Айқас түзулердің арақашықтығы ретінде, олардың біреуінде жататын нүктеден екінші түзу арқылы өтетін және бірінші түзуге параллель жазықтыққа дейінгі қашықтықты алу керек.
а және b айқас түзулерінің арақашықтығы АВ кесіндісінің ұзындығына тең.
Мұғалімнің іс-әрекеті: оқушыларға келесі түрдегі есепті ұсыну.
Оқушының іс-әрекеті: есептердің шешу жолын ауызша түсіндіріп беру.
1 есеп. Бірлік кубта АА1 мен ВС түзулерінің арақашықтығын табыңыз.