Сабақ №3 Тақырыбы: Темперамент типтері туралы Гиппократ ілімі


ЖЖҚ типтері туралы Павловтың ілімі. Типтерге сипаттама, кесте



бет3/8
Дата10.11.2023
өлшемі53,91 Kb.
#190769
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 практикалық сабақ

3. ЖЖҚ типтері туралы Павловтың ілімі. Типтерге сипаттама, кесте
И.П. Павлов жеке ағзаның мінез-құлығына тән жүйке үдерістерінің негізгі касиеттерін 3 топка бөліп көрсетті. Оның бірінші қасиеті – қозу мен тежелу үдерістерінің әсер ету күшіне байланысты. Екінші қасиеті – қозу мен тежелудің арақатынастарының біріне- бірінің сәйкестігі. Қозу басым болса, тежелу баяу жүреді, кейде керісінше тежелу басым болса, қозу баяу таралады. Үшінші қасиеті жүйке үдерістерінің қозғалғыштығына сәйкес жүзеге асады. Бұл қозу мен тежелудің бір-біріне алмасу жылдамдығы бойынша анықталады.
И.П. Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін 4 топқа (типке) бөлді.

  1. Ширақ топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозу мен тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер – салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл.

  1. Салмақты, байсалды топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозудың күші айқын басымдылык көрсетеді. Тежелу үдерісі де айқын әрі күшті жүреді. Оларды флегматиктер (салбыр мінезді) деп атайды. Олар сылбыр, көңіл күйі айқын байқалмайды, бірақ жұмысқа қабілетті, шыдамды, ұстамды, көбінесе тұйық болады. Өзіне сенеді, ісі тындырымды. Бос сөзді ұнатпайды.

  1. Ұстамсыздау топ. Оларда қозу үдерісі өте күшті жүреді, қозу ми қыртысына кеңінен таралады. Тежелу үдерісі баяу жүреді, яғни қозу тежелуден басым болады. Мұндай жүйке жүйесінің тобына жататын адамдарды холериктер (қызу қанды) деп атайды. Олар өте ширақ, бірақ салмақты емес, ұшқалақ, көбіне ызақор, кекшіл, айтқанынан кетпейтін бірбеткей болады. Бірақ адамдармен тез тіл табады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет