Бекітілді:
Пән: Биология 9 сынып
Сабақ №38 Күні , айы, жылы
Сабақтың тақырыбы: Түр. Түрдің критерийлері. Популяция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға микроэволюция, популяция оның өзгеруі, өзгергіштік және тұқым қуалаушылыққа тоқталу арқылы білім беру.
Міндеті:
Білімділік: Оқушыларға микроэволюция, популяция оның өзгеруі, өзгергіштік және тұқым қуалаушылыққа тоқтала отырып, айқын және айқын емес өзгергіштікке тоқталу арқылы алған білімдерін тереңдете түсіру.
Дамытушылық Оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан-жақты тіршілікті тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа,қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Дәріс
Құрал– жабдықтар: кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А)Сәлемдесу
Ә)Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды түгендету
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Топтастыру. Түр анықтамасы, өлшемдері.
ІІ.Жаңа сабақ.1)Кіріспе сөз кезеңі. Оқушылардың оқу қызметінің мативациясын және сыныптағы оқушыларды бәсекелестікке,топпен жұмыс жасауға жағдай туғызу.
Микроэволюция- түр популяциясының ішінде жүретін және оның гендік қорын өзгертіп, жаңа түр түзілумен аяқталатын эволюциялық әрекеттердің жиынтығы.
Гендік қор-популяциядағы н/е түрдегі барлық гендердің жиынтығы әрі табиғи сұыпталудың нәтижесінде популяцияның өзгеруі.
«Микроэволюция» терминін Н.В. Тимофеев-Ресовский енгізген. Нәтижесінде популяция, түр тармағы, түр түзіледі.
Популяция-бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, дербес генетикалық жүйе құрайтын, бір түрге жататын даралардың жиынтығы; белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендейтін және бірнеше ұрпақ бойы өсіп-өнетін бір түр даралары.
Популяция терминін алғаш рет 1903 жылы В.Иогансен енгізген.
Популяцияның өзгеруі. Популяцияның шекарасы, даралардың саны ұдайы өзгеріп отырады.
Өзгергіштік және тұқым қуалаушылық.
Өзгергіштіктің 2 түрі бар.
1.Айқын (топтық) күтімнің ауысуына байланысты фенотиптік көрініс.
2.Айқын емес (жеке) тұқым қуалайды. Мутация.
Мутация-кенеттен болатын тұқым қуалайтын өзгергіштіктің тұрақты түрі.
1.Гендік мутация ДНК молекуласындағы нуклеотидтердің орын ауыстыруы;
2. Хромосомалық мутация хромосомалардық құрылымы өзгереді;
3. Геномдық мутация хромосоманың саны өзгереді;
4. Цитоплазмалық мутация ДНК молекуласы бар органоидтерде;
Бүршіктік вариация (соматикалық өзгергіштік)
Қолтұқымдармен іріктемелердің арасында болатын шағылыстыру комбинациялық өзгергіштік д. а.
Тұқым қуалаушылық-барлық организмдердің құрылысы мен қызметінің белгілерін сақтап, оны шыққан тегінен ұрпақтарына беру қасиеті.
Түр түзілу.
Түр түзілу үдерісінің типтері
ІІІ.Бекіту: 137 беттегі кестені талдау, Сынақөтем сұрақтарына жауап алу
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма:§30. Оқу. Деңгейлік сұрақтарға жауап дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |