Сабақ №4-5 Тақырыбы: Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау



бет2/2
Дата26.09.2023
өлшемі158,7 Kb.
#182512
түріСабақ
1   2
Байланысты:
3-4н. Практикалық сабақ 4-5

Роторлық бұрғылау кезінде (2 -сурет) қозғалтқыштың қуаты (11) лебедка арқылы роторға (4) мұнараның (19) орталығындағы ұңғыманың сағасының үстінде орнатылған айналмалы механизмге беріледі. Ротор бұрғылау бағанасын қашаумен (1) бірге айналдырады. Бұрғылау бағанасы жетекші құбырдан (5) және оған ауыстырғыш (3) көмегімен винттелген бұрғылау кұбырынан (2) тұрады. Түптік қозғалтқышпен бұрғылау кезінде қашау (1) білікке, ал бұрғылау бағаны қозғалтқыш корпусына (18) бекітілген. Қозғалтқыш жұмысы кезінде оның білігі мен қашау айналады, ал бұрғылау бағаны әдетте, ротормен айналмайды. Сонымен, роторлық бұрғылау кезінде қашаудың жынысқа терендеп енуі ұңғыма осі бойымен жылжып отыратын айналмалы бұрғылау бағанасы арқылы жүреді, ал түптік қозғалтқышпен бұрғылау кезінде - айналмайтын бұрғылау бағанасы арқылы жүреді.

2-сурет. Роторлық және турбиналык, тәсілдермен және электрбұрғы көмегімен ұңғымаларды бұрғылау қондырғысы.
1 - қашау; 2 - бұрғылау құбырлары; 3 - ауыстырғыш; 4 - ротор; 5 - жетекші құбыр; 6 - тік люг; 7 - ілгек; 8 - белдік блок; 9 - белдік арқан; 10 - шығыр; 11 - шығыр мен ротор қозталтқыштары; 12 - бұрғылау сорғысы; 13 - сорғы қозғалтқышы; 14 - қабылдау сыйымдылығы; 15 - науа; 16 - айдайтын құбыр; 17 - бұрғылау құбыршегі; 18 - түптік қозғалтқышы (роторлық бұрғылау кезінде қолданылмайды), 19 - мұнара; 20 - шеген құбырлар; 21 - шеген құбырлар айналасындағы цементтік қоршау; 22 - шахталық бағыт.

Айналмалы бұрғылаудың өзіне тән ерекшелігі - түптік қашаудың жұмыс істеп тұрған барлық уақыты кезінде ұңғыманы сумен немесе арнайы дайындалатын сұйықтармен жуу болып табылады. Ол үшін қозғалтқыштан (13) іске қосылатын екі (бір немесе үш болуы сирек) бұрғылау сорғылары (12) көмегімен жуғыш сұйықтық құбыр (16) арқылы мұнараныңт (19) оң бұрышында бекітілген қадауша-құбырға айдалады, одан әрі майысқақ бұрғылау құбыршегіне (17), тік люгке (6) жене бұрғылау бағанына барады. Қашауға жеткен соң, жуғыш сұйықтық онда бар тесік арқылы өтіп, ұңғыма қабырғасы мен бұрғылау бағаны арасындағы сақиналық кеңістік бойымен беткі қабатқа көтеріледі. Мұнда науада (15) және тазартқыш механизмдерде жуғыш сұйықтық бұрғыланған жыныстардан тазартылады, содан соң бұрғылау сорғылардың, қабылдау сыйымдылықтарына (14) түседі және қайтадан ұңғымаға айналады.


Ұңғыма терендеген сайын кронблоктан, белдік блоктан (8), ілгектен және белдік арқаннан (9) тұратын полиспасты жүйеге ілінген бүрғылау бағаны ұңғымаға беріледі. Жетекші құбыр (5) ротордың (4) бүкіл ұзындығына еңгенде, шығырды қосады, жетекші құбырдың бар ұзындығына бұрғылау бағанын көтереді және элеватор немесе ротор үстеліндегі сыналар көмегімен бұрғылау бағанын іледі. Содан соң, алдын ала көлбеу ұңғымаға (шурфқа) ұзындығы жетекші құбырдық ұзындығындай етіп бекітілген жетекші құбырды (5) тік люкпен (6) бірге винтің бұрап ашып, айналдыра қойылған құбырларға ағызады. Бұл ұңғыманы алдын ала мұнараның оң бұрышына оның орталығынан аяғына дейінгі арақашықтықтың шамамен ортасына бұрғылайды. Содан соң,
бұрғылау бағанын оған екіқұбырды (екі винттелген құбыр немесе ұзындығы 12 м жуық бір ққбыр) бұрап винттеу арқылы ұзартады (өсіреді), оны элеватордан немесе сыналардан алып, ұңғымаға екі құбыр ұзындығына түсіреді, элеватор немесе сыналардың көмегімен ротор үстеліне іледі, шурфтан жетекші құбырды тік люкпен көтереді, оны бұрғылау бағанына винттеп бекітеді, бұрғылау бағанын сыналардан немесе элеватордан босатады, қашауды түпке дейін жеткізеді де, әрі қарай бұрғылауды жалғастырады.
Тозған қашауды ауыстыру үшін ұңғымадан бүкіл бұрғылау бағанын көтереді, содан соң оны қайта түсіреді. Түсіру-көтеру жұмыстарын сонымен қатар полиспасты жүйе көмегімен де жүргізеді. Шығыр барабаны айналған кезде, белдік арқан барабанға оралып немесе одан шешіліп, белдік блок пен ілгектің көтерілу немесе түсуін қамтамасыз етеді. Ілмекке штроптар мен элеватор көмегімен көтерілген немесе төмен түскен бұрғылау бағанын іледі.
Бұрғылау бағанын көтерген кезде оларды бұрап, секцияларға бөледі, ал олардың ұзындығы мұнара биіктігімен анықталады (мұнара биіктігі 41 м жуық). Бұрап алынған секцияларды шамдар деп те атайды, оларды мұнара фонарының шамдалына орнатады.
Бұрғылау бағанасын ұңғымаға кері ретпен түсіреді. Сонымен, ұңғыма түбіндеге қашаудың жұмыс жасау үдерісі бұрғылау бағанын ұзарту кезінде және тозған қашауды ауыстыру кезіндегі түсіру-көтеру жұмыстарымен тоқтатылып отырады.
Түп қозғалтқыштарының екі түрі бар - турбобұрғы және электрбұрғы кең қолданылады.
Турбобұрғымен бұрғылау кезінде турбобұрғы білігінің айналуы, бұрғылау бағаны бойымен турбобұрғыға келетін жуғыш сұйықтықтың ағынының гидравликалық энергиясының, қашауы берік байланысқан турбобурты білігіне түсетін механикалық энергияға айналуы есебінен болады.
Электробұрғымен бұрғылау кезінде энергия оның қозғалтқышына, секциялары бұрғылау бағаны ішінде концентрлі бекітілген кабель бойымен беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет