КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ФАКУЛЬТАТИФТІК САБАҚ 311 «Лабораториялық диагностика» Боданова Айданың 13. 03.2020ж. Күрделі белоктар алмасуы. Нуклеопротейдтер алмасуы. Бауырдың маңызы. Алмасу процестерінің өзара байланысы. Тимолдық сынақ. Қалдық азот. Азотемия. Мочевинаны, несеп қышқылын анықтау.Креатининді және СРБны анықтау тақырыбында жүргізілген дистанционды оқыту бойынша орындаған тапсырмалары Тексерген:Жульмаганбетова Н. К
А)Сұрақтар: 1. Белоктарды зерттеуде үлес қосқан ғалымдар Белоктардың организмдегі қызметі туралы көптеген ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Белок жөніндегі ілімнің дамуына М.С.Цвет аса зор үлесін қосты (1906 ж.). 2. Белоктардың физикалық қасиеті Белоктық заттар өсімдікте түзіледі. Ол үшін топырақтағы азот қосылыстары пайдаланылады. Ал бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауа құрамындағы азотты пайдаланып, белок түзе алады. 3. Белоктардың бірінші реттік құрылымы Белоктың бірінші реттік құрылымы дегеніміз-оның полипептидтік тізбегінде амин қышқылдарының белгілі бір ретпен жалғасып орналасуы. Бұл табиғаттың аса қажетті құбылысы. 4. белоктардың екінші реттік құрылымы Белок молекуласындағы полипептидтік тізбек түзу емес, спираль тектес. Спиральдің бір айналымына 3,6 шамасындай амин қышқылдарының қалдығы келеді, спиральдың әр қадамы 0,54 нм (3,6 х 0,15 нм). Белоктың осындай спираль тектес түрін оның екінші реттік құрылымы деп атайды 5. Белоктардың үшінші және төртінші реттк құрылымы Белоктың екінші реттік құрылымын түзетін спираль да түзу емес, ол да өз кезегінде бұрылып иіріледі. Ондай бұралу кейде өте күрделі құрылым жасайды. Бір полипептидтік тізбектегі барлық атомдардың кеңістікте шап-шағын глобула жасап орналасуы белоктың үшінші реттік құрылымы деп аталады. Төртінші реттік құрылым. Екі немесе оданда көп полипептидтік тізбектен тұратын белоктар олигомерлер деп, ал полипептидтік тізбектер протомерлер немесе суббөліктер деп аталады. Суббөліктердің кеңістікте өзара орналасуын белоктың төртінші реттік құрылымы деп атайды. Бұл едәуір күрделі конформация. 6. белоктардың молекулалақ массасы Төменде кейбір белоктардың молекулалық массасы келтірілген. Ол көрсеткіш дальтон Д өлшемі бойынша берілген. Ал кейде молекулалық массаны килодальтон КД өлшемімен де береді. 1 Д сутегі атомының массасына тең болады (1,6 х 1024 г.) . Дальтон дегеніміз – берілген зат молекуласының сутегі атомынан қанша есе ауыр екенін көрсететін шама. Әдетте «дальтон» термині мен «молекулалық масса (м.м.)»ұғымы бірін-бірі алмастыра алады. Мысалы, 16 000 Д белоктың молекулалық массасы да 16 000 болады. Рибонуклеаза 12 400 Д немесе 12,4 КД Миоглобин 17 000 Д немесе 17 КД Жұмыртқа альбумині 45 000 немесе 45 КД 7. белоктардың ерігіштігі Белоктардың ерігіштігі еріткіш табиғатына, ортаның рн көрсеткішіне, ерітіндінің иондық күшіне және молекула құрылымына байланысты. Кейбір белоктар суда ериді, екіншә біреулері тұздардың сұйық ертіндісінде, үшіншілері су мен спирт қоспасында ериді. Іс жүзінде ешқандай еріткіште ерімейтін белоктар да бар. Белоктардың суда және су ерітінділерінде ерігіштігі олардың құрылымына, яғни амин қышқылдары қалдығындағы бүйірлік топтарға және олардың иондануына байланысты.
В) карточкалар № 1 карточка Биологиялық материалдағы белок мөлшерін анықтау Жауабы: Белоктар құрамындағы азот мөлшері тұрақты және ол құрғақ массасы бойынша алғанда орта есеппен барлық элементтердің 16 пайыз мөлшерінде. Сондықтан белгілі бір биологиялық материалдағы белок мөлшерін анықтау үшін, ондағы азот мөлшерін анықтап, ол шаманы 6,25 санына көбейтеді (100:16=6,25). № 2 карточка Глобулярлы белоктардың құрылымы, ерігіштігі Жауабы: Глобулярлы белоктардың құрылымы шағын ғана, олардың полипептидтік тізбектері (полипептид дегеніміз- амин қышқылдарынан түзілген қосылыстар) сфера немесе элипсоид сияқты тығыздана бүктелген болады. Белок глобуласының бетіне негізінен амин қышқылдарының полярлы тобы және зарядталған атомдары жинақталады. Олар сумен әрекеттесуге қабілетті келеді. Глобулярлы белоктардың көпшілігі суда және су ертінділерінде ериді. Мұндай белоктарға барлық ферменттер, ұанның, сүттің белоктары (альбуминдер, глобулиндер және басқалары) жатады. Белок глобуласының ішкі бөлігі полярссыз ортаға жатады, ол гидрофобты және амин қышқылдарының полярсыз қалдықтарынан құралған. Гидрофобты ішкі ядроға су өтпейді, оның сумен байланысы жоқ, тығыз құндақталған. № 3 карточка Фибрилярлы белоктар құрылымы Жауабы: Фибрилярлы белоктар тұрақта келеді. Суда және сұйық тұз ертінділерінде ерімейді. Белоктағы полипептидтік тізбектер белдік (ось) бойында өз ара паралель орналасады, сөтіп ұзын талшықтар – фибриллдер түзеді. Мұндай белоктардың молекуласы созылған жіп сияқты, өздері екі және оданда көп полипептидтік тізбектерден тұрады. Тізбектері қатты немесе созылмалы жұмсақ келеді және тірі организмде құрылымдық қызмет атқарады. Мұндай белоктарға коллаген – ссіңір, сүйек, ті және шеміршек сияқты тканьдердің негізі болып табылады. № 4 карточка Белоктардың ерігіштігі неге байланысты Жауабы: Белоктардың ерігіштігі еріткіш табиғатына, ортаның рн көрсеткішіне, ерітіндінің иондық күшіне және молекула құрылымына байланысты. Кейбір белоктар суда ериді, екіншә біреулері тұздардың сұйық ертіндісінде, үшіншілері су мен спирт қоспасында ериді. Іс жүзінде ешқандай еріткіште ерімейтін белоктар да бар. Белоктардың суда және су ерітінділерінде ерігіштігі олардың құрылымына, яғни амин қышқылдары қалдығындағы бүйірлік топтарға және олардың иондануына байланысты.