақ мемлекет істері, халық жағдайы оны қызықтырмайды. Шынайы сүйіспеншілік сезімі де оған жат, түсініксіз нәрсе болып көрінеді. Сөйте түрып, Шеруя өзінің өгей шешесіне ғашық болады. Шеруя бастаған залымдардың кесірінен бүкіл ел күйзеліске үшырайды. Ақырында Шырын да, Хұсрау да қайғылы қазаға душар болады.
Сөйтіп, Құтбтың қыпшақ-оғыз тіліне аударған «Хұсрау-Шырын» дастаны ұлы Низамидің прогрессивті ой-пікірлерін білдіре отырып, сонымен бірге, XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетінің ішкі және сыртқы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін де зор шеберлікпен ашып көрсетеді.
Бұл дастанда діни-мистикалық әдеби шығармаларға ұарсы бағытталған осы өмірдің нақты шындығы бейнеленеді. Ақын адамгершілікке, әділдікке, ынсапты боуға, туған жерді туған анаңдай жақсы көруге, қара бастың қамынан гөрі халық мүддесін қашанда жоғары қоя білуге, өнер- білімді игеруге, махаббатқа адал болуға үндейді.
«Хұсрау-Шырын» дастаны қазақтың лиро-эпос жырларымен сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді. Мұны, Құтб дастанының идеясы мен мазмұны, композициялық құрылысы мен баяндау тәсілдері, көріктеу құралдары,т.б. толық дәлелдейді.


Дәріс негізінде орындалатын тапсырма:



  • Берілген дәріспен танысып, дәптерге түсіру.



1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет