Бірінші айқас түзу мен екінші айқас түзу арқылы біріншіге параллель өтетін жазықтықтың арақашықтығы екі айқас түзудің арақашықтығы деп аталады.
Кеңістікте екі айқас түзудің арақашықтығы деп осы түзулерге жүргізілген ортақ перпендикулярдың ұзындығы аталады.
Егер екі айқас түзудің біреуі жатқан жазықтыққа екіншісі параллель болса, онда берілген түзулердің арақашықтығы түзу мен жазықтықтың арақашықтығына тең болады.
Егер екі айқас түзулер параллель жазықтықтарда жатса, онда бұл түзулердің арақашықтығы параллель жазықтықтардың арақашықтығына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |