Сабақ: 3 Мектеп: Ж. Тәшенов жалпы орта мектебі Күні



бет1/2
Дата19.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#181577
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
"Өсімдіктер бөліктері" 1- сынып


Қысқа мерзімді сабақ жоспары






Сабақ: 3

Мектеп:Ж.Тәшенов жалпы орта мектебі




Күні : 20.09.2018ж.

Мұғалімнің аты: Исабекова З.




Сынып: 1 «А»

Пәні: Жаратылыстану







Ортақ тақырып: «Менің мектебім »

Бөлім: Тірі табиғат

Сабақтың тақырыбы:
Өсімдік бөліктері




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;
1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;




Сабақ мақсаты

Барлық оқушы: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.
Көптеген оқушы: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін сипаттайды.
Кейбір оқушы: Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді,зерттеу жасайды.




Бағалау критерийлері

Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ,гүл,жапырақ,жеміс) атайды.
Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды.




Тілдік мақсат

1.Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды,сипаттайды.
2.Олардың қызметтерін анықтайды және зерттеу жүргізеді.




Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
тамыр, гүл, сабақ, жапырақ, жеміс, тұқым




Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша




Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?

  • Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ата

  • Сабақ, тамыр, жапырақ қандай қызмет атқарады?

  • Тұқым қалай өнеді?




Не себепті......деп ойлайсыз?
Өсімдіктер неліктен тірі ағза деп аталады?




Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша




Құндылықтарды дарыту

Бірлік пен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Өзара сенімділік дағдылары қалыптасады.




Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыстыру арқылы өсімдіктерге зерттеу жүргізеді.
Көркем еңбек-өсімдіктің суретін салып, бояу кезінде түстерді дұрыс қолдану.




АКТ

Интербелсенді тақта,суреттер,слайд арқылы танымдық қабілеттері қалыптасады.




Бастапқы оқу:

Өсімдік түрлерін біледі.




Жоспар




Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар






Басы

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру
Қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасау және бір-біріне бейімдеу мақсатында
Ш аттық шеңбері
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге,
Күлімсірей қарайық,
Көкке қолды созайық,
Бәріненде озайық,
Құшақтасып әр кезде
Тату достар болайық.
«Сиқырлы қапшық» әдісі арқылы топқа бөлу.
Оқушылар қапшыққа қол салу арқылы (ағаш, бұта, шөптекті өсімдік) суреттерін алуды ұсынамын
1-топ «Ағаштар»
2-топ «Бұталар»
3-топ «Шөптер»
Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
Әр топ мүшелері өздерінің топ аттарын қорғайды,қысқаша мысал келтіреді.


Ұжымдық жұмыс
«Миға шабуыл» әдісі : Өсімдіктер туралы бейнеролик көрсету . Оқушыларға проблемалық сұрақ беріледі.
Үш топтан сұрақ –жауап алу
1-топ. Егер өсімдіктің тамыры сабағы балмаса , не болар еді?
2-топ. Егер өсімдіктің сабағы болмаса не болар еді?
3-топ. Егер өсімдіктің жапырағы болмаса не болар еді? Осы сұрақтарды шешу мақсатында ой түйеді.
Яғни, өсімдіктердің бөліктері маңызды екенін, белгілі бір қызмет атқаратынын айтады.
Өсімдік мүшелеріне – тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жемісі жатады. Өсімдіктің әр мүшесінің атқаратын қызметі бар.
Тамыр - өсімдіктің топырақтағы бөлігі. Өсімдікке қорек береді.
Сабақ - өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырып қорек таратады. Сабақтар қатты, жұмсақ, иілгіш, сынғыш болады.
Жапырақ – қорек жасайды, суды буландырады. Жапырақ өсімдіктің тыныс алатын басты мүшесі.
Өсімдікте гүлі мен жемісі, тұқым болады.












Ортасы



1- тапсырма
Жұптық жұмыс.Дәптермен жұмыс
«Түртіп алу» әдісі.Суретпен жұмыс
1-тапсырма:Суретке мұқият қара. Өсімдіктің негізгі мүшелерін ата. Өсімдіктің негізгі мүшелерінің атауын сөздің бастапқы
әріптерімен жазып көрсет: тамыр – Т, сабақ-С, жапырақ-Ж,гүл-Г, жемісі-Ж.
Дескриптор:
- Өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды;
- Өсімдіктің негізгі бөліктерін әріптермен белгілейді.
Бағалау «Бағдаршам» әдісі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет