Сабақтың басы
|
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
- бүгінгі сабақта туыстық атауларын білеміз;
-күнделікті өмірде қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеміз.
Бірінші саусақ – атам,
Екінші саусақ – әжем,
Үшінші саусақ – әкем,
Төртінші саусақ – анам,
Кішкентай саусақ – мен!
Сыныпты 2 топқа бөлу.
Санамақ арқылы екі топқа бөлеміз.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Топтық жұмыс. «Құпияға толы зат» әдісі
Сандықшаның ішіне отбасы ағашы, отбасы мүшелерінің суреттері салынған. Ағашқа отбасы мүшелерін орналастырып шығу керек. Отбасы мүшелері: ата, әже, әке, ана, іні, әпке, аға.
Топтық жұмыс. Ағашты жарыса отырып толтыру қажет.
Жұмбақтар арқылы толтыру жүзеге асырылады.
Әкемнің әкесі ...
Әкемнің анасы ...
Әкем мен анамның қызы ...
Әкем мен анамның ұлы ....
- Балалар, енді анаңның анасы саған кім болады? Анаңның әкесі саған кім болады? Ағаңның жанында кім болады? Әпкеңнің жанында кім болады? (Алдында жатқан жеңге, жезде атаулары жазылған қима қағаздарды көтереді).
- Ендеше, балалар, олар да отбасы мүшесі, жеңге мен жездені отбасы ағашына орналастырамыз.
Дұрыс және тез жауап берген топтарға кәмпиттер таратылады.
Дескриптор: Сөздердің мағынасын түсінеді.
Мәтінмен жұмыс. «Прожектор» әдісі.
Мынау – менің үлкен отбасым. Менің атам мен әжем бар. Ал мынау – менің . Бұл менің әпкем мен . Ал мынау – ағам мен . Жездем көңілді. Жеңгем әдемі.
Дескриптор: Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді. Сурет арқылы сөйлем құрастырады.
|
|